Босанудан кейінгі қан кету


Жатыр атониясында утеротониктерді қолдану



бет2/2
Дата09.06.2022
өлшемі0,57 Mb.
#146302
1   2
Байланысты:
қан кетумен күресу

Жатыр атониясында утеротониктерді қолдану



ПАРАМЕТРЛЕР

ОКСИТОЦИН

Бастапқы дозасы және
енгізу әдісі

10 ЕД - бірлік жамбасқа немесе
5 ЕД - бірлік тамырға жәйләп;



Қайталау дозасы

20 ЕД - бірлік тамырға тамшылатып, 1 литр ерітіндіде минутына 60 тамшы;



Ең жоғарғы дозасы

Окситоцины бар 3 литр сұйықтық;



Қауіпті жанама әсерлері

Тамырлар бұлшық етінің босаңсуы;



Қарсы көрсетпелері, ескертпелер;

-


ПАРАМЕТРЛЕР

простагландин

Бастапқы дозасы және енгізу әдістері

0,25 мг жамбасқа немесе жатыр мойнының бұлшық етіне. Бұл өмірге қауіпті болуы мүмкін.

Қайталау дозасы

0,25 мг әрбір 15 минут сайын

Ең жоғарғы дозасы

8 доз (2 мг).

Қауіпті жанама әсерлері

Гипотония, тахикардия, тыныс алу жиілігінің өсуі, құсу, жүректің айнуы, бастың ауруы, гипертониялық криз түріндегі парадоксальды реакция

Қарсы көрсетпелері, ескертпелері

Тамыр ішіне салуға болмайды.
Астма

Жатырды екіқолды бимануальды жаншу

Зарарсыздандырылған биялайды киіп, қынапқа қолды кіргізіп, қолды жұдырыққа түйіңіз.


Жұдырықты қынаптың алдыңғы күмбезіне орналастырып, жатырдың алдыңғы қабырғасын жаншып қысыңыз.


Қынапқа кіргізілген бірінші қолдың бағытына қарай екінші қолмен алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырдың артқы қабырғасын қысыңыз.


Қан кету тоқтағанша және жатыр жиырыла бастағанша жаншып қысуды жалғастырыңыз.





Қан кету жалғасқанда:
Барлық бос қызметкерлерді жинау (көмекке қосымша бөлім меңгерушісін, анестезиолог-реаниматологты (егер бұрын шақырылмаса) лаборантты - қайта, қан құюға жауапты маманды шақыру керек);
Кеткен қан мөлшерін есептеу;
Әйел жағдайын қадағалау және ағзаның маңызды қызметтерін бағалау (қан қысымын, тамыр соғысын, дене қызуын, тыныс алу жиілігін), интенсивті бақылау картасын жүргізу арқылы бақылау жасау;
Қан жоғалу мөлшеріне қарай 3:1 қатынасында кристаллоидтар құюды жалғастыру; Ары қарай инфузиялық емнің бағдарламасы анестезиолог-реаниматологпен бірге құрастырылады;

Операциялық бөлмені дайындау (кештен ертерек болғаны дұрыс);


Зертханалық тестілер жүргізу: қанның клиникалық анализі (гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, қанның ұю уақыты, коагулограмма);
Науқасты бүйір қапталына жатқызып, жылыту қажет (бірақ қатты ысып кетпеуі керек) – ылғал жайманы құрғаққа ауыстырып, қосымша одеяло беру керек;
Маска арқылы минутына 8 л жылдамдықта болатындай оттегімен қамтамасыз ету;
Қан препараттарының болуын қамтамасыз ету: қажет мөлшерде СЗП-мұздатылған плазма, эритромасса;

3 қадам. Қан кетудің уақытша тоқтату әдістері :


Алдыңғы іш қабырғасы арқылы құрсақ аортасын жұдырықпен қысу;

Басу нүктесі кіндік үстінде және сәл солға жақын болады;


Босанудан кейінгі ерте кезеңде аорта соғысы алдыңғы іш қабырғасы арқылы оңай анықталуы мүмкін;


Қысудың толыққандылығын бағалау үшін екінші қолмен аяқ артериясының соғысын сипалау арқылы білуге болады;


Егер тамыр соғысы сезілсе, онда жұдырықпен жасалған қысым жеткіліксіз және керісінше болғаны;





4 қадам


Лапаротомия – кезең-кезең жасалатын гемостаз

Жатырға 1 доза (0,25 мг) простагландин инъекциясын жасау;


Хирургиялық жаншу тігістерін салу: Линча әдісі бойынша;


Рет-ретімен тамырларды байлау;

Толықтай және жартылай гистерэктомия жасаңыз-жатырды алып тастау





Инфузиялық емнің принциптері

Айналым қанының көлемін қалпына келтіру үшін (тамырішілік көлем) жоғалтқан қан мөлшерінің көлемінен 3 есе артық болатындай етіп, кристаллоидты ерітінді құю керек;


Гиповолемияны жою үшін декстроза (глюкоза) ерітінділері қолданылмайды;
Ең тиімді орын басатын сұйықтық тек қана физиологиялық ерітінді (0,9% пайызды хлорлы натрий ерітіндісі немесе тұзды ерітінділер (плазма, Рингер-Лок ерітіндісі) болып табылады;


Гемотрансфузия көрсеткіштері:

Эритроцитарлық массаны құю қанның оттегі – тасымалдық қызметін қалпына келтіруге қажет болады. Көп жағдайларда көрсеткіші гемоглобин мөлшерінің 70 г/л-ден аз болуы және жалғасып жатқан қан кету болып табылады.


* Егер науқаста жүрек және өкпе қызметтерінің төмендеуі (тахикардия, ентігу) байқалған жағдайда, гемоглобин мөлшерінің жоғары болуына қарамастан, эритроцитарлық масса құю қажет етіледі;





  • Бүтін қанды, эритроцитарлық массаны немесе плазманы құю әйелді жедел түрде жоспарлы операцияға дайындау мақсатында жүргізіледі;




  • Гемотрансфузия қатынасы трансфузиялық сұйықтықтардың жалпы көлеміне шаққанда 1:5 құрайды;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет