Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет3/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35


3 - сурет. Элодея жапырағының жасушалары. А - элодея өркені; Б- элодеяның жапырағы; В — жапырақ жасушасы:

1 — жасуша кабықшасы; 2 - цитоплазма; 3 - хлоропластар; 4 - вакуоль.
Хлоропластар (гр. «chloros» - жасыл, «plastes» - құру, жасау) - бұл ең көп таралған және тірі табиғатта ерекше роль атқаратын пластидтер. Хлоропластардың түсінің жасыл болуы ішіндегі жасыл түсті ерекше пигментке - хлорофилге (гр. «chloros» - жасыл, «рһуііоп» - жапырақ) байланысты.

Хлоропласт цитоплазмадан екі - сыртқы және ішкі мембрана арқылы бөлініп тұрады. Бұл мембраның әрқайсысының құрылысы, клетканың сыртқы мембранасы сияқты, үш қабаттан құрылады. Хлоропластың іші қоймалжың сұйық затқа толы болады да сол сүйықтық ішінде тек хлоропластарға ғана ерекше тән қасиетті құралымдар - грандар (лат. «granum» - түйір) орналасады.

Хлорофилл тек осы грандарға ғана шоғырланған. Тек грандарда ғана фотосинтез процесі жүреді.

Хромопластар - өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінің: гүлінің, жемісінің, сабағы мен жапырақтары клеткаларының цитоплазмасында болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет