КАРТОПТЫ ТҰҚЫМНАН КӨБЕЙТУ
Картопты тұқымнан көбейту практикасы Ресейде алғаш 1818 жылы жүргізілді. Алғашқы егілетін сорттардың тұқымдары шел елдерден әкелінген болатын. Кейін Ресей ғалымдары С.М.Букасов және В.Р.Вильямстың еңбектерінде картопты тұқымнан көбейту мүмкіндіктері туралы айтылған. Еліміздің Европалық бөлігінде Петербургтың жер шаруашылығы училищесінде тұқымнан өсіруде, училище директоры Быков жүргізді. Онда бірнеше жыл бойы түрлі сорттарды отырғызу және оларды бір-бірімен будандастыру жұмыстарын жүргізді. Елімізде жыл сайын түйнектен отырғызу үшін 20 мың тонна жұмсалады. Картопты тұқымнан көбейткен жағдайда жыл сайын астықтың осы бөлігін сақтауға болар еді. Н.А.Веселовскийдің мәліметтері бойынша ондай тұқымдық материалды еліміздің түрлі климаттық жағдайында алуға мүмкіндік бар.
Тұқымнан өсіру практикасында түрлі климаттық зоналарда картоптың жоғары өнімді сорттары алынады. Солтүстік Кавказда өсірілген картоптың «Альпа» сортының 200 грамм тұқымынан 30ц. түйнек өсіріледі. Түйнектердің салмағы 80-200г. болуы керек. (П.Н.Колпаков). Краснодар өлкесінде (С.Н.Ованесян) құрғақ, ыстық жазда өсірілген түйнектік және тұқымдық картоптардан алынған өнімдердің арасында аз ғана айырмашылық болған.
Н.С.Овчаренконың мәліметтері бойынша, 8 га жерге егілген не бары 400 гр тұқымнан 60 тонна картоп алынған немесе әр гектардан 75 ц. өнім алған.
Киев облысында күзге себілген тұқымды қысқа жақын жинап әр гектардан 162,5 ц. есебімен өнім алған.
Украинаның зоналық станцияларында түйнектен отырғызудан 80 ц/га, ал көшеттен 140 ц/га есебімен өнім алынған. (П.М.Кравченко).
Орта Азия жағдайында картопты көшеттен отырғызғанда алғашқы жылы ірі түйнектер береді. (Н.Н.Балашев. 1963ж.) Көшеттерден алынған түйнектердің орташа салмағы 200-500 гр., олар түйнектен отырғызылып алынған өнімнен қалыспайды. Әр жеке түптен алынған өнім салмағы 1,5-2 кг-ға дейін жеткен.
Картоптың вирус ауруларына шалдығуы тұқымның сапасына әсерін тигізеді. Е.Е.Никогосянның зерттеулері бойынша (1960ж.) ірі жеміс беретін картоптың өсу қарқындылығы жоғары және сапалы өнім береді, ұсақ жемісті картоппен салыстырғанда ауруға аз шалдығады.
Қолайсыз жағдайларға жас қызанақ өсімдігінің төзімділігін арттырып, тұқымның көктеп шығуын жеделдету үшін алдын-ала К, Na және NH гумат, молдистима, фузикокцина ерітінділерінде өңдеу ұсынылған. Картоп өсімдігінің де вегетация кезінде бүркумен қосылған гуминді препараттардың ерітіндісінде отырғызылатын түйіндерді ылғалдағанда жоғары эффектілік байқалған. (Зайцева Н.В.)
Тұқымнан шыққан картоптың екіжылдық дақылы неғұрлым қолайлы болып саналады. Гибридті тұқымдарды перспективті пайдалану мен арнайы популяция-сорттарын шығару негізгі ауруларға төзімді болып, әрі аудандастырылған сорттар дәрежесіндегідей өнімді болып, формасы бойынша фенотиптің біршама біркелкілігімен сипатталуы керек. (Жарова В.А., Склярова Н.П.)
Картопты тұқымнан өсірудегі қиындық оның өсу қарқындылығының төмендігі және көктеп шығу уақытының ұзақтығы, бірақ жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде тұқымды ылғалдап шынықтыру және оны құрғатпай себу арқылы көктеп шығуын тездетуге болатындығы дәлелденді. Мұндай тұқым сепкеннен кейін 11 күннен соң 59%-і көктеп шыққан. (Н.А.Веселовский. 1965ж.)
Тұқымнан картоп өсірудің Қазақстанда да мол тәжірибесі бар. Қазақтың картоп және жеміс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты жұмыс істейді.
Достарыңызбен бөлісу: |