Экстрагенитальды аурулар және жүктілік:Анемия, жүрек-қантамыр аурулары, себептері, белгілері, диагностикасы,
Экстрагенитальді патологиясы бар жүктілерге, босанатын және
босанған әйелдерге көмек көрсетудің өзіндік ерекшелігі бар. Ішкі
мүшелер аурулары мен жүктіліктің қабаттасуы 12-14% кездеседі.
Мұның көбі жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең
ағымын қиындатып, нәресте дамуына кері әсерін тигізеді. Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары.
Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезең жүрек
және тамыр ауруларының көпшілігінің ауыр түрде
өтуіне жағдай жасайды. Жүректің тарылуымен
қабаттасқан екі қақпалы клапанының ақауы және
ревматоидтік этиологиялы аурулар (эндокард,
миокардтың зақымдануы), септикалық эндокардит,
стенокардия өте қауіпті болып саналады. Жүрек әрекетінің бұзылысы және жүрек қан
айналымының аурулары босану, әсіресе қудалау
кезеңінде оңай пайда болады. Толғақ кезінде жүйке
және бұлшық ет жүйесінің қатты ширығуы жүрек
әрекетінің бұзылысына әкеліп соғады. Нәресте
туғаннан кейін коллапс (іш қуысы қысымының
төмендеуі әсерінен) басталуы мүмкін.
Декомпенсацияланған жүрек ақаулары
кезінде жүктілік мезгілінен бұрын босанумен
аяқталуы мүмкін; босану кезінде жиі нәресте
асфиксиясын байқауға болады. Жаңа туған
нәрестелерде өмірінің алғашқы күндерінде
қаңқаішілік босану жарақаты симптомдары
аңғарылады. Митральді клапанның компенсирленген
жетіспеушілігі кезінде жүктілікке байланысты жүрек
жұмысы мен қан айналысының бұзылысы сирек
болады. Босану да әдеттегідей қалыпта өтеді, тек
компенсация болуы мүмкін.
• Жүрек ақаулары бар кейбір науқастарда жүрек
жұмысының компенсация босанудан кейінгі кезеңде
басталады. • Жүрек-тамыр жүйесінің ауруларын дер кезінде
анықтап отыру үшін барлық жүкті әйелдерді кеңеске
алғаш келген бетінде-ақ мұқият тексеріске (анамнез,
қарап тексеру, аускультация, перкуссия, тамыр
соғысын, артерия қысымын тексеру) алу қажет.
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары бар жүктілерді
акушер-гинеколог және терапевт дәрігерлерге
бағыттайды. Денсаулыққа қауіпті саналатын
ауруларды (митральді саңылаудың тарылуы,
эндокардит, миокардтың зақымдалуы, стенокардия,
т.б.) емдеу барысында әсері тиімсіз болса, жүктілік
ерте кезеңде (12 апта) үзіледі. Егер әйел кеңеске
жүктіліктің 12 аптасынан кейін келсе, жүйелі түрде
емдеу және жүктілікті одан әрі жүргізу сұрақтарын
шешу үшін стационарға жатқызылады. Егер
қолданылған емнен кейін де жүкті әйел жағдайы
жақсармаса, жүктілікті үзу (кесар тілігі, т.б.) туралы
сұрағы шешіледі. • Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары кезінде босану
әрекеті жүрек дәрілерін, глюкоза, оттегіні кең қолдану
арқылы өткізіледі. Толғақты болдырмау мақсатында
босануды акушерлік қысқыштар салу жолымен
аяқтайды. Клапан жетіспеушілігі басым келетін
компенсирленген митральді ақауы бар әйелдерде
босану өз бетімен болуы мүмкін.
• Бала туысымен коллапстың алдын алу үшін ішке
ауырлық (құм салынған қапшық) қояды немесе жедел
түрде дәкемен орап тастайды.
• Босанудан кейінгі кезеңде науқастар қатаң төсек
тәртібін сақтайды. Босану үйінен босанудан кейінгі 3
аптадан соң ғана шығарылады. Босану үйінен
шыққан әйел жүйелі түрдегі дәрігер бақылауына
алынады, себебі жағдайдың төмендеуі босанған соң
бірнеше апта немесе айлардан кейін басталуы
мүмкін.
Анемия-Қан ауруы.
Жүктілік кезінде жиі анемия ауруын байқауға болады.
Гемоглобин санының төмендеуін ағзадағы темірдің нәресте
қажеттілігіне жұмсалуымен байланыстыруға болады. Анемия
қабылданған ас құрамынан темірді қажетті түрде өндіру
алмауына апарып соғатын дұрыс тамақтанбау, ас қорыту
мүшелер жұмысының бұзылуы және басқа ауруларға
байланысты пайда болады.
Тамақтанудың дұрыс тәртібі және емдеу әсерінен гемоглобин
саны өседі. Жүкті әйелге жеміс пен көкөністер, бауыр,
дәрумендер, темір препараттарын қабылдау ұсынылады.
Ас қорыту мүшелерінің зақымдалуы және басқа аурулар кезінде
сәйкес ем түрі қолданылады.
Қатерлі қан аздық жүктілік кезінде тез өрбиді, сол себепті
жүктілікті үзу көрсетілген.
Жүктілік л е й к о з ауруының ағымына кері әсер тигізеді, науқас
жағдайы әдетте төмендейді, науқас соңы босану кезінде немесе
босанудан кейін қан кетуден болған өліммен аяқталуы мүмкін.
Лейкозды диагностикалау кезінде шешуші рольді қанды тексеру
процесі атқарады.