Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін
Мақсатыма жетемін, Тұрақты тоқ-Point
1-жаттығу 

 

     


Мен сіздерге, өзіңіздің өміріңізді өзгертетін мақсат қою үшін жаттығу 

ұсына аламын. Мұнымен 25 жыл бұрын өзім жаттыққанмын. Бастапқыда 

мен оған сенімсіздікпен қарадым, бірақ, сонда да болса «көрейін» дедім. Оны 

бастауға  да  бір  айдай  уақыт  кетті.  Бұл  жаттығудың  менің  өмірімді 

өзгерткені соншалықты, тіпті, мен солай боларын күтпедім де. 

 

     



Осы  жаттығуды  мен  ұсынған  адамдардың  барлығы  да:  «Иә,  шынында 

да,  бұл  күшті  әдіс,  оның  соңынан  өміріңізде  өзгеріс  болады»  деп, 

келіскендерін талай мәрте білдірген. 

 

     Сонымен,  ол  жаттығу  мынау.  Қолыңызға  таза  қағаз  алыңыз.  Ең 



жоғарғы  жағына  сіз  «Мақсат»  деген  сөзді  және  бүгінгі  күнгі  датаны 

көрсетіңіз.  Одан  кейін  жақын  жылдардың  ішінде  жеткіңіз  келетін  кем 


дегенде  10  мақсатты  тізіп  шығыңыз.  Мақсаттарды  үш  шартты  ескере 

отырып жазу қажет. 

 

     



Бірінші  шарт  —  сіз  оларды  дәл  қазір  орындалғандай,  осы  шақпен 

жазасыз.  «Менің  байығым  келеді»  деп  емес,  «Мен  бір  жылдың  ішінде 

осынша қаржы таптым» деп жазыңыз. «Мен көп ақша табамын» дегеннің 

орнына, «Мен айына бірнеше мың доллар тауып жүрмін» деп қойыңыз. «Мен 

темекіні тастаймын» деп емес, «Мен темекі тартпаймын» деп жазыңыз. 

 

     



Басқаша  айтқанда,  сіз  мақсаттарды  олар  жүзеге  асқандай  етіп 

жазыңыз.  Мысалыға,  «Мен  жақсы  көретін  адамыммен  бірге  өмір  сүріп 

жатырмын, біздің қарым-қатынасымыз ойдағыдай, мен бақыттымын». 

 

     



Екінші  шартқа  ауысайық.  Сіз  мақсаттарыңызды  нақтырақ  жазуыңыз 

қажет. Сіз: «Мен көлік сатып алдым» деп жазбайсыз, «Мен жаңа модельді 

BMW-нің  алтыншы  топтамасын  сатып  алдым»  деп  жазасыз.  «Мен 

арықтадым»  деп емес, «Менің салмағым мұнша  келі» деп жазуыңыз керек. 

«Мен  байыдым»  дегеннің  орнына,  «Менің  осынша  мың  (немесе  миллион) 

долларым бар» деп жазған дұрыс болады. 

 

     



Сонымен,  үшінші  шарт  —  дербес  мақсат  құрыңыз.  Қай  кезде  де 

мақсатты  жазған  уақытта  «Мен»  деген  сөзді  қолданыңыз.  «Мен  мұнша 

ақшаны  мына  күнге  дейін  табамын»,  «Менің  салмағым  мынадай»,  «Мен 

жылына  отбасыммен  мұнша  күн  бірге  боламын»,  «Мен  сатамын»,  «Мен 

табыс  табамын»,  «Мен  сақтап  қоямын,  «Мен  жетемін».  Кез  келген 

мақсатты  жазғанда:  «Мен  +етістік  әрекет».  Бұл  бұйрық  сіздің  бүкіл  ой-

санаңыздың мүмкіншілігін қозғалысқа келтіреді. 

 

     Сонымен,  сіз  10  мақсаттан  тұратын  тізім  жасайсыз.  Одан  да  көбірек 



жазуыңызға  болады,  сіздің  ақыл-ойыңыздың  15  мақсатпен  бір  уақытта 

жұмыс істеуге қабілеті жетеді. Мен ұсынғанмақсаттардың ұтымды саны 

— 10. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет