Байланысты: ҰБТ де кездесетін даталар Қаз. тарихы мен Д. тарихы 2022 жыл
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (ҰБТ-2022 кездесетін тарихи даталар тізімі) «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ 1. Б.з.б. ІІІ–ІІ мыңжылдықтың аралығы – Энеолит (мыс-тас дәуірі).
2. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың басы– Қола (мыс пен қалайының қосындысы) қорытуды меңгеру.
3. Б.з.б. І мыңжылдықтың басы – Темірді игеру басталды.
4. Б.з.б. I мыңжылдық‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.
5. Б.з.б. І мыңжылдық– Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.
6. Б.з.б. VІІІ ғ. ‒ Қазақстан аумағындағы ең ежелгі сақ қорғандары.
7. Б.з.б. ІІІ ғ. соңы‒ Көшпелі ғұн (хунну) тайпаларының билігіне Мөденің келуі.
8. Б.з.б. 530 ж.‒ Сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
9. 552–603 жж.‒ Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
10. 603–704 жж.‒ Батыс Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі.
11. 704–756 жж. ‒ Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі.
12. 751 ж.‒ Атлах (Талас) шайқасы.
13. 756–940 жж. ‒ Қарлұқтар мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
14. 870 ж.– Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірге келген жылы.
15. 942-1212 жж.‒ Қарахан мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
16. ІX ғ. соңы‒XI ғ. Басы (ІX ғ. соңы‒XI ғ. ортасы) ‒ Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі.
17. ХІ ғасыр.– Махмуд Қашғаридің өмір сүрген уақыты.
18. ХІ ғасыр.– Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» поэмасының жазылған мерзімі.
19. ХІІ ғасыр.– Қожа Ахмет Йассауидің «Диуани Хикмет» еңбегінің жазылған мерзімі.
20. 960 ж.‒ Қарахан мемлекетінде ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялануы.
21. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы‒ Қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі.
22. 1236/1237‒1242 жж.‒ Батудың Руське және Шығыс Еуропаға жорығы.
23. XIV ғ. І жартысы ‒ Өзбек ханның Алтын Ордада билік етуі.
24. 1465 ж.‒ Қазақ хандығының құрылуы.
25. XVI ғ. басы‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
26. XVI ғ. басы– «Қасым ханның қасқа жолы» заңдары шықты.
27. 1538‒1580 жж.‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
28. 1582/1583‒1598 жж.‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
29. XVI ғ. соңы–XVIІ ғ. басы – «Есім ханның ескі жолы» заңдары шықты.
30. 1628/1629–1652 жж.– Жәңгір ханның ел билеуі.
31. 1643 ж.‒ Орбұлақ шайқасы.
32. 1680‒1715/1718 жж.‒ Тәуке ханның билік еткен уақыты.
33. ХVII ғ. соңы.‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
34. 1723 ж.‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» («Ұлы апат жылдары») басталуы.
35.1726/1728 ж.‒ Бұланты шайқасы.
36. 1729/1730 ж.‒ Аңырақай шайқасы.
37. 1731 ж.– Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Ресейдің қол астына өтуі.
38. 1771‒1781 жж.‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
39. 1783‒1797 жж.‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
40. 1835–1865 жж.– Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
41.1836‒1838 жж.‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
42. 1837‒1847 жж.‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
43. 1841 ж.‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
44. 1841–1889 жж.– Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
45. 1845–1904 жж.– Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
46. 1866–1937 жж.– Әлихан Бөкейхановтың өмір сүрген уақыты.
47. 1893 ж.– В.Томсен ежелгі түркі жазбаларының құпиясын ашты.
48. 1913‒1918 жж.‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
49. 1916 ж.– Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
50. 1917 ж., шілде‒ «Алаш» партиясының құрылуы.
51. 1917 ж., желтоқсан‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
52. 1918–1920 жж.– Қазақстандағы шетел интервенциясы мен Азамат соғысы.
53. 1920 ж.‒ Қырғыз (Қазақ) АКСР-нің құрылуы.
54. 1925 ж., сәуір‒ Қазақ Кеңестерінің V съезі өтіп, қазақ халқының тарихи атауы қалпына келтірілді.
55. 1925 ж.– Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға көшірілуі.
56. 1928 ж.– Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк педагогикалық институтының ашылуы.
57. 1929 ж.– Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына көшірілуі.
58. 1931-1932/1933 жж.‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық
59. 1932 ж.‒ Ашаршылыққа байланысты, апаттың көлемі туралы «Бесеудің хатын» жазған республика қайраткерлері:
Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев.
60. 1936 ж.– Қазақ АКСР-iнің одақтық республика болып қайта құрылуы (ҚазКСР).
61. 1937 ж.– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
62. 1939 ж.– Екінші дүниежүзілік соғыстың басталған жылы.
63. 1941 ж.– Ұлы Отан соғысының басталған жылы.
64. 1946 ж.– Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
65. 1949 ж.– Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
66. 1949 ж.– М.Әуезовке «Абай» романы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының берілуі.
67. 1954 ж.– Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
68. 1957 ж.– Экономикалық аумақтық ұстаным бойынша басқаруды қайта құру.
69. 1959 ж.– Теміртаудағы жұмысшылар толқуы.
70. 1961 ж.– «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
71. 1960-1962, 1964-1986 жж.– Д. А. Қонаевтың Қазақ КСР Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы қызметін атқарған жылдары.
72. 1963 ж.– Ядролық қаруларды атмосферада, ғарышта және су астында сынауға тыйым салу туралы келісімшарт.
73. 1969 ж.– Есік қорғанынан «Алтын адам» табылуы.
74. 1978 ж.– Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
75. 1979 ж.– Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерулері.
76. 1986 ж.‒ Желтоқсан оқиғасы.
77. 1988 ж.– Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.
78. 1989 ж.– Қарағанды шахтерлерiнiң ереуiлi.
79. 1989 ж.‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
80. 1989 ж.‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
81. 1991 ж.‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
82. 1991 ж., 29 тамыз – Н.Ә. Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қоюы.
83. 1991 ж.‒ Н.Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
84. 1991 ж.– Қазақ КСР-iнiң алтын қоры мен алмаз қорының құрылуы.
85. 1991 ж., 16 желтоқсан‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
86. 1992 ж.– Қазақтардың дүниежүзiлiк алғашқы құрылтайының өтуi (Алматы қ.).
87. 1992 ж., маусым‒ Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілуі
88. 1992 ж.‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
89. 1993 ж., қараша‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
90. 1995 ж.– Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
91. 1995 ж., 30 тамыз‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
92. 1997 ж.‒ Жалпыұлттық татулық пен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
93. 1997 ж.– Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
94. 1999 ж.– ЮНЕСКО шешімімен Астана (Нұр-Сұлтан) қаласына «Бейбітшілік қаласы» мәртебесінің берілуі.
95. 2003 ж.‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезі.
96. 2010 ж.‒ Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
97. 2011 ж.‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
98. 2017 ж.‒ Қазақстанда дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
99. 2019 ж.‒ Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгеруі.
100. 2019 ж.– Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ (ҰБТ-2021 кездесетін тарихи даталар тізімі)
«ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ» ПӘНІ БОЙЫНША МАҢЫЗДЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ХРОНОЛОГИЯЛЫҚ КЕСТЕСІ
1. Б.з.б. 2 млн 600–12 мың жыл – Ежелгі тас дәуірі.
2. Б.з.б. 2 млн 600–40 мың жыл – Ерте палеолит.
3. Б.з.б. 2 млн 600–800 мың жыл – Ерте палеолиттің олдувэй кезеңі.
4. Б.з.б. 800–140 мың жыл – Ерте палеолиттің ашель кезеңі.
5. Б.з.б. 140–40 мың жыл – Ерте палеолиттің мустье кезеңі.
6. Б.з.б. 40–12 мың жыл – Кейінгі палеолит.
7. Б.з.б. 12–5 мың жыл – Орта тас дәуірі (мезолит).
8. Б.з.б. 5–3 мың жыл – Жаңа тас дәуірі (неолит).
9. Б.з.б. 2 мың жыл–б. з. б. VIII ғ. – Қола дәуірі.
10. Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасы – Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгеруі.
11. Б.з.б. VIII ғ.‒б.з. VI ғ. ‒ Ерте темір дәуірінің хронологиясы.
12. Б.з.б. I мыңжылдық ‒ Сақ тайпалық одақтарының өмір сүрген мерзімі.
13. Б.з.б. 209 ж. ‒ Хунну (Ғұндар) державасының құрылуы.
14. Б.з.б. 530 ж. ‒ Томирис патшайым бастаған сақ-массагеттердің парсы патшасы Кирді талқандауы.
15. Б.з.б. V‒IV ғғ. ‒ Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» өмір сүру кезеңі.
16. 552 ж. ‒ Түрік қағанатының құрылуы.
17. 704 ж. ‒ Түргеш қағанатының құрылуы.
18. 751 ж. ‒ Атлах шайқасының болған уақыты.
19. 870–950 жж. – Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары.
20. 960 ж. ‒ Исламның Қарахандардың мемлекеттік діні болып жариялануы.
21. 973–1050 жж. – Әбу Райхан әл-Бирунидің өмір сүрген жылдары.
22. XI ғ. басы‒XIII ғ. басы ‒ Қыпшақ хандығының билік құруы.
23. 1021–1075 жж. – Жүсіп Баласағұнидің өмір сүрген жылдары.
24. 1030–1090 жж. – Махмуд Қашғаридің өмір сүрген жылдары.
25. 1103–1167 жж. – Қожа Ахмет Йассауидің өмір сүрген жылдары.
26. 1465‒1466 жж. ‒ Қазақ хандығының құрылуы.
27. XVI ғ. басы ‒ Қасым ханның билік еткен уақыты.
28. XVI ғ. басы – «Қасым ханның қасқа жолы» заңдарының шығуы.
29. 1538‒1580 жж. ‒ Хақназар ханның билік еткен уақыты.
30. 1582‒1598 жж. ‒ Тәуекел ханның билік еткен уақыты.
31. 1598–1628 жж. – Есім ханның ел билеуі.
32. 1628–1652 жж. – Жәңгір ханның ел билеуі.
33. 1643 ж. ‒ Орбұлақ шайқасы.
34. ХVII ғ. соңы. ‒ Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
35. 1723 ж. ‒ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»
(«Ұлы апат жылдары») басталуы.
36. 1726/1728 ж. ‒ Бұланты шайқасы.
37. 1729/1730 ж. ‒ Аңырақай шайқасы.
38. 1731 ж. – Әбілқайыр хан мен оның жақтастарының Ресейге ант беруі.
39. 1771‒1781 жж. ‒ Абылайдың Қазақ хандығын басқарған жылдары.
40. 1783‒1797 жж. ‒ Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.
41. 1835–1865 жж. – Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары.
42. 1836‒1838 жж. ‒ Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.
43. 1837‒1847 жж. ‒ Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс.
44. 1841 ж. ‒ Бөкей хандығында қазақ балаларына арналған алғашқы зайырлы мектептің ашылуы.
45. 1841–1889 жж. – Ыбырай Алтынсариннің өмір сүрген жылдары.
46. 1845–1904 жж. – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы
Абай Құнанбаевтың өмір сүрген жылдары.
47. 1913‒1918 жж. ‒ «Қазақ» жалпыұлттық газетінің шығуы.
48. 1916 ж. – Қазақстан және Орта Азиядағы ұлт-азаттық қозғалыс.
49. 1917 ж. – «Алаш» партиясының құрылуы.
50. 1917 ж. ‒ Орынборда ІІ жалпықазақ съезі. Алаш-Орда үкіметінің құрылуы.
51. 1920 ж. ‒ Қырғыз (Қазақ) АССР-нің құрылуы.
52. ХХ ғ. 20-30 жылдары ‒ Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы жаппай ашаршылық.
53. 1920–1940 жж. – Жаппай саяси қуғын-сүргін.
54. 1925 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Орынбордан Қызылордаға
көшірілуі.
55. 1928 ж. – Алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ мемлекеттiк
педагогикалық институтының ашылуы.
56. 1929 ж. – Қазақ АКСР-i астанасын Қызылордадан Алматы қаласына
көшірілуі.
57. 1932 ж. – Сталинге аштыққа байланысты, апаттың көлемі туралы республика қайраткерлерінің хат жазуы. Ғ. Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Куанышев («Бесеудің хаты»).
58. 1936 ж. – Қазақ АКСР-iн одақтық республика етiп қайта құрылуы
(ҚазКСР).
59. 1937 ж. – Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
60. 1939 ж. – Екiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.
61. 1941–1945 жж. – Ұлы Отан соғысы.
62. 1946 ж. – Қазақ КСР Ғылым академиясының құрылуы.
63. 1949 ж. – Семей ядролық полигонындағы алғашқы атомдық жарылыс.
64. 1954 ж. – Тың және тыңайған жерлерді игерудің басталуы.
65. 1956 ж. – Жалпыға бiрдей мiндеттi жетi жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.
66. 1959 ж. – Жалпыға бiрдей сегiз жылдық бiлiм берудiң енгiзiлуi.
67. 1960–1962, 1964–1986 жж. – Д. А. Қонаевтың Қазақстан Компартиясы ОК бiрiншi хатшысы болып қызмет етуi.
68. 1961 ж. – «Байқоңыр» космодромынан тұңғыш ғарышкердің ұшырылуы.
69. 1978 ж. – Қазақ КСР Конституциясын қабылдау.
70. 1979 ж. – Целиноград қаласындағы Қазақстанда немiс автономиясын құруға қарсы наразылық шерудің өтуі.
71. 1986 ж. ‒ Желтоқсан оқиғасы.
72. 1988 ж. – Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, М. Дулатовтардың ақталуы.
73. 1989 ж. ‒ О. Сүлейменов бастаған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысының құрылуы.
74. 1989 ж. ‒ «Тілдер туралы Қазақ КСР Заңының» қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жариялануы.
75. 1991 ж. ‒ Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіровтің ғарышқа ұшуы.
76. 1991 ж. – Семей ядролық полигонының жабылуы.
77. 1991 ж. ‒ Н. Ә. Назарбаевтың бүкілхалықтық сайлауда Қазақстан Президенті болып сайлануы.
78. 1991 ж. ‒ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының қабылдануы.
79. 1992 ж. ‒ Мемлекеттік рәміздердің бекітілуі: Ту, Елтаңба және Әнұран.
80. 1992 ж. ‒ Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға толыққанды мүше болып қабылдануы.
81. 1993 ж. ‒ Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ‒ теңгенің енгізілуі.
82. 1995 ж. – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.
83. 1995 ж., 30 тамыз ‒ Бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының қабылдануы (Конституция күні).
84. 1997 ж. – Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласынан Ақмола (Нұр-Сұлтан) қаласына көшірілуі.
85. 2003 ж. ‒ Астанада (Нұр-Сұлтан) әлемдік және дәстүрлі діндер өкілдерінің I съезінің өтуі.
86. 2010 ж. ‒ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі.
87. 2011 ж. ‒ Қазақстанда Азиаданың өткізілуі.
88. 2017 ж. ‒ Дүниежүзілік ЭКСПО көрмесінің өткізілуі.
89. 2019 ж. – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлануы.