Ботаника Оқу әдістемелік құралы



бет9/35
Дата17.02.2017
өлшемі13,44 Mb.
#9670
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35

Қайталау сұрақтары:

  1. Түзуші ұлпа немесе меристема дегеніміз не?

  2. Меристема жасушаларына қандай гистологиялық ерекшеліктер тән?

3 Түзуші ұлпалар өсімдіктің қай жерінде орналасады және қалай жіктеледі?

  1. Сабақтың бой конусындағы жасушалардан өсімдік мүшелерінің қандай түпкілікті ұлпалары түзіледі?

  2. Тамыр промеристемасының қабаттарын атаңдар, олардың сабақ бой конусының айырмашылығы?

  1. Соңғы түзуші ұлпалар және олардың атқаратын қызметі қандай?

  2. Жабындық ұлпа өсімдіктердің қандай мүшелерінде кездеседі?

  3. Жабындық ұлпа қандай қызмет атқарады?

  4. Жабындық ұлпа пайда болуына және құрылысына қарай неше түрлі болады?

  1. Алғашқы жабындық ұлпа дегеніміз не, оны не деп атайды?

  2. Өң өсімдіктің қандай мүшелерінің сыртын қаптап жатады?

  3. Лептесіктің құрылысы қандай және оның саңылауының ашылып, жабылуы неге байланысты?

13 Өсімдік мүшелеріне түктер қалай орналасады және қандай қызметтер атқарады?

14 Соңғы жабындық ұлпа дегеніміз не?


6 тақырып Арқаулық ұлпалар. Өткізгіш ұлпалар. Өткізгіш талшық шоқтар

Мақсаты:

- арқаулық ұлпалардың атқаратын қызметімен және түрлерімен танысу. Сабақ мүшелеріндегі жоғарғы және төменгі бағыттарда су мен минералды, органикалық заттардың ерітінділерін тасымалдайтын өткізгіш ұлпалар ксилема мен флоэмалардың құрылыс ерекшеліктермен танысу. Өткізгіш талшық шоқтардың түрлерінің құрылыс ерекшеліктерімен танысу.



Жалпы түсінік

Ассимиляциялаушы ұлпаларға тән ерекшелік - олардың құрамына енетін клеткаларда үнемі хлорофилл дәндерінің болуы. Сондықтан да бұл ұлпаны хлоренхима деп те атайды. Атқаратын негізгі қызметі — фотосинтез жүргізу. Жапырақтағы ассимиляциялаушы ұлпаларды бағаналы, борпылдақ (қос жарнақтыларда) және қатпалары (қылқан жапырақтыларда) деп бөледі.

Қор жинаушы ұлпалар — өсімдіктер денесінде жүретін зат алмасудың нәтижесінде пайда болған органикалық заттар мен су қорын жинауға бейімделген клеткалардың тобы.

Аэренхима өсімдіктердің су астындағы мүшелерінде, эпифиттердің ауа тамырларында, көбінесе тропика табиғат зонасында, мұхит жағалауларының батпақтарында өсетін кейбір ағаштардың тыныс тамырларында жақсы жетілген.

Механикалық ұлпаға тән негізгі ерекшеліктің бірі - оны түзетін клетка қабықшаларының қалыңдай беруі, соның салдарынан олардың біртіндеп өлі клеткаға айналуы.

Механикалық ұлпалар клеткалары пішініне, клетка кабықшаларының химиялық құрамына және сол қабықшалардың, қалыңдау ерекшеліктеріне, сондай-ақ орналасуына қарай: колленхима, склеренхима, склереида деп бөлінеді.



Өткізгіш ұлпалар күрделі. Оның құрамы, морфологиясы және атқаратын қызметі әр түрлі элементтерден тұрады.

11 - сурет. Негізгі үлпалар. А - Құртқашаш жапырағының су ұстағыш жасушалары; Б - картоп түйнегінің қор жинаушы паренхимасы; В - ырғай аэренхимасы: 1 кутикула; 2 - эпидерма; 3 - ауа ұстаушы паренхиманың жасушалары; 4 - клеткааралық; 5 - эндодерма.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет