өсімдік. Тамыры, сабағы қысқа, ал гүл өсетін сабағының биіктігі 20-40 см дейін жетеді.
Жинау әдәсі. Жапырақтарын маусым- шілде айларында жинайды, бүлінбеген, бүтіндерін толық өсіп жетілгенде сағағымен қосып кептіреді. Химиялық құрамы. Майлар нәруыздар, лимон қышқылы, калий тұздары, С, К дәрумендері. Қолданылуы. Дизентирия, ірінді жаралар, көкжөтел аурулары. Дайындау әдісі. 200мл ыстық суға кептірілген жапырақпен тамырды үгіп, екі ас қасық салып, сүзіп тұнба аламыз.
Долана- сабақтары тікенекті кішкене келген
бұта. Жапырақтары ірі, қою жасыл түсті
кезектесіп ораласқан. Айналасы араның тісі
сияқты, ал гүлдері уақ, ақ түсті, гүл шоғыры
қалқан тәрізді болады. Жемісі уаұ, алма
формалы ашық қызыл тусті, диаметрі 8-10 см
шамасында. Долана мамыр-маусым айларында
гүлдейді жемісі тамыз-қыркүйек айларында
піседі.
Долана еліміздің Европалық бөлігінде Батыс және Шығыс Сібірдің тоғайлы жерлерінде, Орта Азия мен Қазақстанның таулы аудандарында тараған.Өзен жағалаулары мен олардың арналарында, тау етектерінде өседі. Қазіргі уақытта бақтар мен парктерде егіп өсіріліп жүр. Емге долананың жемісі мен гүлі пайдаланады. Жемісінде гликозидтер,органикалық қышқылдар, холин тағы басқа заттар бар. Долана жемісі мен гүлінен дайындалған тұнбалар қан тамырының қысымын бәсендетуге, адам ұйқысын реттеуге пайдаланады.
Емге керекті тұнбалар төмендегідей жолмен дайындалады:
1.Долана жемісін уақтап, 70 проценттік спиртке салып, біраз уақыт ұстау керек. Бұл жағдайда долана жемісі және спирт 1:0 мөлшерінде алынады. Осылай дайындалған тұнбаның 20-30 тамшысын тамақтан бұрын күніне 3-4 мезгіл ішу керек.
2.Бес грамм долана гүліне бір стақан қайнаған ыссы су құйып, бетін жауып, су құйылған кеңірек ыдысқа орналастырып 15 минут қайнатады. Бөлме температурасында 45 минуттай суытып, сүзеді. Алынған тұнбаны стақанға құйып, толмаған жеріне қайнаған су құйып, толмаған жеріне қайнаған су құйып, толтыру керек. Осылай дайындалған тұнбаны күніне үш мезгіл 4-5 ас қасықтан ішеді.
Чабрец- жер бетіне жайылып өсетін кішкене бұта
Достарыңызбен бөлісу: |