94
Дисперсия -
бас жиын немесе іріктеу жиынының жекелеген мәндерінің орта
көрсеткіштерден ауытқуы. Дисперсия неғұрлым жоғары болса, зерттеуді
жалғастыру үшін, іріктеу жиынын соғұрлым көлемді болуы қажет.
Пилотажды зерттеу
-
зерттеудің негізгі процедуралары мен әдістеме
сапаларын тексеруге арналған зерттеу.
Табиғи зерттеу (полевое исследование)
- объектіні табиғи жағдайларда
ақиқаттық айнымалылардың арасындағы байланыстарда зерттеу болып
табылады.
Фундаменталды зерттеу
- белгісіздік дәрежесі жоғары жаңа құбылыстар мен
табиғат заңдарының ашылуы мен қоғамның ғылыми біліктілігін арттыру мен
оларды тәжірибеде қолдануға арналған зерттеулер.
Қолданбалы зерттеу
- жаңа немесе қазірдің өзінде белгілі құбылыстар мен
табиғат заңдарын ары қарай жетілдіру мақсатында шыққан нәтижелерін адам мен
қоғамның практикалық қызметінде пайдаланатын зерттеулер. Ол нақты
тәжірибелік міндетті шешу үшін пайдалануы тиіс білімдерді алу мақсатында
жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: