Жүктіліктің І үштігіндегі себептер:
Гормональді қызметтің жетіспеушілігі
Гиперандрогения
Гипотиреоз, гипертиреоз
Жатыр даму ақаулары
Иммунологиялық бұзылыстар
ІІ үштіктегі себептер:
Плацентарлы жетіспеушілік
Истмико-цервикальді жетіспеушілік
Антифосфолипидті синдром
Урогенитальді инфекция
ІІІ үштіктегі себептер
Жүктілік асқынулары
Экстрагенитальді аурулар
Урогенитальді инфекция
Жүктілікті көтере алмаушылық — ұрықтанудан бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі.
Түсік –22 аптаға дейін жүктіліктің үзілуі, ұрық салмағы 500гр Жасанды—дәрілік заттармен немесе инструментальді жолмен шақырылған түсік.
Өздігінен түсік —табиғи себептерден туындаған түсік
Криминальді (ауруханадан тыс, заңсыз) аборт —заңды құқығы жоқ адаммен, медициналық мекемеден тыс жерде жүргізілген түсік
Медициналық түсік —12 аптаға дейін медициналық мекемеде әйел қалауы бойынша жүктінің ауруларына байланысты жүргізілген түсік.
Ерте түсік —Жүктіліктің 16 аптасына дейінгі түсік.
Дамымаған түсік —Эмбрион өліп, бірақ жатырдан шықпаған түсік.
Үйреншікті түсік —3 және одан көп болған өздігінен түсік
Кеш түсік —Жүктіліктің 16-22 апта мерзіміндегі түсік.
Жүктіліктің үзілуіне әкелетін факторлар:
Аналық
Плацентарлы
Ұрықтық
Орта факторлары