Бронхылық демікпе. Жедел медициналық жәрдем станциясы деңгейінде көрсетілерін шұғыл көмек


Жарақаттар. Жарақаттан болатын шок. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы



бет40/55
Дата04.05.2024
өлшемі171,45 Kb.
#201747
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55
Байланысты:
Áðîíõûëû? äåì³êïå. Æåäåë ìåäèöèíàëû? æ?ðäåì ñòàíöèÿñû äå?ãåé³íäå

54. Жарақаттар. Жарақаттан болатын шок. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Жарақаттар
Сыртқы күштің әсерінен ішкі ағзалардың зақымдалуымен немесе зақымдануынсыз өтетін тереңде жатқан тіндердің шырышты қабаттардың және тері жабындыларының бүтіндігінің бұзылуы.
Жарақаттар -оқ жарақаттары, кесілген, шаншылған, соғылған, жыртылған, шабылған, тістелген болып бөлінеді.
Белгілері: тері жабындыларының бүтіндігінің бұзылуы, ауру сезімі, қан кетулер.
Қан кетудің сипаты мен дәрежесі зақымдалған қан тамырдың түріне және диаметріне байланысты болады.
Шұғыл көмек: жарақаттың сипатына байланысты. Ең алдымен қан кетуді тоқтату керек, сосын, жараның айналасын 5% йод тұнбасымен өңдеу керек және асептикалық таңғыш салу керек. Жұмсақ тіндердің аймақтық үлкен жарақаттарында, сүйектердің, буындардың зақымдалуында, транспорттық иммобилизация көрсетілген.
Ауруханаға жатқызу: өтпелі жарақаттар, сүйектердің, буындардың
зақымдалуымен жүретін терең жаралар және де жұмсақ тіндердің кең көлемді жаралары ауруханаға жатқызуға көрсеткіш болып табылады.


55.Уақытша қан тоқтату әдістері. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы
Жәрдем көрсету шараларына және медицина қызметкерлерінің мамандығына байланысты, қан ағуды тоқтату уақытша және біржолата тоқтату болып бөлінеді. Әдетте қан ағуды уақытша тоқтатуды науқасты ауруханаға жіберердің алдында, жарақат алған жерде орта медицина қызметкері іске асырады. Қан ағуды біржолата тоқтатуды аурухана жағдайында
және операция жасау жолымен істеледі.Уакытша қан тоқтату алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады жөне төмендегі тәсілдер бойынша жүргізіледі:
1)дененің зақымданған белігін кеудеге қатысты алғанда — көтеріңкі калыпта ұстау (аяқ-қол жараланғанда венадан қан кеткен кезде жараға қысып тұратын таңғыш салғаннан кейін жастық оралған киім кою);
2)кішігірім кан кету кезінде қысып тұратын таңғыш көмегімен закымданған жерде қан ағып жатқан тамырды басу (жараны йодтың спиртті ерітіндісімен тазартканнан кейін қалың мақта салынады да, бинтпен оралады);
3)аяк-қолды мейлінше шүғыл бүгу немесе жазу қалпында тұрақтандыру (иық алды немесе балтыр, табан жараланғанда, шынтақ немесе тізе буынын бүгу немесе жазу аяк-қол жарасына қатты кан кеткенде жгут салу мүмкін болмағанда, қолды аркаға мейлінше созып, ал аяқты ішке бүгіп, тұрақтандыру).Таңғыш салу Қысып таңғыш салу және аяқ қолдардың көтеріңкі
жағдайлары көк тамырлардан және кішкене қызыл тамырлардын қан ағуды уақытша тоқтатудың жақсы әдісі болып есептеледі. Жараға зарарсыздандырылған мәрліні бірнеше қабаттап, оның үстіне зарарсыздандырылған мақта салынады, ол мәрлімен
бірге аяқ-қолдарды орап бинттеу арқылы бекітіледі.Жгут салу. Жгут салу техникасы
1. Зақымдалған қолдың жарасынан жоғары жгут салып, максимальды күшпен созу керек.
2. Жгуттың бірінші турын бекітіп, кәрі жілік артериясында пульс болмауына көз жеткізу.
3 .Жгуттың келесі турларын аз күшпен тартып салу.
4 .Жгут айналасына бекіткіш ілмекті салу.
5. Ілмекті тартып жгуттың бос шетіне енгізу.
6 . Ілмек резинасы астына жгутты салу уақыты жазылған қағазды қыстыру
Тіндердің өлімін болдырмас үшін әрбір 15 минут сайын жгутты босаңсытып тұру қажет.Аяқ-қолдардың буынынан бүгілуі. Тақым артериясының, шынтақтың бүгілуінде Иық артериясының, шат иілісіндегі сан артериясының жарақаттануда пайда болатын қан ағу, кейде аяққолдарды осы жағдайда қатты иіп бекіту немесе оларды керу арқылы тоқтатылуы мүмкін.
Жара ішіндегі тамырды қысу. Бұнда залалсыздандырылған резеңке қолғап киіледі немесе қол
спирт, йодпен тазаланады және жараға кіргізілген сұқ саусақпен қанның ағымы сезіліп, тамыр қысылады. Жараның қуысын тығындау (тампонада). Бұл үшін тампон алынады және корнцангпен бүкіл жара қуысын тығыз етіп тығындайды. Әдетте бұл тереңдегі жараларда
қолданылады.
56. Реанимация және реаниматология туралы түсінік. Терминалды жағдайлардың түрлері. Өмір сүру белгілері. Өлім кезеңдері. Биологиялық өлімнің белгілері. Өкпе-жүрек реанимациясын жүргізу кезеңдері. Жедел медициналық жедел жәрдем станциясы деңгейінде жедел көмек көрсету тактикасы.
Организмді тірілту, реанимация (лат. re – қайта және лат. anіmatіon – жандандыру) – ағзаның тіршілік етуіне қажетті ең маңызды органдар қызметінің бұзылуын не тоқтауын қалпына келтіру. реаниматологияда жүрг негіз шаралар:өмірден өлімге дейінгі аралық кезең мен өлім механизмі;ағзаны тірілту әдістері;өлімді алдын алу әдістері;организмнің тірілгеннен кейінгі жағдайы. Терминалды жағдай– бұл АҚ айқын түсуімен, газайналым мен метаболизмнің терең бұзылысымен сипатталатын критикалық жағдай. Клиникалық өлім– бұл қан айналуы мен тыныс алудың толық тоқтаған уақыты.
Терминалды жағдай кезеңі:-Агония алды
-Терминалды пауза (ұзақ жан тапсыратын науқастарда байқалады)
--Агония
Клиникалық өлім
-Биологиялық өлім
Агония алды кезеңі:Есінің бұзылуы,Қан қысымы төмендеуі,Перифериялық артерияда пульс әлсіреген,орталық артерияда анықталады (ұйқы, сан),Тыныс алу айқын ентігумен ұласады,патологиялық тыныс алу түрі анықталады,Тері және сілемейлі қабаттың цианозы немесе бозаруы байқалады. Агония:Болмайды : -есі;- көз рефлексі,Патологиялық тыныс,Қан қысымы анықталмайды,Пульс – тек орталық артерияда анықталады ,Көмескі жүрек дыбысы естіледі,ЭКГ-да – жүрек ритмінің бұзылу белгілері
Клиникалық өлім белгілері:Дереу, Орталық артерияда пульс анықталмауы, Есінің болмауы, Тонико-клоникалық тырысулар, Тыныс алу болмауы немесе агональді (гаспинг),Қарашық ұлғаюы, Тері цианозы
Биологиялық өлім белгілері:Мәйіттің кебуі (көз алмасында, тері және сілемей қабатта сұйықтық) – симптомы «мысық қарашығы» симптомы. Биологиялық өлім белгілері
-Мәйіттің салқындауы(algos mortis)
-Мәйіттің сіресуі(rigor mortis) (2-5 сағ соң)
-Қанның қайта бөлінуі
-Мәйіттің гипостазы (2-4 сағ.) және мәйіттік дақ (24сағ)
- Мәйіттің шіруі және өліктік аутолиз
Реанимация кезеңдері
1. Қарапайым өмірге қолдау көрсету: ABCD
• A – ауа өткізетін жолды тексеру және өтімділігін қамтамасыз ету
• B – жасанды тыныс
• C – тікелей емес (жабық) жүрек массажы
• D – дефибрилляция


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет