"Ботаника" пәнінің оқу-әдістемелік кешені


Тақырып 8. "Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Талломді өсімдіктер."



бет4/6
Дата25.08.2017
өлшемі1,02 Mb.
#27032
1   2   3   4   5   6

Тақырып 8. "Төменгі сатыдағы өсімдіктер. Талломді өсімдіктер."

1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктеріне сипаттама.

2. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің классификациясы.

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазіргі кезге дейін ылғалды жерде тіршілік етуіне байланысты эвалюциялық дамуы сол қарапайым күйінде қалған. Олар тамыр, сабақ, жапырақ, жеміс тағы басқа мүшелерге бөлінбеген. Вегетативтік денесі талломдардан тұрады. Таллом бір жасушалы, бірақ ол ұлпаларға және органдарға бөлінбеген. Көптеген түрлеріне тән әртүрлі пигменттері болады. Фотасинтез жүреді. Хлорофилі жоқ организімдері де бар. Оларға гетеротрофты қоректену тән. Талломдарының бөлінуі арқылы вегетативті жолмен, споралар, зооспоралар арқылы жыныссыз жолмен, гаметалардың қосылуы арқылы жынысты жолмен көбейеді. Жыныстық жолмен көбею органдары –оогонилері мен антеридиилері біржасушалы болады. Түрлерінің саны жағынан және әртүрлі экологиялық –географиялық жағдайларда таралуына қарай төменгі сатыдағы өсімдіктер бірінші орында тұрады.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер-Thallobionta

1. Өсімдіктер дүниесінің жасушаға дейінгі тармағы- Procytobionta

1. Вирустар бөлімі.- Virophyta

II. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядроға дейінгі тармағы- Thallobionta procariota

2. Дробянкалар бөлімі- Schizophyta

3. Көк-жасыл балдырлар бөлімі- Cyanophyta

III. Өсімдіктер дүниесінің талломды, ядролы, пластидті тармағы.-

Thallobionta eucaryota



  1. Жалтырауық сары балдырлар-Crysophyta

  2. Сары-жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар- Xantophyta

  3. Диатомды балдырлар бөлімі- Diatomophyta

  4. Пирофитті балдырлар бөлімі Pirrophyta

  5. Эвгленалы балдырлар бөлімі Euglenoophyta

  6. Қоңыр балдырлар бөлімі Phaeophyta

  7. Қызыл балдырлар бөлімі Rhodophyta

  8. Жасыл балдырлар бөлімі - Chlorophyta

  9. Хара балдырлар бөлімі Charophyta

  10. Қыналар бөлімі Lichenophyta

IY. Өсімдіктер дүниесінің талломды , ядролы, пластидтері жоқ тармағы- Thallobionta aplastidae

12. Кілегейлілер бөлімі-Myxophyta

13.Саңырауқұлақтар бөлімі-Mycophyta

Саңырауқұлақтардың 100000 мыңдай түрлері белгілі. Зерттейтің ғылым микология деп аталады. Саңырауқұлақтарда хлорофилл болмайды. Қоректену ерекшеліктеріне қарай не сапрофиттер , не паразиттер болып табылады. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі органикалық заттармен, ал паразитті саңырауқұлақтар тірі организмдердің денесінде өмір сүреді жіне солардың клеткаларынан өзіне қажетті заттарды сорып қоректенеді. Саңырауқұлақтардың денесі мицелий немесе грибница деп аталады. Саңырауқұлақтарды жеті класқа бөледі: Chytrodiomycetes, Hyphochytromycetes, Oomycetes, Zygomycetes, Ascomycetes, Basidiomycetes, Deuteromycetes. Оомицеттер класындағы (Oomycetes) саңырауқұлақтар өсімдіктердің қалдықтарында, жануарлар өлексесінде кездеседі, балдырларда, ал кейбір түрлері омыртқасыз жануарларда, амфибиялар мен балықтарда паразиттік түрде тіршілік етеді. Күрделі дамыған түрлері жер бетіндегі жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің облигатты паразиттері болып саналады.



Вегатативтік жолмен көбейе алады.

Жыныссыз көбейу процесі – оогамия. Моноблефаридиялықтардан айырмашылығы – антеридиялары гаметаларға дифференцацияланбаған. Бұл кластың басқа саңырауқұлақтардан ерекшелігі – олардың зооспораларында ұзындықтары бірдей екі талшығының болуында.

Бұларға бірнеше қатар кіреді, олардың ең маңыздылары: сапролегниялық (Saprolegniales) лептомиталық (Leptomitales) және пероноспоралық (Peronosporales) саңырауқұлақтар.

Cапролегниялық қатар (Saprolegniales)

Вегетативтік көбею тән.

Жыныссыз көбейуі кезінде екі талшықты екі стадиялы зооспоралы бір – бірін жүйелі түрде ауыстырып отырады. Оны дипланетизм деп атайды.

Жынысты прцесі; кейде оогамий бір түрлерінде біреу, ал көптеген түрлерінде көп жұмыртқа клеткаларын түзеді.

Сапролегниялық (Saprolegniales) тұқымдасы қатардың ең үлкен бөлігін алады. Бұл клеткаланбаған, жақсы жетілген мицелий бар саңырауқұлақтар.

Тоқтап қалған тоған суының бетіндегі шыбын өлексесінің маңайында ұзындығы 1 см жететін ақ ұлпа – мицелий пайда болады. Біраз уақыт өткеннен кейін гифтердің ұшында – түйреуіштің басы тәріздес зооспорангий түзіледі.

Зооспорангийдегі алмұрт тәріздес зооспоралардың екі талшығы бар. Біраздан кейін олар сырты қабықпен оранып тыныштық кезеңге көшеді. (циста). Одан кейін ол қайта өсіп, бүйрек тәрізді зооспораға айналады. Бұлардың талшықтары бүйірлеріне бекінген, олар ұзақ жүзіп жүріп белгілі бір субстратты табады да, оған жабысып, түрып талшығын тастап қабық киеді де, одан жаңа мицелий түзеді. Бұларға пролиферация құбылысы тән. Ол дегеніміз – зооспорангий, ескі қабықтың ішінде өне береді.

Сапролегнияның мицелийлерінде оогоний және антиридий дамиды. Оогоний қысқа келген мицелийлердің бүйірінде шар тәрізді болып орналасады, олар жеке перделермен бөлінеді. Олардан бірнеше жұмыртқа клеткалары түзіледі.

Ұрықтанғаннан кейін ооспора қалын қабықпен қапталады.

Егер қоректік заттары жеткілікті болса жынысты жолмен, егер қоректік зат жеткіліксіз болса – онда олар жыныссыз жолмен көбейеді.

Қолданылған әдебиеттер: 3,5,6.
Тақырып 9. "Жоғарғы сатыдағыөсімдіктер. Жоғары спораланған өсімдіктер."

1. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ерекшеліктеріне сипаттама.

2. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің классификациясы.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер құрлаққа шығуына байланысты құрлысы күрделенген. Жапырақ, сабақ, тамыр пайда болған. Арнайы өткізгіш системалар трахеид, трахея, түтіктер пайда болған. Өткізгіш элементтер заңды түрде үйлесіп шоқтар түзген. Жер бетінде өсімдіктердің суды шамадан тыс жоғалтпауы жабындық ұлпалар (эпидерма, перидерма, қыртыс) мен устицалық аппарат пайда болған. Вегетативті, жыныссыз, жынысты көбею жолдары тән. Жылбұрындардың даму циклі. Жоғары сатыдағы өсімдіктер

I. Өсімдіктер дүниесінің өркенге дейінгі архегониялылар тармағы- Procombionta archegoniatae


    1. Риниофиттер

    2. Псилот тәрізділер

    3. Мүктәрізділер

  1. Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы Cormobionta archegoniatae

      1. Плаун тәрізділер бөлімі

      2. Қырықбуын тәрізділер бөлімі

      3. Папоротник тәрізділер бөлімі

      4. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі

III. Өсімдіктер дүниесінің өркенді аналықтар тармағы Cormobionta gynoeciatae

1. Жабық тұқымдылар бөлімі.


«Қырықбуындар бөлімі» Папортник тәрізділер.

Папортник тәрізділер өзінің жас шамасы жағынан риниофиттерден, псилот тәрізділерден және плаун тәрізділерден кейін тұрады. Олар шамамен қырықбуын тәрізділермен бір уақытта пайда болған. Егерде риниофиттер түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер болса, псилот тәрізділер, плаун тәрізділер және қырықбуын тәрізділер қазіргі кездегі флорада аздаған ғана түрлерімен белгілі. Ал папортник тәрізділер бұрынғы геологиялық кезеңдерге қарағанда бәсеңдеу болғанымен, өзінің шарықтап өсуін әліде жалғастырып келеді. Қазіргі кезде олардың түрлерінің саны 10 мыңнан астам. Папортник тәрізділер жер бетінің барлық жерлерінде таралған, олар тропикалық ормандарда және батпақтардан бастап, шөлді аймақтарға дейін әртүрлі жерлерде кездеседі. Папортник тәрізділердің алуан түрлігі жағынан, ылғалды тропикалық ормандар ерекше орын алады. Бұл жерлерде папортниктер топырақта ғана емес, сонымен бірге эпифит ретінде басқа ағаштардың діндеріндеде өседі.



Классифткациясы. Бөлім 7 кластан тұрады: аневрофитопсидтер, археоптеридопсидтер, кладоксилопсидтер, зигоптеридопсидтер, офиоглосопсидтер немесе ужовниктер, мартиопситтер, полиподиопсидтер. Осы 7 кластың ішіндегі біздің флорада ең кең таралғаны полиподиопсидтер класы.Плаун тәрізділер өте еретеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақжапырақтылар линиясын түзеді. Қазіргі кездегі өкілдері көпжылдық мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштары да болған.

Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ кейде тіптен қабыршақ тәрізді жапырақтары қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамшаланағн жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы тамыршалары кетеді. Жерасты және жербеті остері жоғары ұштары арқылы бұтақталады. Остің жоғарғы ұшында спорингілері жиыоып масақ түзеді, сиректеу олар сабақта спора қарар болсақ, олар жапырақтардың үстіңгі жағында ораналсады. Споралардың мөлшері бірдей немесе әрқилы болып келеді. Басқаша айтқанда тең споралы да және әртүрлі споралаы да түрлері болады.

Классификациясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады: плаундар класы және полушниктер класы.Плаундар класы. Бұл класқа тең споралы плаун тәрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксиондар қатары, плаундар қатары, протолепидодендрондар қатары. Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойыолып кеткен фикустер тұқымдасынан және осы кластың қазіргі кезге дейінгі жеткен плаундар тұқымдасынан. Плаундар спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырының камбиі болмайды. Мөлшері бірдей. Плаундардың шаруашылықтағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дәрі алынады. Плаундардың спорасы ертеден медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кепппейді. Оларда жас баланың тақымна себетін ұнтақ( детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату және олардың сырт формасын әдемі көрсету мақсатында пайдаланады. Шоқпарбас плаун. Қылқанжапырақты ормандаарда кең таралған өсімдік. Спорифиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтары мен төмен қарай кететін қосалқы тамыршалары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тармақталған бұтақтары болады. Өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады. Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады. Вертикаль бағытта тік көтеріліп тұратын сабақтарының ұшында, біршама ұзын аяқшаның үстінде екіден спора түзетін масақтары болады.

Масақтың формасы цилинидр тәрізді, оның осі болады. Ості айнала спорофиттері, басқаша айтқанда, ұштары үшкір, әрі жоғары қарай қайрылған қабыршақ тәрізді үш бұрышты жапырақтары орналасады.

Қолданылған әдебиеттер: 3,7,8,21,22,23,24,25.


Тақырып 10. "Тұқымды өсімдіктер. Жалаңаштұқымды өсімдіктер."

1. Жалаштұқымды өсімдіктерге сипаттама.

2.Классификациясы.

Қазіргі кездегі флорада ашық тұқымдылардың 800-дей түрі бар. Көптеген тұрлері жойылып кеткен. Түрлерінің саын аз болғанымен, оларр климаты салқын зонада және тауларда үлкен орман түзеді. Құрылысы: Спорофиті негізінен ағаштар., сиректеу ағаштанған лиандар немесе бұталар. Шөптесін формалары жоқ. Бүйірінен бқтақтанады, сабағы монподиальды бұтақтанады. Сабағы екінші рет қалыңдайды. Көптеген түрлерінің түктері жоқ. Бір түрлдерінің жапырақтары үлкен,итілімділген, ппаоротник тәрізділердің жапырақтарына ұқсас, ал екіншілерінде ұсақ тұтас қабыршақ тәріздінемесе ине тәрізді болап келеді.Ашықтұқымдылардың біраз түрлерінен басқасының барлығы жасыл өсімдіктер. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы. Негізі белгілерінің бірі олардың тұқымбүрі болады. Тұқым бүрі дегеніміз- өзі мегаспорангий ол ерекше қорғаныш қызметін атқаратын қабықша интегументпен қапталады. Тұқымбүрлері мегаспорафильдерде ашық орналасады, олардан ұрықтанғаннан кейін дән пайда болады. Дәннің пайда болуы ашықтұқымдылардың споралы өсімдіктерге қарағанда көп мүмкіндіктерге ие болуын және құрлыұта басым болуын қамтамасыз етеді. Ашықтұқымдылардың өмірлік циклін қарастырғанда , мысал ретінде кәдімгі қарағайды аламыз. Ол спорофитінің биіктігі 50 м-дей болатын, 400-жылдай өмір сүретін өсімдік. Қарағай шамамен 30-40 жылдан кейін спора түзе бастайды. Спорафильдері бір-бірінен айқын айырмасы бар бір өсімдікте болатын екі бүр түзеді. Аталық бүрлер топтасып, аналық бүрлер жалғыздан орналасады. Аталық бүр қабыршақтардың қолтығында қысқарған сабақтың орнында пайда болады. Сонымен, ашық тұқымдылардың папоротник тәрізділеоге қарағанда бірқатар прогрессивтік белгілері бар: гаметофиттері дербестігін түгелдей жоғалтқан, олар спорофиттерінде пайда болады және соның есебіне өмір сүреді; ұрықтаеуы сумен мүлде байланыссыз; спорофиттің ұрығы гаметофиттің есебінен қоректенгенімен, дәннің ішінде тұрады және сыртқы ортеның қолайсыз жағдайынан жақсы қорғалған. Ашық тұқымдылардың дәндерінің ерекшелігі олардың табиғатының екі жақтылығында: қоректік ұлпа эндосперм гаметофитежатады. Ұрық жаңа спорофиттің бастамасы болып табылады, сыртқы қабықпен нуцеллус спорофиттің ұлпасынан пайда болады. Ашықтұқымдыларды 6 классқа бөледі: 1/ Тұқымды папоротниктер, 2/ саговниктер, 3/ бенетиттер, 4/ гинколар, 5/ гнеталар, 6/ қылқан жапырақтылар.

Қолданылған әдебиеттер: 1,3,7,8.
Тақырып 11,12. "Жабықтұқымды өсімдіктер."

1. Жабықтұқымды өсімдіктерге сипаттама.

2. Гүлге сипттама.

3. Классификациясы.

Гүлді өсімдіктерде тұқым жемістің ішінде жетіледі, сондықтан гүлді өсімдіктерді жабықтұқымдылар деп атайды. Түрлерінің саны 250 мыңнан 300 мыңға дейін жетеді. Бұл жер бетінде қазіргі кезде қалыптасқан жағдайға ең жақсы бейімделген, барлық құрлықтардың өсімдіктер жабынында ерекше басым болып келетін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктерге қосарынан ұрықтану тән. Гүл жабықтұқымды өсімдіктердегі қысқарған, түрі өзгерген, өсуі шектелген, көбеюге қажетті жыныс мүшелері бар споралы өркен. Гүл өркеннің апикальдық және қолтық меристемасынан пайда болады. Гүлде спорогенез, гаметогенез және процесі өтеді. Тозаңданып ұрықтанғаннан кейін гүл жеміске айналады. Гүлдегі аталықтар жиынтығы - андроцей, аналықтар жинтығы - геницей деп аталды. Гүлдің құрылысн ықшамдап көрсету үшін оны арнаулы формуламен белгілейді. Формулада гүл бөліктері шартты таңбалармен белгіленеді. Мегаспорагенез және мегаметогенез. Тозаңдану жолдары. Жабық тұқымдылар өте ертеден қос жарнақтылар және дара жарнақтылар кластары болып екіге бөлінеді. «Қосжарнақтылар класы » Қосжарнақтылар класының түрлерінің саны 200 мыңнан астам болады. Қосжарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетті. Тамыр системасы формасы жағынан көп жағдайда кіндік тамырлы. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шаңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы. Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады. «Даражарнақтылар класы». Даражарнақтылар класы 4 класс тармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер. Жер бетінің барлық континенттерінде кең таралған.

Даражарнақтылар класының ерекшеліктері: Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырларының орнына қосалқы тамырлар пайда болады. Тамырлары екінші рет қалыңдауға қабілетсіз, тамыр жүйесі көп жағдайда шашақ тамырлы. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады. Флоемасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанла ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады. Ксилемасы флоеманы айнала қоршап тұрады. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Қолданылған әдебиеттер: 1,3,7,8,21,22,23,24,25.
Тақырып 13. "Тұқым және жеміс."

1. Тұқым және жеміс туралы түсінік.

2. Қосарынын ұрықтану. Тозаңдану. Түрлері мен жолдары.

Тұқым гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтану нәтижесінде пайда болатын, көбею, таралу қызметін атқаратын мүшесі болып табылады. Ол сырты жеміс қаппен қапталған ұрықтен және қор жинайтын ұлпадан тұрады. Өсуге қолайсыз жағдайда тұқым тыныштық қалпында топырақта ұзақуақыттар бюойы жата беруі мүмкін. Қолайлы температурада және ылғал жеткілдікті болған кезде тұқым бойына суды тартып, ауа жеткілікті мөлшерде келіп тұрса ісініп өседі. Қор заттарының жиналуына байланысты тұқым эндосперімді, эндоспермсіз, перисперімді, эндосперімді-перисперімді деп бөлінеді. Жеміс тұқымды сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан сақтайтын, өсімдіктің көбею және таралу мүшесі. Жеміс гүлден, ұрықтану процесіне кейін ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзңлуінде негізгң рольді гинецей атқарады. Ке,йбір өсімдіктер ұрықтану процессі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды. Жеміс перикерпийден және тұқымның жиынтығынан тұрады. Перикарпий- бір немесе бірнеше аналықтың жатынының қабырғасынан көп жағдайда гүлдің басқа бөлңктерңнен – жапырақшалардан, сиректеу гүл тұғырынан пайда болатын, жемістің қабықшасы болып табылады. Перикарпий үш қабаттан тұрады: сыртқы-экзокарпий, ортаңғы- мезокарпий және ішкі- эндокарпий. Жемістер алуан түрлі болып келеді. Қарапайым апокрапты гинецейден пайда болған жемістерді апокарпиялар, ал ценокарпты гинецейден пайда болған жемістерді ценокарпиялар деп атайды. Жемістерді жай және күрделі деп екіге бөледі. Егер жеміс гүлдің бір ғана аналығынан дамыса-ол жай, ал бірнеше аналығынан дамыса –күрделі болып табылады. Жабық тұқымды өсімдіктердің жемістерін шырынды және құрғақ жәімістер деп бөледі. Шырынды жемістердің ірі паренхималық, шырыны мол жасушалардан түзілген мезокарпийі жақсы дамыған. Құрғақ жемістілердң шырындыларға қарағанда мезокарпийі нагар дамыған. Көпшілігінің мезокарпийі көп қабатты, жасуша ішілік заттарын жоғалтқан паренхималық, склеренхималық және қабыршақ жасушалардан түзілген. Құрғақ жемістер қақырайтын және қақырамайтын, ал шырынды жемістер шиелі және сүйекті жемістер деп бөлінеді. Қақырайтын құрғақ жемістер қақырау жолына, ішіндегі ұялардың санына қарай бөлінеді. Таптама- бір жеміс жапырақшасынан пайда болған, бір ұялы, көп тұқымды құрғақ, бір жағынан қақырайтын жеміс. Апокрпты гинецейден біріккен таптама түзіледі. Таралу жолдары – жел, су, жануар, адам арқылы таралады. Жемістерді қақырайтын, қақырамайтын, құрғақ және шырынды деп жіктейді.

Тозаңдар пісіп жетілген соң тозаңқап қақырап ашылады. Одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі жолы бар: Өздігінен және айқас тозаңдану. Өздігінен тозаңдану тек қос жынысты өсімдіктерге тән. Бұл жағдайда бір гүлдің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына келіп түседі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық өсімдіктер деп атайды. Бір гүлдің тозаныы екінші гүлдің аналығының аузына келіп түсуін айқас тозаідану деп атайды. Айқас тозаңданудың екі түрі бар гейтеногамия, ксеногамия.

Ұрықтану аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұөымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын жұмыртқа жасушасы деп атайды. Тозаңның жасушасының біреуі аналықтың аузына түсіп, экузиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады. Кейде мұндай түтіктің ұзындығы бірнеше сантиметрге жетеді. Онда генеративитік жасушаның бөлінуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі. Тозаң түтігі аналықтың аузы мен мойнының борпылдақ ұлпасын жарып өтіп, гүл түйініне қарай өседі, одан әрі тозаң тесігі арқылы тұқым бүршігіне өтеді. Немесе жабындықтарды жарып өтіп ұрық қалтасымен тікелей түйіседі.Ұрық қалтасының тозаң түтігімен түйіскен жеріндегі қабықшасы шырыштанады, нәтижесінде тозаң түтігі қалтаның ішіне енеді. Ол жұмыртқа жасушасына жеткен соң жарылады нәтижесінде одан спермиялар босап шығады. Оның біреуі жұмыртқа жасушасымен қосылып зигота,и екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен қосылып триплоидты жасуша түзеді. Қосарынан ұрықтануды 1898 жылы орыс ғалымы, академик С.Г.Навашин ашқан. Қосарланып ұрықтанғаннан кейін зиготадан ұрық, триплоидты жасушадан эндоспермпайда болады.

Ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз пайда болуын –апомиксис деп айтады. Апомиксисті өсімдіктер көп жағдайда морфологшиялық ауытқушылықтарға ұшырайды. Олардың тозаңы көптеген жақсы қасиеттерін жоғалтып, бұрынғы қабілетінен айырылады., яғни дегенерацияға ұшырайды, ал тозаңқабы редукцияға ұшырайды.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4.


Тақырып 14. "Улы және зиянды өсімдіктер."

Құрамында алкалоид, глюкозид, сапонин тағы басқа заттары бар өсімдіктерді улы өсімдіктерге жатқызыады. Улы өсімдіктер барлық жерлерде кездеседі. Бір өсімідктің құрамындағы у мөлшері оның орналасу жағдайына , яғни қошаған ортасына қарай әр түрлі өзгереді. Улы өсімдіктер жануарларға әртүрлі әсер етеді: Біреулері жүйке жүйесіне, кейбірі – асқорту жүйесіне, тағы біреулері-жүркке және тағы басқа. Зиянды өсімдіктер сүт сапасын төмендетеді, жүн сапасын нашарлатады, ауыз қуысын жаралайды. Өсімдік құрамындағы уу мөлшері орналасу жағдайына, вегетациялық периодына байланысты өзгеріп отырады. Сарғалдақ тұқымдастары гүлдеген кезде өте улы болады. Сарғалдақ тұқымдастары көп жылдық өсімідктер. Тамыры бір –біріне жалғасқан түйнектерден тұрады. Тік сабақты, қалың түктелне, биіктігі 70 см-ге дейін. Қатқыл жалаңаш жапырақты, жұмыр гүлді. Тянь- Шань, Жоңғар Алатауы, субальпілік және альпілік белдеулерде таралған. Олар шабындық жерлерде, тау беткейлерінде, өзен жағалауында, бұталар арасында өседі. Көбінесе вегетативті көбейеді. Өсімдік толығымен улы., әсіресе тамыры. Барлық органдарында 3% алколоид және өте улы акотин болады.1 кг тірі салмаққа 0,02....0,05 мл мөлшері ең қауіпті деп саналады. Тамыр қайнатпасын көптеген медициналық препараттарда пайдаланады.

Үлкен басты ошаған- астралықтар тұқымдастарының көп жылдық өсімдіктері. Сабағы 40-80 см., түктермен оралған, жапырағы тікенді, торлы-түкті. Кавкездың альпілік шабындығындағы қатаң өсімдіктердің бірі. Сәуір-мамыр айларында бүршіктеніп, тамызда гүлдейді. Тұқыммен және вегетативті жолмен көбеіеді. Бірінші жылы кішкене жапырақтар мен негізгі темырлар қалыптасады. Жас тамырдың 9-10 см кесінділерінен де көбейе алады. Кәдімгі ошаған- астралықтар тұқымдасының екі жылдық өкілі. Сабағы 40-80 см тікенді. Жапырағы ұзынша, тілімделген, қатқыл тікенмен аяқталады және жапырақ үсті де ұсақ тікендермен қапталған. Гүлдері сабақ басында орналасқан. Шабындықтарда, жол бойында, орман шеттерінде өседі. Ірі қара мал оны тікені үшін жемейді. Шабындық ошаған- Астралықтар тұқымдасының шашақ тамырлы, биіктігі 50-130 см болатын көп жылдық өкілі. Тамыр жүйесі өте мықты, 2-4 м тереңдікке дейін жетеді. Төменгі жапырақтары гүлдеген соң түсіп қалады., ал негізгі жапырақтары сабақтың жоғарғы бөлігінде орналасады. Олар ұзынша келген тікенектермен жиектелген, үстіңгі беті жасыл, асты ақшыл жасыл түсті. Барлық жерде дерлік өседі. Құрғақшылық пен суыққа аса төзімді. Тұқыммен және тамыр үлескелерімен көбейеді. Өте ерте көктейді. Шілде темыз айларында гүлдеп, ұрық шашады. Өте шырынды өсімдік. Гүлдегенге дейін көп мөлшерде протеин сақтайды, ол гүлдеу укезінде күрт азаяды. Каротин де болады. Жас күйінде оны барлық мал жей алады. Ал ересек ошаған жануарларға зиян келтіреді. Жапырағының жиегіндегі тікендері малдың ауыз қуысының сілемейлі қабатын бұзады. Жайылма кекіре- биіктігі 20-75 см болатын көп жылдық шөптесін өсімдік. Тамыры жер астында кең жайылып, бүршіктер береді. Осылай көбейеді. Тік, қырлы, толығымен бұтақшаланған, сабақты және жапырағы өте жиі орналасқан. Ақшыл қызыл түсті гүлшоғырлары сабақ пен бұтақтарының ұшында орналасқан. Барлық жерде кездеседі. Әсіресе өзен көлдің жағасында, шөлді далаларда, теңіз деңгейінен 2800 м жоғары орналасқан тау беткейлерінде арамшөп ретінде өседі. Құрғақшылыққа аса төзімді. Өсімдік барлық күйінде улы. Әсіресе жылқы малына өте зиянды.

Қолданылған әдебиеттер: 3,5,7,8.


Тақырып 15. Өсімдіктердің экологиялық топтары.

Өсімдіктердің экологиялық топтарын форма түзетін және физиологиялық маңызы бар, бейімделуін тудыра алатын факторына байланысты бөледі.

Тіршілік формасы деп - өсімдіктердің онтогенезінде белгілі бір экологиялық жағдайда пайда болатын және негізгі бейімделу белгілері жиынтығын көрсететін өзіндік сыртқы бейнесі. Өсімдіктердің белгілі бір түрінің особьтарына тән тіршілік формасы – ұзақ эволюциялық дамудың нәтижесі және ол тұқым қуалау белгісі болып бекінген. Сыртқы ортаның қандайда-бір факторына бейімделген, формалар түзуде маңызды роль атқаратын өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі.Ылғалдыққа байланысты өсімдіктерді мынандай экологиялық топтарға бөледі.

Ксерофиттер деп ылғалдың көп мөлшерде жетіспейтін (тұрақты немесе уақытша) жерлерінде өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі бейімделушіліктер тән-кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықщасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппараттарының ойыстау жерден орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшаларының сүректенуі, жапырақтарының шиыршықталып қалуы, жапырақтарының редукцияға ұшырауы және т.б. .Кейбір өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарында көптеген мөлшерде су жинайды (суккуленттер), жақсы жетілген тамыр системасын түзеді.

Мезофиттер деп ылғалдығы жеткілікті, әрі бір қалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтады.

Гигрофиттер деп суда өсетін өсімдіктерді айтады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батып тұрады. Олар не судың түбіне бекініп өседі, не болмаса суда еркін жүзіп жүреді.Олардың органдарының сыртқы беті үлкен, жапырақтары жіңішке, кутикуласы жоқ, клетка аралық қуыстпары үлкен, ауамен толтырылған, түтіктері нашар жетілген болады.

Гигрофиттер деп, ауаның ылғалдылығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктерді айтады.Олардың судың булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды.Эпидермисінің клеткаларының қабықшалары жұқа, кутикуласы жұқа, устьица аппараттары жапырақ тақтасының бетінде бірыңғай орналасқан, клекалары үлкен, борпылдап бос жатады.

Жарыққа қатынасына ьайланысты көлеңке сүйгіш өсімдіктер деген экологиялық топты бөледі. Бұл топқа жататын өсімдіктер барлық уақытта көлеңкелі жерде өседі.

Бұлар негізінен ормаррың төменгі ярусын құрайтын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардың сабақтары жіңішке, ұзын, арқаулық, ұлпалары жетілмеген, хлорофиллдері аз болады.

Бір өсімдіктің бөрікбасының деңгейінде жарық сүйгіш жапырақтар деп бөледі.Жарық сүйгіш жапырақтардың көптеген белгілері ксерофиттерге сәйкес келеді. Өйткені ашық күнде, барлық уақытта өімдіктерге жарық көп түседі де оны қыздырады, нәтижесінде судың булануы күшейеді. Көлеңкелі жердегі жапырақтардың белгілері көп жағдайда гигрофиттердің белгілерімен сәйес келеді.

Жаңбырлы тропикалық ормандапрдың, көлеңке шамадан тыс көп түсетін жерлерінде, өркендердің негізгі бөлігін үстіңгі ярусқа, күннің көзіне алып шығатын, өсімдіктердің ерекше тіршілік формалары – лианалар мен қалыптасады.

Лианалар деп ағаштарға өрмелеп тез өсетін өсімдіктерді айтады. Олар қаты сүйенішті пайдаланып күннің көзіне қарай жылжиды. Эпифиттер деп жердің бетінен көп жоғары жердегі ағаштардың діндеріне қоныстанатын шөптесін өсімдіктерді айтады

Өсімдіктің тіршілік формалары.

Тіршілік форма дегеніміз – формалар түзетін процестің ең қарапайым бірлігі . Дәлірек айтқанда тіршілік форма дегеніміз - өсімдіктің сыртқы кескіні, ол жеклеген өсімдіктің сыртқы ортаның ір түрлі жағдайына бейімделушілігін көрсетеді. Тіршілік формасының морфофизиологиялық оқшаулануы, генетикалық кодтың бақылауымен жүреді. Тек осы генетикалық кодтың қызметінің нашарлауына байланысты, сонымен бірге химиялық әсердің немесе сәулелердің әсерінің шамадан тыс күшті болуына байланысты түзілетін мутацияның, рекомбинацияның, полиподияның негізінде өсімдәктерде серпінді өзгерістер жүреді.

Тіршілік формалары туралы білім морфологияның үлкен бөлімін құрайды. Алғашқы рет бұл ұғым ғылыми термин ретінде « Өсімдіктердің экологиялық географиясының» негізін салған Е. Вармингтің жұмыстарында кездеседі.

1903 ж. Дания ғалымы К. Раункиер, сол кездегі белгілі ғылыми мәліметтерді қорытындылай отырып, тіршілік формасының классификациясын жасаған.

К. Раункиердің классификациясы жылдың қолайсыз мезгілінде өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктерінің орналасуымен қорғану тәсілдеріне негізделген.

Фанерофиттер (Рһ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен 25 см биіктіктен жоғары орналасады;

Хамефиттер (Сһ) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады ( жердің бетінен 25 см биіктікиен төмен орналасады);

Гемикриптофиттер (Н) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері, жердің бетінің деңгейімен бірдей орналасады және оларда өсімдіктің қурап түскен қалдықтары немесе топырақтың жоғарғы қабаты жауып, қорғап тұрады.

Криптофиттер (К) - өсімдіктің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің немесе судың астында орналасады;

Терофиттер (Т) – біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін, тұқым күйінде басынан өткізеді.

Бұл классификация басқа классификациялардан құрылысының таңғаларлықтай қарапайымдылығымен жіне жүйелілігімен айқын ажыратылады. Оның физиологиялық аспекті - өсімдіуктің жылдық тыныштық кезеңіне реакциясы; морфологиялық аспекті - өсімдіктің қайта көктеуге арналңан бүршіктерінің жердің бетіне қарай орналасуымен олардың жылдық қолайсыз мезгілінде қорғану тәсілдері.

Қолданылған әдебиеттер: 7,8,19,21.


7.2. Зертханалық сабақтардың тақырыптары .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет