Брайан Трейси мақсатыма жетемін қалағаныңның бәріне өзің ойлағаннан да тезірек қалай қол



Pdf көрінісі
бет10/24
Дата26.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#105617
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24
Байланысты:
Мақсатыма жетемін
Мақсатыма жетемін, Тұрақты тоқ-Point
II ТАРАУ 

 

Неге жетуді қалайтыныңызды жазыңыз 

 

     Екінші  қадам

  —  мақсаттарыңызды  жазу.  Үлкен  адамдардың  3%-ы  ғана 

нақты  мақсаттарын  жазып  қоятындығы  белгілі.  Жазылған  мақсаттары 

барынша анық, өте дәл есептелген. Сіз өзіңіздің 

мақсаттарыңызды  жазуды  ойластырғанда  көз  алдыңызға  елестетіп  көріңіз, 

мысалыға, сіз тұратын облыстан алыстағы басқа облыста орналасқан зауытқа 

бір нәрсені жасауға тапсырыс бергенде ол 

зауыттағылар сіздің тапсырысыңыздың сызба жобасын пошта арқылы алып, 

оны  іске  асыра  алатындай  болуы  керек.  Басқаша  айтқанда,  сіздің 

«мақсатыңызды  орындап»,  өзіңізге  қайта  салып  жіберу.  Сіз  сәлемдемені 

алып,  қорапты  ашқанда  «Иә,  бұл  дәл  мен  қалағандай  екен»  дейтіндей  болу 

керек. Демек, сіздің мақсаттарыңыз егжей-тегжейлі және дәлме-дәл жазылуы 

тиіс. 

 

     Бірінші кезеңде, сіз мақсатыңызды армандайсыз, екінші кезеңде  барынша 



егжей-тегжейлі өте дәл ойластырып, тұжырымдайсыз. 

 

     Мен  бір  мысал  келтірейін.  Әрбір  адам  өзінің  жеке  үйінің  болғанын 



қалайды. Біз әйеліміз екеуміз шағын бір бөлмеде тұрған уақытымызда осыны 

жиі  армандаған  едік.  Сосын  біз  үй  сатып  алдық,  кейінірек  оны  сатуға  тура 

келді.  Себебі,  банкротқа  ұшырадық,  одан  кейін  жалға  пәтер  алдық.  Біз 

қиялдауымызды  тоқтатпадық,  біздің  армандаған  үйіміз  қандай  болар  екен 

деп  ойладық.  Мен  осы  сұрақтарға  ойланып,  әрдайым  әйелімнен 

сұрайтынмын.  Біз  ол  үйдің  «қонақ  қабылдайтын  үлкен  бөлмесі,  балалар 

бөлмесі  және  арт  жағында  өте  әдемі  ауласы  болады»  деп,  көз  алдымызға 

елестетінбіз.  «Осының  бәрін  жазып  қою  керек»  деп  ұйғардық.  Бұл  үйімізге 

қатысты  42  мінездеме  жаздық.  Әр  ай  сайын  бау-бақшасы  бар,  жағада 

салынған,  өзіне  тән  әсемдік  жобасы  жасалған  әдемі  үйлердің  суреттері  бар 




журналдар  сатып  алатынбыз.  Ол  журналдарды  қарап  отырып,  өзіміздің 

болашақ үйіміздің солардың қайсысына ұқсағанын қалайтынымызды айтып, 

ой  бөлісетінбіз,  талқылайтынбыз.  Көп  ұзамай,  біздің  өмірімізде  бәрі  өзгере 

бастады.  Ісіміз  оңға  басты,  кәсібіміз  табысты  болды,  бізге  жақсы  ауданнан 

жақсы  бір  үй  алуға  болатынын  түсіндік,  бірақ,  бұл  жақсы  үй  біздің 

арманымыздағы  үй  емес  екенін  білдік.  Біз  армандап  ойластыруды 

жалғастыра бердік. Үш 

жыл ішінде біз 150 үйді көріп шықтық, араладық, таңдадық, іздедік. Ақыры 

біз  талабымызға  сай  келетін  бір  үйді  таптық,  дәлірек  айтқанда,  біз  сол 

армандаған  үйді  таптық.  Біз  қазір  сол  үйді  аралап  серуендеген  сайын,  оны 

зерттеген сайын, оның соншалықты әдемі екенін түсінгендей боламыз. Міне, 

енді бұл үйде біз 19 жылдан бері тұрып келеміз. 

 

     Сіз  мүмкін,  «Мұны  қалай  істеймін?»  дейтін  боларсыз.  Неге  олай 



ойлайсыз? «Кім біледі, істей алмай қалсам?» деген шегіншектеу дұрыс пікір 

емес. Дұрысы: «Қажет болса істеймін, істемейтін несі бар?» деп айту. 

 

     Айтқанымдай,  егер  сіз  жалғыз  болсаңыз  және  өзіңізге  ұнайтындай  бір 



өмірлік  серік  тапқыңыз  келсе,  отырыңыз  да  өзіңіздің  болашақ  жарыңыздың 

бойынан  қандай  мінез-құлық  көргіңіз  келетінін  жазып  шығыңыз.  Есіңізде 

болсын,  оның  барлық  жеке  басының  қасиетін,  оның  отбасына,  тұрмыс-

тіршілікке  деген  көзқарасын,  адамдармен  қарым-қатынасын  түсіну  қажет. 

Осы  арқылы  сіз  өзіңіз  іздеген  адамды  өзіңізге  тартуға  көмектесетін 

бойыңыздағы  зор  күш-қуатты  қозғай  аласыз.  Бұл  жайында  біраз  бойдақ 

адамдармен  әңгімелескен  болатынмын.  Олар  өздерінің  өмірлік  серіктерін 

қалай табу қажет екендігін сұрады. Мен: «Ең алдымен, өзіңе мынадай мақсат 

қою  керек:  Сен  үшін  армандаған  адам  қандай  болуы  тиіс?  Сіз  ол  кісінің 

бойынан  көргіңіз  келетін  сипаттамалардың,  мінез-құлықтардың  қандай 

болуы  керектігі  туралы  тізім  жасайсыз.  Қалағаныңызша,  сіздің  10,  20,  30 

түрлі өлшем бірлігіңіз болуы мүмкін» деп жауап бердім. 

 

     Бірде  мен  ұзақ  уақыт  бойы  жалғыз  тұрған,  өте  ақылды  жас  қызбен 



әңгімелестім.  Оның  кездескен  жігіттерімен  жолы  болмапты,  себебі,  олар 

қыздың  ойындағы  жігітпен  сәйкес  келмеген.  Мен  ол  қызға  армандаған 

өмірлік  серігінің  дәл  бейнесін  жасауға  кеңес  бердім.  Үш  күннен  кейін  ол: 

«Менің тізімімнің саны 51 болды, яғни, мен өзім таңдаған адамның бойында 

осы 51 артықшылықтың болғанын қалаймын» дегенді айтты. Кейін мен оны 

тағы кездестірдім. Ол қыз 




мүлдем  өзгеріп  кетіпті.  Өзі  берген  мінездемелерге  сай  келетін  адамды 

жолықтырғанын  мойындады.  Бұл  мүмкін  еместей  жағдай  болатын! 

Мәселенің бәрі сонда еді, бұған дейін ол өзіне қандай адамның керек екенін 

анықтай алмай жүрген. 

 

     Өз  уақытымда  мен  де  солай  істеген  едім.  Мен  өзімнің  арманымдағы 



әйелдің қандай белгілері, мінез-құлықтары болуы қажеттігін жазып қойдым. 

 

     Егер  сіздің  кәсібіңіз  болып,  сізге  жәрдемші  керек  болса,  онда  сіз  қажет 



болған  адамды  суреттеп,  оның  бойынан  көргіңіз  келетін  сипаттарды  жазып 

қойыңыз. 

 

     Менің  кәсіпорнымның  маркетинг  бөлімінің  басшылығы  қызметіне  бір 



адам  қажет  болды.  Мен  өзім  қалаған  адамның  бойынан  көргім  келген  38 

сипатты тізіп шықтым. Екі аптадан соң біреу телефон соқты. Мен ол адамды 

бұрын  танымайтын  едім.  Ол  телефонның  арғы  жағынан:  «Мен  сіздің 

қарамағыңызда  жұмыс  істегім  келеді»  деді.  Ол  келді.  Мен  оған  өзі  туралы 

айтып  беруге  30  минуттай  уақыт  бердім.  Сосын  жұмысқа  алдым.  Ол 

жұмысқа  тұрғаннан  кейін  үш  ай  өткен  соң  өз  тізімімді  көрсеттім.  Тізімде 

көрсетілген  сипаттамалар  оның  бойында  бар  болып  шықты.  Бұл 

сипаттамалардың  ішінен  ол  тіпті  өзінде  бар  деп  ойламағандарын  да 

кездестірді. Бұл таңқаларлық тәжірибе. 

 

     Әрдайым ең маңызды нәрсені жазып отырыңыз! Мақсаттарыңыз жайында 



айқын бір ой келсе, бітті, сізге оған жету үшін атқаратын әрекеттердің тізімін 

жасау  қажет  болады.  Өзіңіз  жасаған  тізімді  үнемі  түзетіп,  толықтырып 

отырыңыз. Уақыт өте келе жағдай өзгеріп, сіз жаңа ақпарат аласыз, сол кезде 

сіздің  санаңызға  басқа  ойлар  да  келуі  мүмкін.  Осының  бәрін  қағазға  түртіп 

қоюды ұмытпаңыз. 

 

     Егер  сіз  менеджер  болсаңыз,  нағыз  жұмыскердің  бойынан  қандай 



қабілеттердің табылуы керектігін жазыңыз. Егер сіз армандаған үйіңізге қол 

жеткізуді  қаласаңыз,  онда  ол  үйдің  қандай  болғанын  қалайтыныңызды 

жазып, ол үйге қоятын негізгі талаптарды сипаттаңыз. Ойыңыздағы адамның 

немесе үйдің, жұмыстың, серіктестіктің т.б. сипаттамасының жәй ғана тізімін 

жасаудың  өзі  қандай  мүмкіншіліктер  ашатыны,  қандай  өзгерістер  алып 

келетіні тіпті, ойыңызға да келмейді. 

 



     Жазыңыз! Нақтылықты үйреніңіз! Егер мақсат жазылмаса, онда ол мақсат 

емес.  Жер  бетіндегі  тұрғындардың  тек  3%-ның  ғана  мақсаттары  жазылған. 

Осы адамдар ғана үлкен табыстарға қол 

жеткізген. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет