Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет5/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
6 - сурет. Аспидистра жапырағының эпидерма жасушалары (жоғары жағынан көрінісі I) және зығыр тұқым қабығының эпидермасы (бүйір жағынан көрінісі II). А — құрғақ тұқым; Б — дымқыл тұқым: 1 - алғашқы қабықша; 2 - соңғы қабықша; 3 - жасушааралық зат; 4 - жай саңылау (бүйір жағынан көрінісі); 5 - жай саңылау (жоғары жағынан көрінісі); 6 - саңылаудың жабын үлпегі; 7 - сыртқы қабықша; 8 - шырын; 9 -саңылау; 10 —тұқым бетіне шығатын шырын.



7 - сурет. Қарағай трахеидтері. 1 - алғашқы қабықша; 2 - соңғы қабықша; 3-жиекті саңылау (бүйір жағынан көрінісі); 4 – сақңылаудың жабын үлпегі; 5-торус; 6 - жиекті саңылау (жоғарғы жағынан көрінісі)

Өсімдіктер жасушаларының сыртын қаптап тұратын жасуша қабықшасы, сондықтан ол қорғаныштық, мықтылық қызмет атқарады. Сонымен қатар сыртқы ортадан өсімдіктерге қажетті заттарды қабылдауға, оны жылжытуға қатысады. Жасуша қабықшасының химиялық құрамы негізінен целлюлоза (клетчатка), гемицеллюлоза (жартылай клетчатка) және пектин заттарынан, сонымен қатар оның құрамына белоктар, минералды тұздар, лигнин, пигменттер, липидтерден кіреді.

Қалыптасқан жасуша қабықшасында үш қабықша болады: 1 - алғашқы қабықша - сыртқы және ең кәрі қабат, ол тікелей жасуша аралық затпен жанасады; 2- ортаңғы қабықша (бүл соңғы қабықша болуы мүмкін, егер 3-ші қабықша болмаса), алғашқы қабықшаның ішкі беткейімен жанасып, орталыққа қарай қалыңдап өседі; 3- кейде үшінші қабықша пайда болады, бұл ең ішкі, цитоплазманың плазмолемма мембранасымен жанасатын қабат.

Жасуша қабықшалары сүректенеді, кутинделінеді, тозданады, сілемейленеді және минералданады. Көптеген өсімдік жасушаларының қабықшасына кейбір минералдық заттар - кремнезем және кальций тұздары қабықша араларына сіңеді де, кейде қабықшаның сыртқы қабырғасына жиналады.



Жұмыстың барысы

Судың орнына глицирин алып, аспидистра өсімдігінің жапырағының өңінен препарат дайындап, микроскоптың кіші объективімен қарап, жасуша қабықшаларынан жақсы көрініп тұрған жұқа жерлерін тауып алу.

Препаратты микроскоптың үлкен объективімен қарап, жасуша қабықшаларындағы саңылауларды тауып, суретін салу.

Қарағай сүрегінің ұзын кесіндісінің тұрақты препаратынан жиекті саңылауларды қарап, суретін салу.

Жасуша қабықшасының минералдануын байқау үшін қияқ тұқымдас өсімдіктерді қолмен жүргізіп байқау.

Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау. Қажетті материалдар: картоп түйнегі, спиртте немесе алдын ала ылғалдап қойған бидай, сұлы және асбұршақ тұқымдары, күнбағыс тұқымшасы, хош иісті бөлме өсімдіктері, йод, аспидистра өсімдігінің жапырағы, қарағай сабағының ұзын кесіндісінің тұрақты препараты, қияқ тұқымдас өсімдіктердің кеппешөбі, глицирин.



Қайталау сұрақтары:

1 Өсімдік жасушаларында қоректік заттың қоры ретінде қандай заттар жиналады?



  1. Көмірсулар өсімдік жасушаларында қандай түрінде кездеседі?

  2. Жай, жартылай күрделі және күрделі крахмал дәндері бір-бірінен қандай белгілермен ерекшеленеді?

  3. Қор заты ретінде белок қандай түрінде кездеседі?

  4. Жай және күрделі алейрон дәндерінің бір-бірінен айырмасы неде?

  5. Қандай өсімдіктерде май қоры көп болады?

  6. Жасуша қабықшасы жасушада қандай қызмет атқарады?

  1. Жасуша қабықшасының химиялык құрамы қандай?

10 Қабықша құрамындағы целлюлозаның халық шаруашылығында қандай маңызы бар?
Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет