Жауап эталоны
- Босанғаннан кейінгі эндометрит
- Жедел босану үйіне жатқызу.
- Кіші жамбас ағзаларының УДЗ. ЖҚА. ЖЗА. Консилиум шақыру
№6 Ситуациялық есеп
Жүктіліктің 24-ші аптасында әйелде анемия тез өсе бастады. Қанның жалпы талдауында: эритроциттер – 2,7*1012/л, гемоглобин – 90 г / л, анизоцитоз, пойкилоцитоз, бірлі-жарым мегалобластар, мегалоциттер, ретикулоциттер-0,2 %.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
-Сіздін тактикасыңіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер керек?
Жауап эталоны
- Анемия жеңіл түрі
-ЖҚА ЖЗА
- терапевт кеңесі
- гематологтың кеңесі
№7 Ситуациялық есеп
ФАП фельдшеріне 29 жастағы жүкті әйел әлсіздікке,көтеріңкі шаршаушылыққа шағымданды.Анамнезінде бір жыл бұрын асқынусыз бір шұғыл босану көрсетілген.
Тексеру кезінде терісі бозғылт, пульсі минутына 82 соққы. АҚ 120/80 мм сын.бағ. Жатыры жүктіліктің 24 аптасына дейін үлкейген, қалыпты тонуста. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 136 соққы. Жыныс жолдарынан бөліністер жоқ.
Перифериялық қан зеріттеу кезінде гемоглобин-92 г / л, түс көрсеткіші – 0,8, ретикулоциттер – 12‰.
Тапсырма
- Болжамды диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз.
- Сіздін тактикасыңіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеулер керек?
Жауап эталоны
- Анемия жеңіл түрі
-ЖҚА ЖЗА
- терапевтың кеңесі
- гематологтың кеңесі
№8 Ситуациялық есеп
28 жастағы жүкті әйел М іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға, жүрек айнуына, бір рет құсқанына шағымданды. Жүктілікке 24 апта.Ауырғанына 5-6 сағат болған. Ауырсыну эпигастральдық аймақта пайда болып, содан кейін іштің оң жартысына ауысты. Температура 37,5 С.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері тусі әдеттегідей. Пульс минутына 94 соққы, АҚ 110/70 мм сын.бағ. Тілі құрғақтау, ақ жабындылы.Іші кеппеген,жұмсақ, оң жақ мықын аймағында пальпация кезінде ауырсынады. Іш құрылысының тітіркену белгілері оң жақта әлсіз он. Жатыр қалыпты тонуста, жүктіліктің 24 аптасына дейін үлкейген.
Қанның жалпы талдауында: гемоглобин – 115 г/л, лейкоциттер – 10 х109/л, п – 13%, с – 65%, СОЭ-20 мм/сағ.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз. Диагнозды нақтылау үшін қандай әрекет керек?
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |