Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Квинке ісігі. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек



бет16/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

20. Квинке ісігі. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Квинке ісігі
Квинке ісігі - бұл есекжемнің ауыр түрі (ангионевротикалық ісік, алып есекжем) ол кезде аллергиялық реакция терінің емізікті қабатында болады. Есекжемнің ең бірінші элементі - үлбіреуік, ол емізікті қабаттың жедел ісігі нәтижесінде дамиды. Теріде қышыну, әлсіздік, бас ауруы байқалады. Пайда болған үлбіреуіктер әр-түрлі сатыларда болады. Кейбір капиллярлар кең көлемді, кейбіреуі - қысылған болады, осыдан сыртқы полиморфизмды көруге
болады. Үлбіреуіктер бір-біріне қосылған кезде терінің бір бөлігі қызарған, ал кейбір бөлігі акшыл түсті. Есекжемде науқастың жағдайы аса ауыр болмайды және аса шұғыл
ем шараларды қажет етпейді. Квинке ісігі бұл аллергиялық реакциялардың барлық тері
қалыңдығына, тері асты клетчаткасына, тіпті бұлшык етке жайылуы. Үлкен боз, тығыз инфильтрат пайда болады, оны қолмен басқанда ойық қалмайды. Квинке ісігінің негізгі орналасатын жері- терінің борпылдақ теріасты клетчаткасы: бет (ерін, қабақ, ауыз қуысының шырышты қабаты), сүт бездері, сыртқы жыныс мүшелері. Квинке ісігі осы ағзаларға орналасқан кезде сол ағзаның ауру симптомдары пайда болуы мүмкін, бұлсалыстырмалыдиагностика жасауды кажет етеді. Мысалы: ісік бетте болса тістің ауруы мүмкін, менингеальды симптоматика болады, алдыңғы кеуде бетіне орналасқан кезде
стенокардияның симптоматикасы байқалады; алдыңғы құрсақ қабырғасында әсіресе үрдіске асқазан -ішек жолының шырышты қабаты қосылса - іштің ауыруы, лоқсу, құсу, жүрек айну,
перистальтика күшеюі, кұрсақтың тітіркену симптомы болады.
Жедел жәрдем: -көк тамырға антигистаминдік дәрілер глюкокортикоидты гормондар, кейде адреналин енгізу қажет.
Көмейдің ауыр ісіктері кезінде тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру үшін трахеостомия немесе коникотомия жасалады, өйткені кеңірдек интубациясы кезінде маңызды
қиындықтар болады.


21. Анафилактикалық шок. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек.
Анафилактикалық шок
Анафилактикалық шок - бұл аллергиялық реакциялардың ішінде ең ауыр түрі. Ол, жиі, дәрілік заттарды қолданғанда кездеседі, кейде дәрінің аз ғана мөлшерін қолданғанда, мысалы антибиотиктерге сезімталдықты анықтағанда болады. Олар жиі дәрілерді көктамырға енгізгенде, және теріастына, бұлшық етке, тік ішекке, ауызбен ішкенде де дамуы мүмкін.
Ол тек дәрілік заттарға ғана емес улы жәндіктердің шағуынан да болады.
Клиникалық көрінісі ағзада ауыр жайылмалы бұзылыстар болуымен сипатталады. Әдебиеттерде анафилактикалық шоктың ағымы бойынша 4 вариантын ажыратады
-Асфиксиялық
-Гемодинамикалық
-Церебральды
-Абдоминальды
Егер дәрілік заттардың әсерінен ДАШ -Дәрілік анафилактикалық шок- болса, дәрігер субьективті белгілерді бақылауы қажет: науқаста дискомфорт болуы, өзін ауыр сезіну, өлімнен қорқыныш, «күйік сезімі» болады. Бұндай жағдайда жылдам түрде дәріні енгізуді тоқтатып және шұғыл шаралар жасауға дайын болу қажет. ДАШ гемодинамикалық көрінісі АҚҚ кенет төмендейді, кейде тіпті анықталмайды, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылысы, ауыр жағдайда брадикардия болады. Пульсі жиі, толымсыз.. Гипотония болуы қантамырларының өткізгіштіктерінің және қанның сұйық бөлігінің шығуына байланысты болған вазодилатацияға және гиповолемияға байланысты, ол ісік тудырады. Тыныстың бұзылысы кеуденің ауруымен, инспираторлық және экспираторлық ентікпемен көрінеді, өкпеде әр -түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі, ол дамып келе жатқан өкпе ісінуі туралы ойландырады. Кеңірдектің ісінуі және бронхоспазм дамуы мүмкін. Терілік көріністер қышыну, қызару бозарумен алмасуы мүмкін, цианоз, есекжем пайда болады, беті ісінеді, тершендік болады. Құсу, жүрек айнуы, іштің ұстама түрінде ауруы, диарея,
өздігінен дәрет шығару - бұлар асқорыту жүйесі бұзылысының көріністері. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылысы естің бұзылысы тіпті оны толық жоғалту, қарашықтарының кеңеюі, тонико- клоникалық тырысулар болады. Басқа мүшелермен жүйелер қызметінің азмөлшерде бұзылысыбасмиыныңауыргипоксиясына байланысты. Бірінші науқасты көргенде дәрігер ДАШ неден басталғанын бұзылыстың ауырлық дәрежесін, науқастың жағдайын анықтауы қажет, бірақ бұл жедел жәрдем шараларын жасауды тежемеуі керек.
Жедел жәрдем науқас жағдайының ерекшелігіне байланысты. Ауыр және өршімелі тыныс жетіспеушілігі болған кезде, жедел жәрдем шаралары тыныс жетіспеушілігін жоюға бағытталады. Ереже бойынша емдеукөктамырға адреналиненгізуден басталады. Бұл дәріні 0,1% 1-2 мл -ін 20 мл 0,9% натрий хлориді, 5% глюкоза ерітіндісіне ерітіп баяу көк тамырға енгізеді. Адреналинді әрі- қарай енгізу науқастың жағдайына байланысты. Қызметінің
қалыпка келуіне осы дәрінің 5-6 мл кетуі мүмкін. Келесі дәрі преднизолон оны адреналинмен бір шприцте енгізуге болады. Бастапқы мөлшері жағдайының ауырлығына байланысты
60-90-120 мг. Басқа да глюкокортикоидты гормондарды қолдануға болады. Жағдайы жақсарғаннан кейін 2-4 мл лазикс ерітіндісін енгізеді, ісіктің алдын-алу үшін.
Анафилактикалықшокболғаннауқастыміндеттітүрдеауруханаға жатқызу керек. Науқастарды зеңбілге жатқызып тасымалдайды. Жедел жәрдем бригадасы реанимациялық шараларды жасауға дайын болуы қажет. Науқастың жағдайы ауыр болса реанимациялық немесе үстемелі
ем бөлімшесіне жатқызады, жағдайы жақсарған соң терапия бөліміне ауыстырады. Егер медициналық көмек уақыттылы және дұрыс жасалған болса өлім болмайды. Ерте өлімнің себебі көбіне адренергиялық дәрілердің, глюкокортикоидты гормондардың, сұйықтықтардың
уақыттылы жеткілікті қолданылмағандығынан және реанимациялық шаралардың кеш басталғандығынан болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет