Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Көз шарасының жарақаттары, қабақтың жарақаттары



бет42/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

58. Көз шарасының жарақаттары, қабақтың жарақаттары. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Көздің жарақаттары (қабақ пен конъюктиваның жарақаты және бөтен дененің түсуі, көз алмасының, қасаң қабықтың жарақаттары, көздің контузиясы);
Көздің жарақаттары
Өндірісте қабақ пен конъюктива жарақаты бет, бас сүйегінің жарақатымен қосарланып
бірге кездеседі.
Диагностика: қабақ пен конъюктиваның жарақатын анықтау қиынға соқтырмайды. Егер
төменгі қабақтың терісі зақымдалмаған болса, онда қабақты саусақпен төмен қарай тартып,
конъюктиваның жарақатын анықтайды.
Көз және қабақтың травмасы кезінде алғашқы көмек.
-Әрбір көзге 30 % натрий сульфацил (альбуцид) ерітіндісінің 2 тамшысын тамызу керек.
-Eкі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің
қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада
емдеу мекемелеріне жеткізу керек.
-Ал егер бас сүйегінің сынығы болса (мұрнынан, құлағынан қан кетсе) –
нейрохирургиялық стационарға жеткізу керек. Егер науқастың қабағы толығымен
жұлынып кетсе, онда оны дәрігер стерильді салфеткаға орап, физиологиялық ерітіндісі
бар ыдысқа салып, науқаспен бірге стационарға жеткізеді.
-Конъюктивальді қапшыққа бөтен дененің түсуі – бұл науқастардың травматологиялық пунктке жиі келетін себептерінің бірі.
Клиникасы. Қабақтың астында «бөтен дененің болу» сезімі, ауырсыну, жарыққа қарай алмауы, көзінен жас ағуы, кейде - көз көруінің нашарлауы.
Көзге бөгде дене түскенде алғашқы көмек
Көзді көп мөлшерде таза сумен жуу керек (су барынша бөлме температурасында болғаны
жөн). Зақымдалмаған көзге су кірмейтіндей етіп жуу керек.
Әрбір көзге 30 % натрий сульфацил (альбуцид) ерітіндісінің 2 тамшысын тамызу керек.
Бөгде затты шығара алмаған кезде екі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек.
Қабақтың термиялық күйігі .Беттің күйген кезінде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, күйген жерді 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен
тазалайды. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса, науқасты күйік орталығына жеткізу.
Қабақтың химиялық күйігі
Қышқылдар мен сілтілер әсерінен дамиды. Әдетте бет күйген кезде болады.
Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, қышқылмен күйген жерлерді сода ерітіндісіне
малынған жұмсақ тампонмен тазалау. Сілтімен күйген жерлерді 2 % бор қышқылымен тазалау. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық
стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса науқасты күйік орталығына жеткізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет