Босанудан кейінгі қан кету
Босанудан кейінгі қан кету – табиғи босану жолдары арқылы босануда 500 мл-ден артық және кесар тілігі операциясында 1000 мл-ден артық қан кетуді құрайтын клиникалық маңызы бар қан кету.
Топтастыруы
Босанудан кейінгі ерте қан кету – босанудан кейінгі алғашқы 24 сағат ішіндегі қан кету.
Босанудан кейінгі кеш қан кету – босанудан 24 сағат өткеннен кейінгі қан кету.
Қауіптілік факторы:
-жедел түрде жасалатын кесар тілігі операциясы;
-жоспарлы кесар тілігі;
-жатыр қуысында плацента және оның бөлігінің қалып қоюы -ұзаққа созылған босану процесі (12 сағаттан астам); -ірі салмақтағы бала (4 кг-нан артық);
Жоғалтқан қан мөлшерін анықтау әдістері
Визуальды әдіс (30 пайыз қателік);
Гравиметриялық әдіс – операциялық материалды өлшеу (15 пайыз қателік);
Өлшейтін ыдыстармен есептеу (кружка, өлшейтін сызығы бар лоток);
Гематокрит деңгейінің қалыпты шамадан 10 пайызға төмендеуі;
Босанудан кейінгі кезеңдегі қан кетудің қадамдық емі
№ 1 қадам
Бастапқы бағалау
Бос қызметкерлерді біріктіру: (оперативті техниканы толық меңгерген тәжірибелі акушер-гинекологты, анестезиолог - реаниматологты, лаборантты көмекке шақыру);
Жоғалған қан көлемін бағалау;
Науқас жағдайын бағалау және ағзаның өмірлік маңызы бар қызметтерін (қан қысымы, тамыр соғысы, дене қызуы, тыныс алу жиілігі) бақылау;
Қуықты катетерлеу - қуық бос болуы тиіс;
Жоғалған қан мөлшеріне 3:1 қатынасында кристаллоидтар құюды бастау үшін 1 немесе 2 перифериялық көк қан тамырын катетерлеу (№№ 14-16G);
Әйелді жылыту ( одеял жабу, ылғалданған жаймаларды құрғаққа ауыстыру);
Қан тобын, резус факторын, қан тиістілігін тексеру;
Себептерді анықтау: жатырды зерттеу (тонус, тіндер); босану жолдарын қарау (жарақат);
№ 2 қадам – этиотропты ем
«Тонус»
|
«Ткань»
“Тіндер”
|
«Травма»
“Жарақат”
|
«Тромбин»
|
Жатырға массаж жасау;
Утеротониктер
Жатырға екі қолды; компрессия жасау;
|
Жатыр ішін қолмен тексеру
(кейбір жағдайларда кюретаж);
|
Айнамен қарау;
Босану жолдарының жұмсақ тіндерін тігу;
Жатыр жыртылуын
да лапаротомия;
Жатырдың сыртқа айналып кетуінде - түзету;
|
Қан орнына жүретін сұйықтықтар құю
(СЗП - мұздатылған плазма,тромбоцитарлық плазма);
Антифибринолитиктер;
|
Достарыңызбен бөлісу: |