3.2. Қызметтер басталар алдында координаттардың тізімі бар кестелердің және карталардың көшірмелері Тапсырысшыға бекіту үшін ұсынылады. Барлық жылжымалы GPS жабдығы мен бағдарламалық жасақтама далалық жұмыстар басталарға дейін геодезиялық маркерлерде тексерілуі тиіс. Талаптардың біреуіне сәйкес келмеген жағдайда Супервайзер бұл жөнінде дереу Тапсырысшыға хабарлауға тиіс.
3.3. Қызметтер басталар алдында аспаптарды калибрлеу рәсімдері және түзетпелер келісіледі, олар тасымалдау салдарынан туындайтын аспаптар жұмысының кешеуілдеуі кезіндегі түзетпелерді және дәлсіздіктерді қамтуға тиіс.