- Бос тұз қышқылы жоқ асқазанның гипосекрециясы кезінде ас қорытудың қатты бүзылыстары байқалады. Бұл кезде пепсиннің белсенділігі төмен болғандықтан нәруыздардың ыдыратылуы болмайды. Тұз қышқылының аз өндірілуі асқазан жасушаларымен гастриннің өндірілмеуінен болғандықтан асқазанның кардиалдық қысқышы жабылмай, ашық тұрады. Сондықтан жүрек қыжылы, кекіру пайда болады. Тұз қышқылы болмағандықтан асқазанда бактериялардың өсіп-өнуі көбейіп кетеді. Осыдан тағамдық заттардың ашып кетуі, іріп-шіруі ұлғайады. Тағамдық заттар асқазанда ұсталмай, тез үлтабарға ауысады, ұйқы безінің сөлі аз бөлінеді, тағамдық заттар толығынан ыдыратылмай, аш ішекке түсіп, оның перисталтикасын күшейтеді, қатты іш ету байқалады. Осыдан витаминдердің жеткіліксіздігі, дененің сусыздануы, зат алмасуларының бүзылыстары, қан жүйесінде өзгерістер т. с. с. қүбылыстар пайда болады.
- Ахлоргидрия жиі ахилиямен қабаттасады. Ахилия деп асқазан сөлінде ферменттердің болмауын айтады. Ахилия атрофиялық гастриттің соңғы сатысында, асқазан обырында, пернициоздық анемия кездерінде байқалады. Сонымен: бірге, дененің уыттанулары кездерінде, бауыр және эндокриндік бездердің ауруларында салдарлық ахилия дамуы мүмкін.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 1. Березов Т. Т., Коровкин Б. Ф. Биологиялық химия, Мәскеу, 2004. 2. Плешкова с. м. және басқалар. Биохимияны өз бетінше зерттеуге арналған оқу құралы, 2009, 3-бөлім. 3. Ашмарин и. П. және басқалар. Нейрохимия. Биологиялық және медициналық университеттерге арналған оқулық, Мәскеу, 1996.
Достарыңызбен бөлісу: |