Қосжақтаулы ұлулар өкілдері – айқұлақ, сынашаұлу, кемеқұрт, асұлу, айдаршақ, мидия
Бунақденелілер аяқтары – 3 жұп
Жұлынның қызметі – өткізгіш, рефлекстік
Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі – аксон
Фотосинтез процесінен түнде бөлінеді – СО2
Эвгленаның қоректенуі – 2 түрлі (автотрофты, гетеротрофты)
Тамыраяқты біржасушалы жәндік – амеба
Хлоропласты бар балдырлар – жасыл балдырлар
Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін ғылым – этология
Жасыл эвгленаның көбеюі – жыныссыз, ұзынынан бөліну арқылы
Жеуге жарамды саңырауқұлақ – ақ саңырауқұлақ, арышқұлақ, терекқұлақ, түлкіжем, бүріскі
Эпидермис қабаты – көп қабатты эпителий ұлпасынан тұрады. 2 қабатты: сыртқы қабат – мүйізгек, ішкі қабат – өсуші
Сүйекті-шырынды жеміс – шие, алхоры, өрік, шабдалы
Алқа тұқымдасының сәндік түрлері – қызылқұлақ, шырайгүл
Ақ сұлама ауа температурасы көтерілсе немесе оттегі жетіспей қалған жағдайда бөліктерге айналып, қолайлы жағдайда сол бөліктерден тұтас жәндік пайда болу үдерісі – аутотомия
Гүл бөлімдері – гүл табаны, сағағы, тұқымбүршік, тостағанша, күлте, аталық пен аналығы
Әрі асқорыту, әрі тынысалу жүйесінің қызметін қатар атқаратын мүше – жұтқыншақ
Проприорецепторлар – бұлшықеттің жиырылып, босаңсуына әсер етеді
Ұрықтың дамуын зерттейтін ғылым – эмбриология
Сопақша мидың рефлекстері: қорғану рефлекстері (жөтелу, құсу, түшкіру, жас бөлу, көзді жыпылықтату), тамақ рефлекстері (жұту, сөл бөлу, асқорыту бездерінің жұмысы), жүрек пен қантамырларының жұмысын, өкпе жұмысын реттейді
Артқы ми (мишық пен ми көпірі) – қаңқа бұлшықеттерінің үйлесімді жиырылуын реттейді, дененің тепе-теңдігін сақтайды
Ортаңғы ми – пигменттің түзілуін реттейді, бағдарлау рефлекстерін жүзеге асырады, кенттен шыққан дыбыс, жарықты тез бағдарлауды реттейді, көз бұршағының қисықтығын, қарашық мөлшерін өзгертеді, бұлшықет тонусын сақтайды
Аралық ми – зат алмасу, жүрек-қантамырлары жүйесі, ішкі секрециялық бездері, зәр шығару, ұйқы жұмысын реттейді, ағзаның ішкі ортасы, дене температурасы, тыныс алу, қан қысымының тұрақты болуы аралық миға байланысты
Алдыңғы ми – оң жақ ми сыңары (музыка, көркем шығармашылық, бейнелеу), сол жақ ми сыңары (арифметика, абстрактылы ойлау және т.б. процесстерді жүзеге асырады), әрбір ми сыңарында 4 бөлік бар: маңдай, шүйде, самай, төбе
Көру аймағы – шүйде Есту аймағы – самай Дәм сезу, иіс сезу аймағы – төбе Адамдардағы психикалық әрекеттер (есте сақтау, сөйлеу, ойлау) ми сыңарларының барлық аймақтарына байланысты
Шоғырланып өмір сүретін біржасушалы – вольвокс (домалаңғы)
Геномдық мутация – жасуша геномындағы хромосомалар санының өзгеруі: полиплоидия, ансуплоидия немесе гетероплоидия
Көпқылтанақты құрт – нереида, құмқазар
Шашақ тамырлы өсімдіктер – пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ, т.б.