Ботаника және зоология кафедрасы магистрлік диссертация


ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДТАРЫ



бет15/16
Дата18.06.2020
өлшемі373,5 Kb.
#73875
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Гулназ магистр

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МЕТОДТАРЫ

Өнімді мол алып, әрі егістікті арам шөптен таза ұстау үшін Қазақтың картоп және жеміс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ұсынған таулы зонаға арналған агротехникалық шаралар комплексін қолдандық.

Күзде 15-20 см. тереңдікте жерді аударық. Көктемде жер кепкеннен соң жерді қайта аударып, ылғал сақтау үшін бетін тырмаладық. Көктемде 20 т/га есебімен органикалық тыңайтқыш төктік.

Қазіргі селекцияда картопты тұқымнан көбейту әдісі кеңінен қолданылуда. И.А.Веселовский мен Т.Н.Катын-Ярцеваның деректері бойынша бұл әдіс картопты түйнек түрінде жеткізу қиын таулы және солтүстік аудандарға қолданған.

Өндірістік негізде картоп өндіру максималды түрде механикаландыру мен бүгінгі күн талабына сай жоғары өнімді техника және жаңа сорттарды талап етеді.

Жаңа сорттар тек қана жоғары өнімді емес, сонымен қатар аурулар мен зиянкестерге төзімді, механикалық өңдеу мен сақтауға қолайлы болуы қажет. Бұдан басқа селекция алдында тұрған мақсат картоп түйнегінде белок, крахмал сияқты маңызды компоненттердің жоғары болуы.

Крахмалдығы және белогы жоғары сорттар шығаруды академик П.И.Алсмик жемісті еңбек етті. Оның мәліметтері бойынша крахмалдылығы жоғары ата-аналардан крахмалдылығы жоғары көшет алуға болады.(1970 ж.)

Соңғы 50 жылда картоптың крахмалдылығы 1,5-2% артты. Техникалық сорттардың көбінің крахмалдылығы 20-23% арасында. Бүгінгі таңда тұрақты өнім беретін, сақтау барысында аз шығынға ұшырайтын, еңбекті минимальды талап ететін жаңа сорттар қажет.

Осы талапқа сай КазНИИКОХ-тың селекция лабораториясында шаруашылық бағалы қасиеттері бар сорттар гибридизациясы мен сұрыптау жұмыстары жүргізілуде. Біздің жүргізген зерттеулеріміз Қазақтың картоп және жеміс шаруашылығы зерттеу институтының селекция бөлімімен бірігіп жүргізілді.

Біз олардан алған гибрид тұқымдарын көшеттен егіс даласына отырғыздық. Көшеттерді Ю.Г.Тринлердің методикасы бойынша өсірдік. Тұқымды алдын-ала дайындалған органикалық тыңайтқыш қара топырақ салынған көлемі 120х50 см. жәшіктерге наурыз айының басында отырғыздық. Тұқымды 0,5-1 см. тереңдікте Алматы қаласындағы жас натуралистер станциясының тәжірибе участогіне септік. Тұқымды себердің алдында әр гибридті жүз тұқымнан үш рет қайталап Петри таяқшаларында өндіріп, өнгіштігін анықтадық. СветличокхГидра, АдреттахЭтюд гибрид сорттарынан алынған тұқымның өнгіштігі 92% және 96% болды.

Топыраққа отырғызғаннан кейін 7-8 күннен соң көктей бастады. Өсімдікті мамыр айының 20-на дейін оранжереяда өсірдік. Көшеттерді егіс даласына отырғызудың алдында 5-6 күн далада шынықтырдық. Көшетті бір күннің ішінде егіс даласына отырғызып шықтық.

Бастапқыда көшеттерді жиі суарып отырдық, кейіннен климат жағдайына қарай аптасына бір рет суардық. Өсімдіктің қоректену алаңы 50х15 см. Вегетация барысында үш рет арам шөбін тазаладық, фенологиялық бақылау және фитоптологиялық тазалау жүргіздік. (2 таблица). Өсімдіктер бірқалыпты жетілмеді, кейбір түптердің биіктігі 105 см-ге дейін жетсе, ал басқалары не бары 45 см. болды. Бірінші таблицадан өсімдіктердің көбі гүлдеп, бірақ жеміс болмағанын көреміз.

Мозаикалық Х, М, S – вирустарымен зақымданғанын анықтау үшін М.С.Дунина мен Е.В.Кувшинаның методтары бойынша гүлденгенге дейінгі және гүлденгеннен кейінгі фазаларында серологиялық анализ жүргіздік.

Серологиялық анализді Қазақтың картоп және жеміс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында әзірленген диагностикалық Х, М, S вирустары бар сыворотокпен жасадық. Өсімдіктердің зақымданғанын анықтау үшін гибридтен 10 өсімдік пайдаландық. Анализ нәтижесі 1 таблицада келтірілген.

БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ КАРТОПҚА ЖҮРГІЗІЛГЕН

СЕРОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗ (2003 ж.)

таблица 1

Будан

Анализ жүргізген уақыт

Будан саны

Вирустар


Светличок х Гидра


12.06




N

X

M

S



-

-

-

-



-

-

-

-



-

-

-

-



-

+

-

-



-

+

-

-



-

-

-

-



-

-

-

-



-

-

-

-



-

-

-

-

Адретта х Этюд


14.07


1.

-

-

-

-

2.

-

-

+

-

3.

-

-

+

-

4.

-

-

-

-

5.

-

+

-

-

6.

-

+

-

-

7.

-

-

-

-

8.

-

+

-

-

9.

-

+

-

-

10.

-

-

-

-

№1 таблицада көрсетілгендей, бірінші ұрпақтың будан тұқымдары Х, М – вирустарымен негізінде гүлденгеннен кейінгі фазаларында зақымданған.

БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ ТҮЙІННЕН АЛЫНҒАН ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН

СЕРОЛОГИЯЛЫҚ АНАЛИЗ КӨРСЕТКІШІ (2004 Ж.)


таблица 4

Будан

Анализ жүргізілген уақыт

Будан саны

Вирустар

N

X

M

S

Светличок х Гидра

14.07

1

-

+

+

-

2

-

+

-

-

3

-

+

-

+

4

-

+

+

-

5

-

+

-

-

6

-

+

-

+

7

-

+

-

-

8

-

+

+

+

9

-

+

+

-

10

-

+

+

-

Адретта х Этюд

20.07

1

-

+

+

-

2

-

+

+

-

3

-

+

+

-

4

-

+

-

+

5

-

+

-

-

6

-

+

-

-

7

-

+

-

-

8

-

+

+

-

9

-

+

+

+

10

-

+

+

+

БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ БУДАН КАРТОПТАРҒА

ЖҮРГІЗІЛГЕН ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ (2003 Ж.)

таблица 2



№ к/с

Будандар

Өсімдік биіктігі

Сабақ саны

Гүлдеуі

Жеміс

Светличок х Гидра



1.

48

4

-

-

2.

56

4

Гүлд.

Жеміс

3.

77

5

Гүлд.

-

4.

66

3

-

-

5.

94

5

Гүлд.

Жеміс

6.

105

6

Гүлд.

Жеміс

7.

89

5

Гүлд.

Жеміс

8.

98

5

Гүлд.

Жеміс

9.

45

3

-

-

10.

65

4

-

-

Адретта х Этюд



1.

52

3

Гүлд.

-

2.

64

3

Гүлд.

-

3.

74

4

-

-

4.

78

4

Гүлд.

Жеміс

5.

101

5

Гүлд.

Жеміс

6.

92

5

Гүлд.

-

7.

102

4

Гүлд.

Жеміс

8.

67

3

-

-

9.

42

3

-

-

10

54

3

Гүлд.

Жеміс

БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ КАРТОП БУДАНДАРЫНЫҢ

ШАРУАШЫЛЫҚ – БАҒАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІНЕ СИПАТТАМА (2003 ж.)
таблица 3

Будандар

Өсімдік саны

Бір түптен шыққан түйнектер салмағы. (гр.)

Бір түптен шыққан түйнектер саны

Түйнек пішіні

Түйнек-тердің түсі

Өркен-дерінің ұзын-дығы

Көрше-лерінің терең-дігі

Светличок х Гидра



1

0,120

11

Дөңг.

Сарғаш

Қысқа

Терең емес

2

0,440

6

Дөңг.

Сары

Қысқа

Терең

3

0,550

5

Сопақ.

Сары

Қысқа

Терең емес

4

0,750

6

Сопақ.

Сарғаш

Қысқа

Терең емес

5

0,500

4

Дөңг.

Сарғаш

Ұзын

Терең емес

6

0,480

4

Дөңг.

Сары

Ұзын

Терең

7

0,650

5

Дөңг.

Сары

Қысқа

Терең

8

0,950

12

Дөңг.

Сары

Ұзын

Терең емес

9

0,850

10

Дөңг.

Сары

Қысқа

Терең емес

10

0,420

5

Сопақ.

Сары

Қысқа

Орташа

Адретта х Этюд

1

0,900

13

Сопақ.

Қызғылт

Ұзын

Терең емес

2

0,720

9

Сопақ.

Қызғылт

Ұзын

Орташа

3

0,910

11

Сопақ.

Қызғылт

Қысқа

Терең

4

0,810

12

Сопақ.

Ашық қызыл

Қысқа

Терең емес

5

1,100

15

Сопақ.

Қызыл

Қысқа

Терең

6

1,120

12

Дөңг.

Ашық қызыл

Қысқа

Орташа

7

0,930

10

Дөңг.

Ашық қызыл

Қысқа

Орташа

8

0,740

14

Дөңг.

Ашық қызыл

Ұзын

Терең

9

0,850

9

Сопақ.

Қызыл

Ұзын

Терең емес

10

0,620

7

Сопақ.

Қызғылт

Ұзын

Терең емес

Әдебиет мәліметтеріне қарағанда Х, М вирустарымен картопты тұқымнан еккенде аз зақымданады. (Нурмиете, Щербакова, Гребенщикова).

Будан тұқымдардың өнімділігіне қарап салыстырмалы түрде баға берілді. Өнім жиналған соң – ол, морфологиялық жағынан бағаланды. Будандардың арасында көзшелері терең формасыз түйнектер де кездесті. №3 таблицада бірінші жылға будандардың шаруашылық бағалы қасиеттеріне анализ жасалған.

Тәжірибені әрі қарай жалғастыру үшін, 2003 жылғы Светличок х Гидра, Адретта х Этюд сорттарының будандарынан алынған бірінші жылғы картоп түйіндерін, Қазақтың көкөніс және картоп шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының картоп сақтайтын арнайы ғиматарында көктемге дейін сақтадық.

2004 жылы көктемде мамыр айының 12 күні Алматы қаласының жас натуралистер станциясының тәжірибе участогіне отырғыздық.

Тәжірибе жұмысын жүргізу үшін Светличок х Гидра, Адретта х Этюд сорттарынан алынған бірінші жылғы будан түйнектерінен 10 өсімдіктен алдық. Бұл өсімдіктерге вегетациялық дәуірінің соңына дейін фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргіздік.

Егілген тәжірибелік будан түйіндер 26 мамырда өсіп шыға бастады. Өсіп шығуы біркелді болды, оның себебі алынған түйіндердің көлемі шамамен бірдей болатын. Өсімдіктердің қоректену алаңы қатар арасы 70 см, өсімдік пен өсімдік арасы 35 см. Себу тереңдігі 8-10 см.

Тәжірибелік өсімдіктерді вегетациялық дәуірінің алғашқы кезінде екі рет түбін қопсырып, арам шөптерінен тазарттық.

Өсімдіктердің гүлдеу фазасында ортаңғы ярус жапырақтарының шырынын алып М.С.Дунин мен Е.В.Кувшинованың әдістерін пайдалана отырып мозайкалық көп тараған Х, М, S – вирустарына серологиялық анализ жасадық. Жасалған анализдің көрсеткіштері 4 таблицада көрсетілген.

Таблицадағы көрсеткіштерге сүйеніп, бірінші жылғы будан тұқымнан алынған өсімдіктерге жасалған анализбен салыстырып қарасақ, Светличок х Гидра буданының бірінші жылғы 10 өсімдігінің екі өсімдігі Х-вирусымен залалданып, басқалары М және S – мозайкалық вирустардан таза болған. Ал Адретта х Этюд будан тұқымынан алынған өсімдіктің Х-вируспен төртеуі, М-вируспен екеуі залалданса, S-вирус 10 өсімдікте де болмаған. Бірінші жылғы түйіннен алынған өсімдіктерге жасалынған анализдің көрсеткіші басқаша.

Мысалы Х-вирус алынған будан өсімдіктердің барлығын толық залалдап үлгерген, ал М-вирус Светличок х Гидра буданының бес өсімдігін залалдаса, S – вируспен үшеуі ғана зақымданған.

Осыған ұқсас көрсеткіштерді Адретта х Этюд сорттарынан алынған будан өсімдіктерінен де байқауға болады. (таблица 4)


БІРІНШІ ЖЫЛҒЫ ТҮЙІН ҰРПАҚТАРЫНАН АЛЫНҒАН

ӨСІМДІКТЕРДІҢ ӨНІМІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ БАҒАЛЫ ҚАСИЕТТЕРІНЕ СИПАТТАМА (2004 ж.)


таблица 5


Будандар

Өсім-дік саны

Бір түптен алынған өнім салмағы (гр.)

Бір түптен шыққан түйнек саны

Түйнек пішіні

Түйнек түсі

Өскін-дерінің ұзын-дығы

Көзше-лерінің тереңдігі

Светличок х Гидра

1

0,960

6

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

2

0,890

7

Сопақ.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

3

0,900

8

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

4

0,980

7

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

5

1,050

10

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

6

0,970

8

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

7

0,995

7

Дөңг.

Сары.

Орташа

Терең емес.

8

0,800

9

Сопақ.

Сары.

Қысқа.

Орташа.


9

0,860

12

Дөңг.

Сары.

Орташа

Терең емес.

10

0,975

8

Дөңг.

Сарғыш.

Қысқа.

Терең емес.

Адретта х Этюд

1

0,780

9

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.

Терең емес.

2

0,960

8

Сопақ.

Қызғылт

Қысқа.

Терең емес.

3

0,990

7

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.

Терең емес.

4

0,790

11

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.

Терең емес.

5

0,980

9

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.

Орташа.


6

0,985

12

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.

Орташа.


7

0,860

6

Дөңг.

Қызғылт

Орташа

Терең емес.

8

1,200

8

Дөңг.

Қою қызыл

Қысқа.

Орташа.

9

0,995

9

Дөңг.

Қызғылт

Қысқа.


Орташа.

10

1,060

10

Дөңг.

Қою қызыл

Қысқа.

Терең емес.

Бірінші жылғы түйін ұрпақтарынан алынған өсімдіктердің өнімінің шаруашылық қасиеттеріне сипаттама жасағанда көзге түсетін ерекшелік, әрбір өсімдіктен алынған өнімділігінде. Тұқымынан көшет арқылы алынған өсімдіктердің өнімділігімен салыстырғанда, түйін ұрпақтарынан алынған кейбір өсімдіктер өнімділігі екі еседей жоғары болған.

Бұндай көрсеткіштер А.С.Удовицкий (1976) жүргізген тәжірибе жұмыстарында байқалған. Тәжірибе жұмысына алынған түйін ұрпақтарының шаруашылық бағалы қасиеттері (түйнек пішіні, түйнек түсі, өскіндерінің ұзындығы, көзше тереңдігі) жоғары болған. Сол себептен будан түйіндерінің екінші ұрпағында шаруашылық қасиеттерінің айтарлықтай өзгешілігі жоқ, жеке бір өсімдіктерде ғана болмаса.

Осы жұмыстың көрсеткіштеріне қарағанда бірінші жылғы будан түйіндерінің ұрпақтарын тек селекциялық жұмыстарда ғана пайдаланбай, сонымен қатар өндірістік жолмен товарлы картоп алуда вируссыз тұқымдық материал есебінде пайдалануға болатындығын көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет