БоөЖ 2 Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері


Асқазанның меншікті бездері



бет2/4
Дата30.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#155685
1   2   3   4
Байланысты:
БОӨЖ 2БХ bdb95bcee912f1e2b944fe8f34df0cff

    Бұл бет үшін навигация:
  • Қарын

Асқазанның меншікті бездері.

Асқазанның меншікті бездері бәрінен де көп болып келеді. Адамда олардың саны шамамен 35 млн. Бұл безде құрылысы жағынан қарапайым тармақталмаған кейде өте нашар тармақталған түтікшелі бездер болып келеді. Әр бездің қылтасын, мойынын, денесін және түбін ажыратады. Денесі және түбі бездің секреторлық бөлімін, ал мойыны мен қылтасы оның шығарушы өзегін құрайды. Асқазанның меншікті бездерінде безді жасушалардың негізгі 5 түрі бар. Олар: экзокриноциттер, париетальды экзокриноциттер, шырышты мойындық мукоциттер, эндокриндік (аргирофильдік), жетілмеген (дифференцияланбаған) эпителиоциттер.

Қарын

Қарын — құрсақ қуысының жоғары бөлімінің сол жағында, көкеттің астында орналасқан асқорыту жолының кеңейген мүшесі. (Абай атамыздың: «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» деген ой тұжырымы естеріңде болар.) Қарын – іші қуыс қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта орналасқан. ішкі кабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді, ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер болады .

Өт

Ас қорыту процесінде өт маңызды рөл атқарады. Өт ұйқы безі сөлі мен ішек сөлі құрамы ндағы ферменттердің әрекетін жандандырады, оның құрамы ндағы өт қышқылдарының тұздар ы майларды эмульсиялап, олардың қорытылуын жеңілдетеді, майлардың ыдырау өнімдерінің сінуін қамтамасыз етеді. Өт ішек қимылын күшейтіп, қарыннан өткен қышқыл жынды бейтараптайды, ішек қуысында ферменттер ерекетіне қолайлы жағдайлар туғызады, майда еритін А, Д, Е, К дәрмендәрілерінің сіңуін жеңілдетеді. Төулігіне адам 700 -1200 мл, ит - 200- 300 мл, қой - 800100 мл, шошқа - 2,5 - 3 л, жылқы - 5-6 л, ірі қара - 7-9 л өт бөледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет