Ботагариев Т. А. 2009 жыл Жалпы тарих кафедрасы



бет3/37
Дата22.08.2017
өлшемі4,02 Mb.
#24285
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

ОЖСӨЖ мазмұны: 8 – 15 апта арлғында ОЖСӨЖ есеп беру.

СӨЖ мазмұны: реферат дайындау.
2 кредит сағат

28 дәріс



Тақырып: ХҮ – ХҮІІ ғ.ғ. 1 жартысындағы Европаның саяси картасы.

Дәрістің мазмұны: ХҮІ – ХҮІІ ғ. Европа мемлекеттерінің сыртқы саясятының негізгі бағыттар. Европада Италияның сыртқы саяси басымдылық кезеңі.

Әдебиет:

  1. История дипломатии. М., 1959. Т.1,2.

  2. Дипломатический словарь. 1 – 4 т. М.1973.

  3. Черняк Е.Б. Вековые конфликты. М., 1989.

  4. История международных отногении Т. 1,2.

  5. Мишина Л.Е. Становление современной цивилизаций.

ОЖСӨЖ мазмұны: Әйгілі Рим империясының геосаяси блок ретінде жойылуы.

СӨЖ мазмұны: картамен жұмыс жасау.
3 кредит сағат

14 практикалық сабақ



Тақырып: Отыз жылдық соғыс.

Практикалық сабақ мазмұны:

  1. Отыз жылдық соғыстың себептері, алғы шарттары.

  2. Отыз жылдық соғыстың барысы, кезеңдері.

  3. Әскери қимылдар театры.

  4. Соғыстың аяқталуы, тарихи маңызы.

  5. Вестфаль бітімі.

Әдебиет:

1. История дипломатии. М., 1959. Т.1,2.

2. Дипломатический словарь. 1 – 4 т. М.1973.

3. Черняк Е.В. Вековые конфликты. М., 1989.



  1. История международных отношении Т.1,2.

  2. Мишина Л.Е. Становление современной цивилизаций.

Техникалық оқу құралдары: ХҮІІ Европа картасы.

ОЖСӨЖ мазмұны: 30 жылдық соғысқа қатысушы елдердің позициясын анықтау.

СӨЖ мазмұны: картамен жұмыс жасау.
15 апта

1 кредит сағат

29 дәріс



Тақырып: Орта ғасырларда білімнің, ғылымның және техниканың дамуы.

Әдебиет:

  1. История средних веков. /Под ред. З.В. Удальцевой и И.С.Карпова/. М.,1991. Т.2.

  2. Средневековая Европа глазами соременников и историков. \ Под ред. А.Л. Ястребицкая. М., 1995. Ч 1 – 4.

  3. Орта ғасырлар тарихы. Т.2.

  4. Оксфордский словарь.

  5. Советская историческая энциклопедия.

ОЖСӨЖ мазмұны: Білімнің, ғылымның және техниканың дамуына байланысты кесте толтыру.
2 кредит сағат

30 дәріс.



Тақырып: Орта ғасырлар тарихының даму ерекшеліктерінің шолу дәрісі

3 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Тақырып: Орта ғасырлардағы Шығыс өркениетімен Батыс өркениетін салыстыру.

ОЖСӨЖ мазмұны: Қорытынды емтиханға дайындық.

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ.




Жұмыс түрі

Тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты(аптасы)

Балл

Бақылау түрі

1

Реферат

Тақырып бойынша негізгі баяндама

Семинар тақырыбына байланысты

3 апта

5%(өзіндік жұмыс түрінде беріледі)

Реферат

2

ОЖСӨЖ тапсырмаларын орындау

Талдау және танымдық қабілетін арттыру.

Семинар тақырыбына байланысты

ОЖСӨЖ кестесі бойынша берілген уақыт шеңберінде

Тақырып бойынша 1-4 % дейін

Тапсырмалардың орындалуын, сұрақтарға жауап беру қабілетін тексеру.

3

Жазба жұмыс түрінде аралық бақылау

Ой қабілетін тексеру.

Бірінші жұмыс 1-4 тақырыптарға, екінші жұмыс 5-11 тақырыптарға байланысты.

№4 семинар

№11 семинар



Тапсырма бойынша әрбір семинар 8 % деп бағаланады.

Жазба жұмыстарын тексеру.

4

Емтихан

Білімді кешенді тексеру.







Тест.






4. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ.
Кафедра Жалпы тарих тьютор Қожабергенова Х.И. Мырзабаева Б.М.

Пән Орта ғасырлар тарихы.

Кредит саны 3










кітапханада

кафедрада

Студенттің қамтылу %

Электронды түрі

Ескерту

1

2

3

4

5

6

7

1

История средних веков. Под ред. З.В. Карпова. Т. 1,2. М., 1991

30

-

100

-

№3 корпус кітапхана

2

История средних веков. Под ред. С.Д. Сказкина Т 1,2. М., 1977

30

-

100

-

№3 корпус кітапхана

3

Практикум по История средних веков. Ч 1,2.

30

-

100

-

№3 корпус кітапхана

4

Неусыхин А.И.

Проблемы европейского феодализма. М., 1974.



10

-

20

-

№3 корпус кітапхана

5

Средневековая Европа глазами современников и историков.\ Под ред. А.А. Ястербицкой. М., 1995. ч. 1-4.

5

-

10

-

№3 корпус кітапхана

6

Хрестоматия по История средних

веков\.Под ред.

С.Д. Сказкина. М., 1961.


10

-

20

-

№3 корпус кітапхана

7

Орта ғасырлар тарихы. Ред. басқарған. С.Д. Сказкин. Алматы 1976 Т 1,2.

15

-

30

-

№3 корпус кітапхана

8

Орта ғасыр тарихы Қожабергенова Х.И.Орал 2004.

30

-

100

-

№3 корпус кітапхана

9

История, геграфия, культура Англии. Кертман Л.Е. М., 1989.

10

-

20

-

№3 корпус кітапхана

10

Сказкин С.Д.

Очерки по истории западно европейского крестьянства в средние века. М., 1968.



5




10

-

№3 корпус кітапхана



5. ПӘН БОЙЫНША ДӘРІСТЕРДІҢ КОНСПЕКТІСІ
1 Дәріс.

Орта ғасырлар Үғ. ІІ жартысы мен ХҮІІ ғасырдың ортасын алып жататын кезең. ХІІ ғ. шеңберінде Батыс Европаның экономикалық, қоғамдық, саяси дамуында орасан зор өзгерістер болды.



  1. Ерте орта ғасыр Ү-ХІ ғ.ғ.феодализм өндіріс әдісінің анықтаушы формасы ретінде енді-енді қалыптасып жатты.

  2. ХІ-ХҮ ғ.ғ. дамыған феодализм дәуірі. Феодалдық қатынастар әбден қалыптасып, орныққан.

  3. ХҮІғ.-ХҮІІ ғ. І-жартысы. Бұл тарихи кезеңде феодалдық қатынастар ыдырап, Батыс Европа елдерінде жаңа, озық капиталистік қатынастар қалыптаса бастады.

Орта ғасырлық қоғам мен мемлекет тарихының негізгі кезеңдері.

Ерте орта ғасыр - Ү-ХІ ғ. ортасы.

Мазмұны:


  1. Феодалдық қоғамның қалыптасуы.

  2. Феодалдық қоғамның негізгі экономикалық клеткасы-феодалдық поместьенің қалыптасуы.

  3. Феодалдық сословье мен феодалдық иерархияның қалыптасуы.

  4. Орта ғасырлық феодалдық Европаның негізгі идеологиялық күші болып саналған-котолик шіркеуінің ықпалының бүкіл Батыс Европаға тарауы.

Ерте орта ғасыр. ҮІ-Х ғ.ғ.

Батыс Европадағы антикалық тарихтан орта ғасырға өту проблемасы көптеген тарихшылар назарында болды. Буржуазия тарихнамасында екі теория үстем болды.



  1. Роман теориясы.

  2. Герман теориясы.

Біріншілері Ортағасырлық Европаның қоғамдық, саяси құрылысы рим правасының, мекемелерінің, әлеуметтік институттарының эвалюциясы негізінде қалыптасты десе

Екіншілері орта ғасырлық дүниенің басын рим дәстүрлерін жойған герман шапқыншылығынан, рим территориясын жаулап алған герман тайпаларының әлем-саяси тәртіптерінен іздеу керек деді. Бұл екі теория ХҮІІІ ғ. шыққан болатын, бірақ 1876 ж. ФР. Реакцияшыл тарихшысы Фюстель де Куланжының «Общ. учреждении древ. Франции» деген еңбегінің І-томының шығуымен қайта жанданды. Ф. де Куланж роман теориясын жаңа сатыға көтермекші болды.

Ескі теорияда бір-біріне жау теория болғанмен тарихты зерттеу методологиясы жағынан бір позицияда тұрды.


  1. Екі теорияда антикалық тарихтың орта ғасырмен ауысуын кейінгі герман және кейінгі рим қоғамының экономикалық, мәлеуметтік эвалюциясының нәтижесі деп қарамай, таза права дәстүрлерінің дамуы салдарында деп қарды.

  2. Сондықтан екі теория да ақыр аяғында осы екі дәірдің арасындағы терең ішкі төңкерілісті мойындамады. Яғни, ревалюциялық төңкерілісті мойындамады.

  3. Екі теория өкілдерінде де ұлттық шовинистік белгілер болды. Неміс тарихшылары бүкіл Европа тарихының негізі-германдық десе, фр. Тарихшылары Европа тарихындағы герман тайпаларының ролін жоққа шығарды.

Тұңғыш рет бұл даулы мәселені тереңғылыми негізде шешкен Энгельс болды. Ол Батыс Рим империясының өз ішіндегі өзгерістерге де және де герман қоғамының ішіндегі өзгерістерге де көңіл аударды.

Сондықтан біз ең алдымен Рим империясының өмір сүруінің соңғы кезеңінде, оның өз ішінде қандай терең өзгерістер жүрді, соған тоқталамыз.

Әлеуметтік және саяси дамуының өзіндік ерекшелігі мынада болды. Ерте феодалдық мемлекет жай құрылды. Дәлел: Х ғасырда Саксония, Тюрингия, Франкания, Бавария сияқты тайпалық герцоктіктер сақталды. Ал бұл жалпы Германияның дамуына үлкен кедергі жасады.

Дамыған орта ғасыр. ХІ ғ. ортасы-ХҮ ғ.

Мазмұны:


  1. Феодалдық қатынастардың толық қалыптасуы.

  2. Орта ғасырлық қалалардың шығуы. Цехтық қолөнер, орта ғасырлық қала тұрмысы.

  3. Қалалардың антифеодалдық күресі «ерікті қалалар», «қала-республикалардың» құрылуы.

  4. Орталықтанған ірі мемлекеттердің қалыптасуы, осыған сай король билігінің күшейуі.

  5. Сословиелік-өкілеттілік мекемелердің пайда болуы.

  6. Сословиелік-монархиялық саяси форманың қалыптасуы.

  7. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. шаруа көтерілістері.

Кейінгі орта ғасыр. ХҮІ ғ.-ХҮІІғ. І-жартысы.

  1. ХҮІІ ғ. феодалдық қатынастардың ыдырауы және осы қатынастар қойнауында капиталистік қоғам элементтерінің пайда болуы.

  2. Капиталдың алғашқы қорлану кезеңі.

  3. Европалық реформация және ерте буржуазиялық революциялар.

  4. Абсолюттік монархияның-мемлекеттің үстем формасы. Дворян сословьесінің саяси рөлі.

  5. Орта ғасыр тарихын оқуда бірнеше мәселелерге көңіл аударылады.

  1. Орта ғасыр тарихының кезеңдері туралы мәселе.

  2. Орта ғасырдағы мемлекеттердің қалыптасуы.

  3. Батыс Европа елдерінің саяси дамуы.

  4. Батыс Европа елдерінің аграрлық даму мәселелері.

  5. Орта ғасырлық қалалар, олардың пайда болуы жөніндегі теориялар.

  6. Реформация. Реформациялық қозғалыс т.б.

Европалық өркениет және оның қалыптасуы.

ХҮ ғасырда итальян гуманистері «орта ғасырлар» деген терминді тұңғыш ғылымда қолданған. Тарихнамадағы қалыптасқан пікір бойынша орта ғасырлар б.э. Ү ғ.-ХҮІІ ғ.

Орта ғасырлар батысевропалық өркениет үшін өте маңызды, себебі Батыс Европаның бүгінгі таңдағы саяси, экономикалық, мәдени дамуына орта ғасырлық дәуірдегі үрдістер мен оқиғалар тікелей әсерін тигізді. Бұл кезеңде буржуазиялық қатынастардың қалыптасуына ықпал жасаған протестанттық эстетика, қала мәдениеті дамып, сасловиелік-өкілеттік органдар өмірге келіп, құқықтық , азаматтық қоғам негіздері қаланды.

Батысевропалық орта ғасырлық қоғам дамуы үш кезеңнен тұрады.



  • Ерте ортағасыр дәуірі (Ү-Х ғ.ғ.) ортағасырлық қоғамның негізгі структуралары қалыптасады.

  • Классикалық ортағасыр (ХІ-ХҮ ғ.ғ.) ортағасырлық феодалдық институттар жете дамыды.

  • Кейінгі ортағасыр (ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.) бұл кезеңде жаңа қоғамдық буржуазиялық қатынастар негіздері қаланады.

Міне осы әрбір кезеңнің даму ерекшеліктері қандай болды.

Ерте ортағасырлық батысевропалық қоғам аграрлық қоғам болды. Ауыл-шаруашылығы экономиканың негізі. Ауыл-шаруашылығындағы еңбек қол еңбегі болғандықтан оның тиімділігі де төмен, тұтастай технико–экономикалық эвалюциясының қарқыны да баяу. Шаруашылықтың бұндай натуралды сипаты тауар-ақша қатынастарының дамуын тежеді, өнеркәсіп қолөнер және мануфактура түрінде ғана дамыды.

Қоғамның рухани, мәдени тұрмысында шіркеу үлкен роль атқарды. Хрестиан діні бірыңғай европалық өркениеттің қалыптасуының идеологиялық базасына айналды. Ерте ортағасыр ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы кезеңі. Мемлекеттердің формасы әр алуан: монархиялық, сословиелік-өкілеттік, абсолюттік. Жалпыевропалық ықпалдастық элементтері болды, бірақ мәдени және дін саласындағы байланыстармен қатар ұлттық мемлекеттердің оқшаулануы, яғни саяси бытыраңқылық осы дәуір сипатын анықтады.

Ортағасырлық қоғамда сословиелер қалыптасты. Негізгі сословиелер: дворяндар, дін иелері және халық. (халық деген түсінікке шаруаларды, қолөнершілерді сауда адамдарын біріктіруге болады). Әрбір сословиеның өзіне ғана тән құқықтары мен міндеттері болды. Сондықтан да олардың қоғамдық-саяси және экономикалық ролі де әр алуан.



Вассалитет жүйесі. Иерархиялық структура мен вассалитет жүйесінің қалыптасуы ертеортағасырлық қоғамның ерекше белгілері. Феодалдық иерархияның басында король-жоғарғы сюзерен. Бірақ оның билігі шартты сипаттағы билік. Ал Шығыс елдеріндегі билік шынайы абсолюттік монархиялық билік болатын, әрине батысевропалық қоғам бұндай деңгейге көтеріле алған жоқ.

Феодалдық иерархиялық құрылымның екінші басқышында король вассалдары тұрды. Олар: ірі феодалдар-герцогтар, графтар, архиэпископтар, эпископтар, аббаттар. Бұларға арнайы король грамотасымен иммунитеттік правалар берілді. Иммунитет правасын алғандар жергілікті жерлерде алым-салық жинады және сот, әкімшілік қызметтерін атқарды, кей жағдайларда өз монеталарын да шығарды, сондықтан да бұларды бағындару король үшін оңайға түскен жоқ..

Феодалдық басқыштың үшінші сатысында герцоктар, графтар, эпископтар вассалдары-барондар тұрды. Бұлардан төмен рыцорлар тұрды және вассалдық белгілер бірте-бірте төмендей берді. Шаруалар вассалдық жүйеге кірмеді.

Вассалитет жүйесі жер қатынастарын реттеудің негізі болды. Жер алған вассалға айналды, ал оны берген сеньор болып есептелінеді. Жер берудің әртүрлі шарттары болды, алайда басты мәселе сеньорға қызмет етуде болатын. Вассал сеньор жасағында қызмет атқарады, оның иеліктерін, атақ-даңқын қорғайды, тіпті қажет болған жағдайда сеньорды тұтқыннан да босатып алуға тиісті. Вассалдық жүйе орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуын белгілі бір дәрежеде тежеді.

Ертеортағасыр дәуірінде маңызды әлеуметтік-экономикалық процес феодалдық қатынастардың қалыптасуы болды. Жерге феодалдық меншіктің орнығуы екі жолмен жүрді:


  1. Шаруа қауымы арқылы. Шаруа жанұясы иеленіп отырған жер бөлігі әкеден балаға мұраға қалдырылды (ал Хильперик эдиктісі бойынша қыздарға). Сөйтіп қауымның меншігіндегі белгілі бір жер үлесі аллодтқа айналды. Аллодтың қалыптасуы ірі жериеленушіліктің қалыптасуының негізі болды.

  2. Феодалдық жериеленушіліктің қалыптасуының екінші жолы король немесе ірі жериеленушілердің жерді сыйға беру тәжіриебесі болды. Жерді сыйға берудің әртүрлі шарттары бар. Мысалы, әскери қызметі үшін берілетін жер бенефиция деп аталды. Бенифицилар бара-бара толық меншікке айналды, нәтижесінде феод қалыптасты. Феодалдық қатынастардың қалыптасуының бұл жолы Франк мемлекетінің тарихынан айқын байқалады.

Ерте феодалдық қоғамның әлеуметтік структурасын алатын болсақ ол да екі топ болды.

  1. Феодалдар, дін иелері және жер иеленушілер.

  2. Шаруалар-жер ұстаушылар. Шаруалардың өзі екі топқа бөлінеді: жеке басы ерікті шаруалар және тәуелді шаруалар. Бұлардың құқықтық, тұрмыстық жағдайлары әр алуан.

Классикалық ортағасыр дәуірінде феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі аяқталады да феодалдық қоғамның барлық структуралары ең жоғарғы дәрежеге көтеріледі. Бұл кезеңде Англия, Франция, Германия және т.б. ұлттық мемлекеттер қалыптасып бекиді. Король билігі әлі де абсолюттік дәрежеге жеткен жоқ. Сословиелік-өкілеттік монархиялық дәуір басталады, сословиелік-өкілеттік органдар-парламенттер құрылады. ХІІ ғ. аяғында Испания парламенті-кортестер пайда болды. 1265 жылы ағылшын парламенті құрылды. ХІҮ ғасырда Батыс Европаның көптеген елдерінде парламенттік жүйе қалыптасты. Парламенттер заң шығарушы және сот органдары ретінде қалыптасты, кейіннен парламент заң шығарушы функцияларға ғана ие болды. Король үкіметі мен парламент арасында үнемі теке-тірес қарама-қайшылықтар болды. Парламент сакциясынсыз король қосымша салық енгізе алмады, бірақ корольдің парламентті тарату, шақыру құқығы болатын.

Классикалық ортағасыр дәуірінде қоғамдық тұрмыстың тағы бір жаңалығы саяси партиялардың қалыптасуы болды. ХІІ-ХІҮ ғ.ғ. Италияда, Францияда саяси партиялар қалыптасып қоғам мәселелерін шешуде белгілі роль атқара бастады. Классикалық ортағасырда Батыс Европа елдерінде экономикалық даму жаңа сатыға көтерілді. Экономикалық тұрмыстың негізгі саласы ауыл-шаруашылығы болатын. Жаңа тың жерлер игерілді, сөйтіп ішкі колонизация процесі жүрді. Натуралды салықтар ақшалай салықтармен ауысты, еңбек өнімділігі артты, шаруашылықтың жаңа түрлері пайда болды. Шаруалардың басыбайлықтан босануы ауыл-шаруашылығының дамуына үлкен ықпал жасады.

Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі қалалар мен қала қолөнерінің дамуы болды. Париж, Милан, Флоренция сияқты қалалардың 80 мыңдай тұрғындары болды, және 4-6 мыңдай тұрғындары бар орта дәрежелі қалалар да өмір сүрді. Қалалар король және ірі феодалдар жерлерінде пайда болғандықтан ұзақ уақыт соларға тәуелді болды, сондықтан өздерінің еркіндігін алу үшін, яғни ерікті қалалар статусын алу үшін үнемі күрес жүрді. Ерікті қалалар салық жинау, қала финансын басқару, сот ісін жүргізу, ақша монеталарын шығару құқығына ие болды.

Қала тұрмысын анықтаған топ қолөнершілер болатын. ҮІІІ-ХІІІ ғ.ғ. қала қолөнер өндірісі дамыды. Қолөнер табыс көзіне айналды және құрметті мамандық болып есептелінді.

Қолөнершілер цехтарға бірікті, цехтық ұйым қолөнер саласының өмір сүруінің негізгі шартына айналды. Европа қалаларында орта есеппен жүздеген қолөнер цехтары жұмыс жасады, ал Париж қаласында 350-дей цех жұмыс жасаған болатын. Қала тұрғындарының арасында әлеуметтік жіктеліс байқалады. Қала патрициаттарымен қатар қатардағы қала тұрғындары, қала плебстері бар. Цехтық жүйе қалалардың гүлденуіне, экономикалық дамуына ықпал жасады, классикалық ортағасырлық дәуірде цехтар елеулі құбылысқа айналған болатын. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. цехтық ұйым экономикалық дамуды тежей бастады. Цехтық регламентация өндірістің дамуына, технологиялық жаңалықтарды енгізуге кедергі болды. Сөйтіп классикалық ортағасыр кезеңі аяғында цехтардың орнына өнеркәсіп өндірісінің жаңа формасы-мануфактуралар пайда болды. Ортағасырлық мануфактураларда жалдамалы еңбек қолданылды, еңбек өнімділігі артты, өндіріс салаларының мамандануы байқалды. Классикалық ортағасырлық дәуір тарихында университеттердің үлкен роль атқарғындығын байқаймыз. ХІІІ ғ. басында Париж, Оксфорд, Кембридж университеттері ашылды. Университеттік білім беру жүйесі ортағасырлық өркениеттің қалыптасуында маңызды роль атқарды. Университеттер арасында мәдени, ғылыми байланыстар орнықты, ұлттық жаңалықтар елге тез тарады. Мысалы, Джаванни Бокаччо (1313-1375) «Декамерон» шығармасы европаның барлық тілдеріне аударылды. 1453 жылдан басталған кітап басу Батыс Европалық мәдениетті қалыптастырды.

Классикалық ортағасырлық дәуірдегі европа елдерінің мәдени және экономикалық дамуының ерекшеліктері болды. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мәдениет, ғылым салалары Италияда дамыса, мемлекеттік құрылыс, мемлекетті басқару жүйесі Францияда тезірек қалыптасты, ал құқықтық дәстүрлердің дамуы Англияда елеулі табысқа ие болды. Англияның дамуының тағы бір ерекешелігі тауар ақша қатынастарының қалыптасуы және тұтастай экономиканың гүлденуі болды.

Кейінгі ортағасырлық дәуір (ХҮІғ.-ХҮІІ ғ.басы)-ұлы географиялық ашулардан басталады. Ұлы географиялық ашулардың көптеген. экономикалық, әлеуметтік, техналогиялық себептері болды. Географиялық ашулардың ішінде біз Христофор Колумб, Америго Веспуччи (1454-1512), Васко да Гамма (1469-1524) аттарын атап өтеміз.

Ұлы географиялық ашулар барысында Европа мен Шығыстың байланысы артты. Экономикалық өрлеу тарихи әдебиетте баға революциясы деген ат алды, Европа капиталдың алғашқы қорлану дәуіріне келіп кірді.

Ұлы географиялық ашулар барысында жаңа теңіз сауда жолдары ашылды. Шығыс пен Оңтүстік Европа саудасына монаполия орнатқан венецияндық көпестердің орнын партугалдықтар басты. Англия, Нидерландия елдері делдалдық саудамен айналысты, саудагерлер табысы 1000 %-ке дейін өсті. ХҮІ ғасырдағы сауданың дамуы биржаларды өмірге әкелді. Антверпен, Лион, Тулуза, Руан, Лондон, Гамбург, Амстердам, Любек, Лейпцик т.б. қалаларында арнайы биржа үйлері салынды.

Капиталдың алғашқы қорлану процесі ауыл-шаруашылық саласында басталды. Англиядағы «қоршау саясаты» осы процестің бастамасы болатын. Ауыл-шаруашылығының дамуында сапалы өзгерістер болды. Егіс көлемі өсті, ауыл-шаруашылығының өнімділігі артты, агро-техникамен, агро-мәдениетте оңды процестер жүрді. Елеулі қоғамдық-әлеуметтік өзгерістер болды. Атап айтқанда Англияда, Францияда, Нидерландияда басыбайлылық толық жойылды, арендалық қатынас жер қатынасын реттеудің негізгі формасына айналды. Аренданың екі формасы болды: феодалдық және капиталистік .

ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. мемлекеттілік пен мемлекет структуралары бекіді. Орталық билік жүйесі күшейді, және мемлекеттің қоғам тұрмысына араласуы күшейді. Флоренция республикасының хатшысы Николо Макиавелли (1469-1527) жаңа саяси идеялардың негізін салды. «Государь» деген еңбегінде саясаттың гуманистік мазмұнын ашып көрсетеді. Білім, ғылым, өнер, адам, әділеттілік сияқты құндылықтар бетке ұстар нысана болу керек.

Европалық өркениеттің дамуына Қайта өрлеу идеялары және Реформация қатты ықпал жасады. ХҮІ ғ. ортасындағы Реформациялық қозғалыс католик әлемін екіге бөлді. Протестанттық идеялар дамыған елдерде шіркеу реформалары жүргізілді, монастырлар жабылды, монастыр жерлері секуляризацияланды. Идеалогиялық саладағы папаның жаһандық ықпалы жойылды.

Сөтіп кейінгі ортағасырлық дәуірде гуманизм принциптеріне негізделген жаңа көз қарас қалыптасты, ғаламдық дүниенің ортасында адам тұрады, адам оның өмірі басты құндылық деп саналды. Гуманистер дәстүрлік ортағасырлық теологиялық филасофияны сынап, адам, адам ақыл ойы, адам жан дүниесі деген құндылықтарды бірінші орынға шығарды.

Сонымен ортағасырлық дәуірде батысевропалық өркениет қалыптасқан екен. 1200 жылға созылған европа тарихында алуан түрлі құбылыстар мен өзгерістер жүрді, нәтижесінде феодалдық құрылыс орнықты. Батыс Европалық идея, филасофия, эстетика қалыптасты.

Батыс Европалық өркениет тұтастай әлемдік өркениетке әсерін тигізді. Озық идея, филасофия, эстетика отанына айналды, жаңа және қазіргі дәуір оқиғаларына мазмұн берді, тұтастай озық өркениетті қалыптастырды.

Тарихты бас-аяғы жоқ, кездейсоқ оқиғалар тізбегі деп еспетеу дұрыс емес. Тарих тұтас процесс. Тарихты құрайтын нәрселердің бәрі де бірімен-бірі байланысты, бірінен-бірі туып жатады. Тарихта бұрынғы мен бүгінгі, бүгінгі мен ертеңгі байланыста болады. Тарихты ой елегінен өткізіп, ақыл таразысына салу керек. Сонда ғана біз тарихтың өткен жолын, жеткен биігін, барысын, бағытын, заңдылығын көреміз.

2 Дәріс

1. ІҮ-Ү ғ.ғ. Рим империясы территориясына герман тайпаларының жаппай басып кіруінің себептері және алғы шарттары.


2. Рим империясы территориясында 8-варварлық корольдіктер құрылды.
3. Варварлардың қоғамдық құрылысын анықтау үшін 2-тарихи құжат мәліметтеріне сүйенеміз.
а) Г.Ю. Цезарь (б.э.д. І-ғ.). «Записки о Тальской войне» деген еңбегі.
б) Б.э. І-ғ. өмір сүрген Рим тарихшысы Тациттің «Германдықтар» деген еңбегі. Цезарь және Тацит еңбектерін салыстыра отырып, герман тайпаларының 150 жылда қоғамдық құрылысындағы өзгерістерді байқауға болады.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет