Бұрыштық өлшеулер және әдістері. Теодолиттің құрылысы



Дата10.06.2020
өлшемі33 Kb.
#72926
Байланысты:
Бұрыштық өлшеулер және әдістері


Бұрыштық өлшеулер және әдістері.Теодолиттің құрылысы

Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезия мен ең жиі жүргізілетін жұмыстарга жатады. Бұрыштарды өлшейтін негізгі аспапты теодолит деп атайды.



Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабыргалары OA және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, aob бұрышы АОВ бұрышының жазық проекциясы. Горизонталь аов бұрышын К' горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К' дөңгелегі градустық шкалаларга бөлінген, ал центрі Р" және Рә тік жазықтықгарының қиылысу сызығы арқылы-ОО'өтеді. Дөңгелектің Р1 және Р2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері а және b арқылы еКі есеп алып, олардың айырмашылыгын тапсақ, ол олшенетін горизонталь бұрышқа, немесе аов=β-ның мәніне тең болады.

Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың бағыттарына дейін есептегендегі бұрыштар V1 және v2 көлбеу бұрыштары болып табылады. Вертикаль бұрыштарды градустың шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады. Бір аспаппен горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін, онда екі жазықтық (дөңгелек) бар. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге колданылатын аспап не деп аталады..

Z-теодолиттің вертикаль айналу осі; Т-көру дүрбісінің айналу осі; UU - цилиндрлік деңгейдің осі VV-көру дүрбісінің нысаналау визирлік осі.  Көтергіш үш винттердің көмегімен цилиндрлік деңгей нөл пунктке қою арқылы теодолитгің айналу осі ZZ тік бағытқа келтіріледі. Үш көтергіш винтгер тұғырығына орнатьшған. Теодолиттік негізгі жұмыстық бөлігі 0-ден, 360-қа дейін бөлінген шыныдан жасалған дөңгелек шеңбер-лимб және дүрбімен бірге айналатын алидада деп аталады. Көру дүрбісі айналу осіне ТТ екі тұғырық арқылы ұстатылады. Лимб пен алидаданың , дүрбінің бекіткіш және жетекші винтгері болады

Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.



3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет