Бронх обструктивті синдромы бар ауру балаларды жүргізу ерекшелігі. Жедел бронхит. Жедел обструктивті бронхит. Жедел бронхиолит


Жедел обструктивті бронхиттің емі



бет10/10
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#82284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Aibol Abdarsh

Жедел обструктивті бронхиттің емі

  • Тәртіп.
  • Қызба кезінде 2-3 күн төсектік тәртіпті сақтау. Сүт тағамдары мен өсімдік тектес тағамдар тағайындалады. Аллергия туғызатын тағамдарды шектеу. Науқасқа дәрумендерге бай, жеңіл сіңірілетін тағамдар беру. Қызба кезінде мүкжидектен (клюквадан) жасалған морс, бал қосылған сүт, минералды су сияқты сұйықтықтарды көп ішкізу.
  • Жедел обструктивті бронхиттің орташа және ауыр түрінде науқасты ауруханаға жатқызу.
  • Науқасты оттегімен тыныс алдыру. Балалардағы обструктивті бұзылыстар кезінде симпатомиметиктер (селективті адреномиметиктер), холинолитиктер (атровент) және комбинирленген препарат беродуал кең түрде қолданылады.
  • Ауыр емес обструкция кезінде сальбутамол ішкізуге болады (1 мг 2-4 айлық жаста, 2 мг 2-4 жаста күніне 2-3 рет). Симпатомиметиктерді ингаляция түрінде қолдану дәрілік заттың қажеттілігін азайтады әрі жүйелі әсерін төмендетеді. Тиімді нәтижесі 10-15 минуттан соң байқалады.
  • Эуфиллин ішке және көк тамырға кеңінен қолданылады. 2,4%-дық эуфиллинді көктамырға 0,2 мл/кг көлемінде әрбір 6 сағат сайын қолданады.
  • Жөтелді басатын дәрілер қолдануға болмайды (кодеин, либексин, тусупрекс).
  • Жедел обструктивті бронхиттің асқынбаған түрінде антибактериалдық ем қажет емес.
  • Емдік денешынықтыру ретінде кеуде қуысына ысқымақ (массаж) жасалады (әсіресе дірілді). Фитотерапия. Шөп қайнатпалары беріледі

Қорытынды

  • Балалардағы тыныс алу жолдарының аурулары барлық аурулардың ішінде бірінші орынды алады. Балалар мен жасөспірімдер арасында тыныс алу жолдарының ауруларының кең таралуының үздіксіз өсуі байқалуда. Қазіргі уақытта жай бронхит пен обструктивті бронхиттер бір жасқа дейінгі сәбилер арасында жиі кездесуде. Ол балалардың анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктеріне және жергілікті иммунитетіне байланысты болады. Жасының өсуіне қарай қабынулы аурулардың жиіленуіне әкелуі мүмкін.

Пайдаланылған әдебиеттер

  • 1. Б.Х.Хабижанов, С.Х.Хамзин. «Педиатрия» Алматы 2005 121-125 беттер.
  • 2.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет