Әр түрлі өсімдіктердің емдік мақсатта жиналған бөліктерін уақтап турап, әр түрлі қоспа жасап, оларды емдік мақастта қолдану ел арасында ертеден тараған. Қазіргі уақытта, фармацевтік фабрикаларда дәрілік өсімдіктерден жасалған қосындылар дәріханаларда сатылады. Дегенмен қолда бір өсімдіктерден үй жағдайында керекті қоспаларды жасап, пайдалануға болады. Олар төмендегідей топтарға бөлінеді: Тыныс органдары ауырғанда пайдаланылатын қоспалар: А) жалбызтікен тамырының екі бөлігі, өгейшөп жапырағының екі бөлігі, жұпаргүл шөбінің бір бөлігінің қосындысы. Осы қосындының бір ас қасығында екі стақан (400мл) қайнап тұрған су құйып, шай демдегендей қайнатады. Сонаң соң 20 минут тұндырып, дәкеиен сүзеді. Осы тұнбанны жылы күйінде араға үш сағат салып стақанның ¼ бөлігін ішуге болады. Асқазан ауырғанда пайдаланатын қоспалар: Қалақай дапырағының үш бөлігі, итшомырыт қабығының үш бөлігі, жалбыз жапырағының екі бөлігі, иір тамырының бір бөлігі, шүйгіншөп тамырының бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының екі ас қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, 10 минут қайнатады.Қайнап болғаннан кейін дәкемен сүзеді. Осылай әзірленген тұнбаны жатар алдында жарты стақаннан ішеді. Тамаққа тәбет арттыратын қоспалар: Жусан шөбінің бір бөлігі мен сүбеде жапырағының бір бөлігінің қосындысы. Осы қосындыны екі шай қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, шай дәмдегендей қайнатып, дәкемен сүзеді. Осылай дайындалған тұнбаны күніне екі мезгіл тамақ алдында жарты стақаннан ішеді. Жусан шөбінің екі бөлігі, мыңжапырақ жапырығының екі бөлігі, бақбақ тамырының бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының бір ас қасығына бір стақан қайнап тұрған су құйып, шай дәмдегендей қайнатады. Дәкемен сүзіп алынғын тұбаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын, 1-2 ас қасықтан ішеді. Тамақ ауырғанда жасалып пайдаланатын қоспалар. Шалфей жапырағының бір бөлігі, құлқайыр гүлінің бір бөлігінің қосындысы.Осы қосындының жарты шай қасығын бір стақан су құйып қайнатады. Тұнбаны жылы күйінде тамақ шаюға пайдаланады. Тер шығаруға пайдаланатын қоспалар. Танқурай жемісі 40 г, өгейшөп жапырағы 40 г мөлшерінде алынады. Екі ас қасық қоспада бір стақан қайнаған су құйып 20 минут тұндырады. Сүзіп, кәдімгі шай сияқты ішуге болады. Шалфей жапырағының, құлқайыр гүлінің тең мөлшердегі қоспасының бір ас қасығына бір стақан қайнаған су құйып 15-20 минут тұндырады, дәкемен сүзіп салқындатқаннан кейін күніне бірнеше рет тамақты шаю керек. Бұлардан басқа шөп түрлерін ауыстыра отырып, емгекеректі бірнеше қоспалар жасауға болады (дәрілік өсімдіктер грамм есебімен алынады).
Дәрілік өсімдіктерді жинау. Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жете танысқан жөн. Сонымен қатар, күрек, пышақ, секатор, қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс. Өсімдік жапырағын, гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып, кесіп, болмаса қазып алған дұрыс. Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады. Неге десеңіз, өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалуы мүмкін. Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак, себет, кішігірім қалталар ала шыққан жөн. Өсімдікті бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды. Дәрілік өсімдік өсіп тұрған жерлерде сол өсімдіктің болашақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерін қалдырып отырған дұрыс. Сонымен қатар өте жас өсімдіктерге тимей, толық пісіп жетілгендерін алу керек. Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады. Яғни, бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезені мен мүшелеріне байланысты деген сөз. Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жинау керегінде жинау дұрыс. Өсімдік тамырларын толық пісіп-жетілген уақытта, күз айларында жинайды. Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса, онда тамыр өсіп-өнуі басталмай тұрғанда жинау керек. Өсімдік жапырағын толық гүлдеу мезгілінде жинайды. Зиянды жәндіктермен, түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді өсімдіктер гүлдей бастағанда жинайды. Зақымданған және тозаң басып, қатты ластанған гүлді де жинамағаны дұрыс. Бүршіетерді жазғытұрым ерте, ол ашылмай жаңа бөртіп, тола бастағанда жинайды. Өсімдік қабығын бүршік толығып, сөл жүре бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс. Олардың қабығын жинау үшін, пышақпен екі жерден көлденең- арасын 20-30 см етіп жарты сақина жасап тіледі. Содан кейін олардың арасын жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосады да, жоғарғы жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріп, қабығын сыдырып алады. Бұл жағдайда өсімдіктің тек жарты қабығы алынады да, қалған бөлігі өсімдікте қалып, сөл жүру процесін жалғастыра береді. Өсімдік шөбін негізінде гүлдеген негізінде гүлдеген мезгілде жинайды. Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса, төменнен екі-үш жапырақ қалдырып, кесіп алады. Сарғайған, зақымданған жапырақтарды алып тастау керек. Өсімдіктің жемісі мен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп, түсіп қалу қуіпі туады.Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісі мен дәнін ертерек жинауға да болады. Өсімдік жапырақтарын, гүлдері мол сабағын күн ашық, құрғақ уақытта, ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.Өсімдік тамырларын қазып алғаннан соң жабысқан топырақтарын салқын сумен жуып тазартады. Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе- жинайтын адам қолына қолғап кигені дұрыс. Себебі көптеген өсімдіктер тікенекті келеді. Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн. Себебі тез кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеті мен сапасы көбірек сақталатыны даусыз. Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру жұмысы көлеңке, жел қағып тұратын жерге қағаз төсеп, болмаса басқа төсеніш үстіне жайып, әлсін-әлсін аударып отырып кптіру керек. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда бірден морт етіп сынып кетеді. Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада, немесе картоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп, қараңғы, әрі құрғақ жерде сақтайды. Оларды жіпке тізіп, іліп я болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек. Әр түрлі зиян кестер тимеуін қамтамасыз еткен дұрыс.
Жұмыстың нәтижесі. Дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері. . Ұлан-ғайыр қазақ даласында шөптермен дәрі-дәрімектік өсімдіктер көптеп өсетін болғандықтан, емдік қасиетін ертеден білген. Соның натижесінде ауруға ұшырған адамдарды дәрілік өсімдікпен емдеу ілгеріден-ақ кең тараған. Сиыр қарақат өсімдігінен жасалған тосап пен тұнбаны үздіксіз пайдаланған кезде қан қысымы төмен ауру адамның қанынаның құрамындағы гемоглобиннің жоғары көтеріліп, қан қысымының біраз тұрақтанғанын көруге болады. Ал жолжелкен өсімдігін жара шыққан жерге таңып ұстаған кезде, жарадағы іріңді сорып, тез жазатынын байқадық. Қалақайдың кептірілген жапырақтарының өкпе плевриті және созылымалы тері ауруларына пайдалануға болады екен. Бақбақ өсімдігінен жасалынған тосап іші құрылысы (бүйрек, бауыр, өт жолы), неврит ауруларына өте керемет ем ретінде қолданылады. Долана жемістерінің кептіріп, жүрек бұлшық еті мен ми нейрондарын оттекпен қамтамасыз ететін және қан қысымын төмендететін тамаша емдік қасиеті бар.
Қазіргі нарық кезеңіндегі, әсіресе ауылды жерде дәрі-дәрімектер табу қиынға түседі.Қазақстан республикасындағы 6000-ға жуық өсімдіктердің 30-40 шақтысы біздің өңірде өседі. Осы өсімдіктердің химиялық құрамын және емдік қасиетін зерттей отырып, анықтамалық кітапшасын жасауды қолға алып отырмыз. Бірнеше өсімдіктердің жалпы сипаттамасын жазып жатырмыз. Соның натижесінде мектептен “Жасыл дәріхана” бұрышын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Тәжірибе үлескісінен 0,5 га жер алып, дәрілік плантация жасасақ деген ойымыз бар.
“2030-дың Қазақстаны ауасы таза, суы мөлдір, көркейген ел болады”- деп айтқан президенттің тілегіне қосыламыз, осы арман орындалса, нұр үстіне нұр болар еді. “Қазақстан 2030” бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экология-экономикалық қатынасымыз бен жанашырлық көзқарасымыз керек. Бұл жұмыс арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудамыз.
Бұл жұмыс нәтижелі, себебі біздің мектепте биыл денсаулықтары нашар балалар тобы ұйымдастырылады. Бұл оқушылар әр түрлі аурулардың әсерінен ауыр жұмыс істей алмайды. Сондықтан олар осы жұмыста аталған өсімдіктерді, олардың тұқымдарын жинайды. Таза ауада,ормандарға, су басына барады. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Жиналған дәрілік өсімдіктерді кептіріп, жинақтап, дәріханаға тапсырсақ па деген ойымыз бар. Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді осы еңбектен табасыздар.
Адам ағзасын халық медицинасы арқылы емдеу, табиғатты табиғатпен емдеу сияқты. Бұл адам тәніне әлдеқайда жақын және одан ағзаға ешбір зиян жоқ. Болашақта адамдар Жер-ананың төсінен жаралған шөптердің пайдасын жаңға-шипа, емге-дәру болғандығын есте ұстай, керегіне жаратса дейміз.
Қорытынды.
Табиғат-адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттігінің табылар содан бәрі», деп дәріптеген.
Табиғат адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші.Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбаған болуы тиіс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласы осы, санасыз іс-әрекет жасаса жауы болып табылады.
Табиғаттың тарылтпайын мөлдір кәусәр тынысың,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің-дағы содан тудың-табиғаттың ұлысың.
Экологиялық мәселелерді шешуде адамзат факторын жетілдірудің маңызы толық ашылмаған. Экологиялық мәселелер болып тұрғанда қоғамға экологиялық жағынан сауатты қызметкерлер өте қажет.
Адамның өміріндегі табиғат байлықтардың ең маңыздысы ол-су. Адам өмір бойы сумен байланысты. Адам суды тамаққа пайдаланады, жуынады. Өнеркәсіптің әр саласында суды еріткіш ретінде, жылыту, суыту, кристалдандыру үшін қолданылады.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу «мысқалдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен ақ емдеп жазуға болады.
Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден , денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосасыз.
Туған өлкенің табиғат байлықтарын зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелер арқылы аймақтың экологиялық мәселелерін анықтауға атсалыстық.
Қоршаған орта жағдайлары өз денсаулығымыз бен өмірімізге әсер ететінін түсіндік.
Жұмыста пайдаланған әдебиеттер.
Биология, география және химия. Журнал №6 2002жыл.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заң. Алматы 1998ж.
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Алматы 1999ж.
Қожабеков. М. Дәрілік өсімдіктер. «Қазақстан» баспасы, 1975ж.
М. Оспанова, Ж. Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дацуа. Алматы. «Қайнар», 1992ж.
И.А. Юндин Травы. Алмата «Қайнар» 1980ж.
С Арыстанғалиев. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы «Сөздік-словарь» 2002 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |