Жауап эталоны
- болжамды диагноз: аппендицит
- қабылдау бөліміне жіберу.
- ОАК ОАМ
- хирург кеңесі
- Кіші жамбас ағзаларының УДЗ
№9 Ситуациялық есеп
Жүкті С., 25 жаста, жүктіліктің 8 аптасында фельдшерге жүгінді. Температураның субфебрильді сандарға дейін жиі көтерілуі, бұлшықет ауыруы, жалпы әлсіздік өршуі және жұмыс қабілетінің төмендеуі, жүрек соғысының кезеңді ауытқулары және қатты бас аурулары туралы шағымданды.
2 ай бойы ауырады. Қараған кезде азып кеткен, терісі бозарған, бөрітпесіз. Мойын, қолтық асты, шатлимфа түйіндері үлкейген, тығыз өлшемі + 1,5 см, пальпация кезінде сезімтал. Пульс минутына 104 соққы, ырғақты. АҚ-100/70 мм сын.бағ. Жүрек соғысы ырғақты, тұйықталған, жоғарғы жағында систоликалық шу естіледі. Үлкейген бауыр пальпацияланады. Бұлшықет пальпациясында орташа ауырсыну байқалады.
Тексеру кезінде токсоплазмоз анықталды.
Тапсырма
-Диагноз қойыңыз және оны негіздеңіз. .
-Жүргізу тактикасын анықтаңыз. Диагнозды қою үшін қандай тексеруле қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |