- клиникалық түрі айқын обструкциялық бронхиттің көрінісімен өтетін бронхиттің бір түрі. Жедел обструктивті бронхит ересектерге қарағанда балаларда кездесу жиілігі 20-25% құрайды.
Этиологиясы - Жедел обструктивті бронхит әртүрлі генездегі респираторлы вирустар, микоплазмалар, хламидиялар әсерінен болады, алайда ерте жастағы балаларда бұл ауру көбінесе респираторлы-синцитиалды (РС) вирустардың, цитомегаловирустардың, 3-типтегі паратұмаудың вирустарының және аденовирустардың әсерінен болуы мүмкін.
- Жедел обструктивті бронхитке әкеп соғатын факторлар:
- жүктілік кезінде анасының темекі тартуы (балада тыныс жолдарының өте тар болуына әкеледі), баланың «ластанған ауамен тыныс алуы», феталды алкогольдық синдром, сәбидің құрсақішілік дамуының кідіруі, конституциялық ауытқулар, яғни экссудативті-катаральды және лимфатико-гипопластикалық диатездер.
Достарыңызбен бөлісу: |