Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015



бет1/14
Дата22.03.2017
өлшемі4,8 Mb.
#12215
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығы

Региональный центр «Шығыс» управления образования ВКо




ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОҚУШЫЛАРДЫ

ҰБТ-ҒА ДАЯРЛАУДАҒЫ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Өскемен

2015
ӘОЖ 37.091.212.2: 54

Құрастырушылар:

Асанова М.И. «Шығыс» өңірлік орталығының директоры

Ақтанова А.Қ. Оқыту мазмұны және білім сапасы мониторингі кабинетінің меңгерушісі

Закариянова А.К. «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері


Әдістемелік нұсқаулықта химия және биология пәндері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындаудың бағдарламасы, тест тапсырмаларының үлгілері, бір немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тест тапсырмаларының нұсқалары берілген. Әдістемелік нұсқаулық мектеп бітіруші түлектерді ҰБТ-ға дайындауда мектеп мұғалімдері мен жас мамандарға оқушы білімін бақылауға көмекші құрал ретінде ұсынылады.

ШҚО білім басқармасы жанындағы эксперттік кеңестің 2015 жылғы 26 ақпандағы шешімімен ұсынылды,хаттама №35


АЛҒЫ СӨЗ
Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғарғы оқу орындарына түсуге дайындау мектеп ұжымдарын, жеке пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Пәнді оқытудың жаңа әдістерін, тиімді тәсілдерін іздеуге итермелейді. Қазіргі кезде әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жаңа технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған оқушының дайындық деңгейін және жалпы білім сапасын болжаудың тиімді құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан да оқушылардың білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі- тестік бақылау жүйесі.

ҰБТ жалпы орта білім беру жүйесіндегі білім беру сапасының нақты көрінісіне айналып, мектеп бітіруші оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартын меңгеруін объективті бағалауға қол жеткізеді. Пән бойынша алған білімдерін ҰБТ кезінде тиімді қолданып, жоғары көрсеткіш көрсетуге ұмтылдырады. ҰБТ-оқушы білімінің қорытынды көрсеткіші ғана емес, өз таңдауы бойынша болашақ мамандық иесінің кепілі болып табылады.

ҰБТ-ға дайындық кезінде қойылатын талаптар:
1. Білім берудің сапасын арттыру;
2.Сапалы білім беру жүйесін құру;
3.Жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көз қарасын қалыптастыру;
4.Әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;

Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулықта тест тапсырмаларының мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сай, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламасы негізінде жасалған. Тапсырмалар түрлі сипатта, ашық, жабық тест типті сұрақтар, биологиялық және химиялық тапсырмалар, есептерді шығару жолдары, тараулар бойынша тест сұрақтары және оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс тәсілдері берілген.

Химия және биология пәні бойынша ұсынылған тест тапсырмаларының мазмұны қамтиды:

  • Қоршаған орта мен табиғаттың заңдылықтарын;

  • Химия, биология ғылымдарының әдістері, деректер, ұғымдары, номенклатурасы, заңдары мен теориялары туралы білімдері мен танымдық қабілеттерінің қалыптасу деңгейін тексеруге көмектеседі.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі кезде елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі соңғы кезде оқыту мен оқушылар білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізуге көп көңіл бөліп келеді. Химия пәні оқушының таным белсенділігін арттыратын, өзіндік ізденісін қалыптастыратын, логикалық ойын жетілдіруге мүмкіндік беретін, күнделікті тіршілік етуге қажетті химиялық білім мен білікті саралауды қажет етеді. Қазіргі педагогикалық практикада тестер өте жиі пайдаланып келеді. Оларды қолдану аясы да күннен күнге ұлғайып барады. Оқушылардың бір пәннің бір тақырыбынан ғана алған білімін тексеруден бастап, мектеп пәндерінің барлығынан да жаппай осы тест жүргізу әдісіне көшуге бет бұрып келеміз. Тестер мен олардың айналасындағы материалдар тек ғылымдар зерттеуіне ғана өзекті материал болып қалмай, оқу процесіне жаңа педагогикалық және ақпараттық тәсілдер мен технологияларды енгізу мақсатында білім жүйесін басқару органдарын да қызықтыра бастады.

Тест - оқушының білімін, іскерлігі мен дағдысын тексерудің немесе оқушы білімінің белгілі бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше формасы болып табылады. Химия пәні бойынша ұсынылып отырған тест тапсырмаларының мазмұны органикалық және бастапқы химия бойынша алған білімдерін тексереді.
Орта мектеп мұғалімдері тест тапсырмаларын оқу барысында оқушы білімін бақылауға пайдалана алады.

БАКУМБАЕВА Ғ.Р.,

Семей қаласының №39 жалпы орта білім

беретін мектептің химия пәні мұғалімі
Химия пәні бойынша ҰБТ-ғаоқушыларды даярлау бағдарламасы.

Бағдарламаның мақсаты:

Химия курсы бойынша алған білімдерін жүйеге келтіру.



Міндеттері:

  • Бейорганикалық және органикалық химия курсы бойынша пәндік білім,біліктерін дамытуға ықпал ететін әртүрлі типті тестік тапсырмаларды орындай білуге дағдыландыру.

  • ҰБТ-де кездесетін типтік тапсырмаларды орындай білу тәсілдерін үйрету арқылы іскерлігін дамыту.

  • Дұрыс жауапты таңдаудың оңтайлы жолдарын үйрету.

  • Дұрыс жауапты тұжырымдай білуге үйрету.

  • Оқушының химия курсының әрбір тарауларын жүйелі түрде қайталап отыру нәтижесін бақылау .

  • Комплексті тестерді орындату арқылы ҰБТ-ге даярлық деңгейін нақты анықтап отыру.

Қайталау бағдарламасына кіретін химия курсының( модульдері) тақырыптық блоктары.

  1. Химияның негігі заңдары мен түсініктері.

  2. Бейорганикалық заттардың номенклатурасы мен жүйеленуі.

  3. Химиялық элементтердің периодтық жүйесі мен периодтық заң.Атом құрылысы.Химиялық байланыс және зат құрылысы.

  4. Химиялық реакция типтері және олардың жүру заңдылықтары.

  5. Ерітінділер және электролиттік диссоциация.Тұздар гидролизі.

  6. Бейорганикалық қосылыстар және олардың қасиеттері.

  7. Металдар және олардың маңызды қосылыстары.

  8. Бейметалдар және олардың маңызды қосылыстары.

  9. Құрылыс теориясының негізгі қағидалары.

  10. Органикалық заттар:көмірсутектер,оттекті органикалық қосылыстар, азотты органикалық қосылыстар және олардың қасиеттері.

  11. Тотығу-тотықсыздану реакциялары.Тұз ерітінділері мен балқымасы электролизі

  12. Маңызды органикалық және бейорганикалық заттардыөнеркәсіптік алу әдістері.

  13. Химияның типтік есептері.

  14. Сапалық реакциялар



Тестілеуге даярлық бағдарламасы2012-2013оқу жылы

10 класс Бейорганикалық химия

Тақырып

Таңдап алынған тараулар

тапсырмалар

І- тақырып

Химияның негізгі түсініктері.10 класқа арналған оқулық

Авторлары:Н.Нұрахметов, А.Темірболатова.

1

Атом және молекула, олардың сипаттамалары Химиялық элементтер.Моль және молярлы масса, молярлы көлем

§1.1§1.2

2

Химияның стехеометриялық заңдары

§1.3

3

Химиялық реакциялар және оларды жіктеу.Химиялық реакция теңдеуі бойынша есеп шығару

§1.4

4

Бейорганикалық заттардың жіктелуі .Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері және генетикалық байланысы

§1.5

5

Дисперсті жүйелер.Ерітінділер Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың электролиттік диссоциациясы Тұздар гидролизі.

§1.6§1.5

6

Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесі.

§2.1-§2.8

7

Химиялық элементтер атомдарының құрылысы.Жаттығулар,тест тапсырмалары.

§2.9

8

Валенттілік және тотығу дәрежесі.

Х.Э.ПЖ орны бойынша валенттік мүмкіндіктерін,валенттілігін,тотығу дәрежесін анықтауға жаттығулар жасау.



§2.10

9

Заттың құрылым бөлшектері –атом, молекула,ион..Коваленттік байланыс. Коваленттік байланыстың қасиеттері. Молекулалардың гибридтенуі мен геометриясы.

§3.1

§3.2§3.3§3.4



10

Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Кристалдық тор типтері

§3.5

§3.6


ІІ- тақырып.

Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары


11

Химиялық реакциялардың жылдамдығы.

Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар Катализ Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.




§4.1-§4.4

12

Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары.Ле-Шателье принципі

§4.5§4.6

13

Есептер шығару

Д.Т. жинағы

ІІІ -тақырып Металдардың жалпы қасиеттері

15

Металдар мен бейметалдардың периодтық жүйедегі орны.s-,p- d-,f-элементтері. Металдар мен бейметалдар атомдарының құрылысының ерекшеліктері.

§5.1 §5.2

16

Металдардың физикалық қасиеттері, құрлысы,металдық байланыс, металдық кристалдық тор. Қатты ерітінділер туралы түсінік және интерметаллдық. қосылыстар.Құймалар. Металдардың химиялық қасиеттері. Электролиз.Коррозия.

§5.6§5.7

17

S-элементтердің жалпы сипаттамасы. Сілтілік және сілтілік жер металдар.

§6.1- §6.8

18

d-элементтердің жалпы сипаттамасы Мыс,мырыш,хром,темір. Мыс және оның қосылыстары. Мырыш және оның қосылыстары.Физикалық,химиялық қасиеттері:хлормен,оттекпен,және қышқылдармен әрекеттесуі.Маңызды оксидтері, гидроксидтері, және олардың ерекшеліктері

§7.1 және §7.2

19

Хром және оның қосылыстары. Темір және оның қосылыстары. Физикалық,химиялық қасиеттері:хлормен,оттекпен,және қышқылдармен әрекеттесуі.Маңызды оксидтері, гидроксидтері, және олардың ерекшеліктері

§7.3 және §7.4

20

Металдар қатысымен жүретін реакция теңдеулері бойынша(қоспаға,электролиз өнімінің массасын(көлемін)есептеуге есептер шешу.

Д.Т. жинағы.Тестер жинағы.

21

р-элементтердің жалпы сипаттамасыАтом құрлысы ерекшелігі.Электртерістілігі..Тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерін салыстыру.

§8.3 -

§8.5


§8.6

22

ІІІА топ элементтері. Алюминидің табиғатта..кездесуі,алыну,физикалық,химиялық қасиеттері ІVАтопэлементтері.Көміртектің табиғатта кездесуі,физикалық химиялық қасиеттері.Көміртектің маңызды қосылыстары VА топ элементтері. Азот. Аммиак, аммоний тұздары. VІ топ элементтері. Оттек.күкірт

§8.7-

§8.8


§8.9

23

VІІА топ элементтері. Хлор мен иод.Табиғатта кездесуі.Физикалық,, химиялық қасиеттері.Тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш қасиеттері. Хлордың оттекті қышқылдары

§8.10-

§8.11



11-класс Органикалық химия.

Оқулық авторлары: А.Темірболатова,Н.Нұрахметов,Р.Жумадилова.

1

Химиялық құрылыс теориясы. Молекуланың химиялық құрылысы,құрылымдық формула,изомерлену түрлері.көміртек қаңқасы,радикал. Гибридтену. Гибридті орбитальдар (sp3,sp2, sp) Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстар. Органикалық реакциялардың жіктелуі жəне механизмдері.Органикалық қосылыстардың номенклатурасы

3.1, 3.2.Тап.жин.І тарау.1-4 бөлім



2

Қаныққан көмірсутектер. Алкандардың құрылысы. Алкандардың физикалық,химиялық қасиеттері қасиеттері. Циклоалкандар,жалпы формуласы,құрылысы,номенклатурасы,изомерленуі

3.7-3.11.1-19есептер


3

Құрамындағы элементтердің масалық үлестері мен салыстырмалы тығыздығы бойынша заттың молекулалық формуласын табуға есептер шығару және органикалық заттың молекулалық формулалары бойынша есептеу.

Есептер мен тап.жин. ІІтараудағы есептер.


Қанықпаған көмірсутектер.Оттекті органикалық қосылыстар.

4

Алкендердің алынуы жəне қасиеттері, жеке өкілдері. Алкадиендер.Алкадиендердің құрылысы. қасиеттері,алынуы, жеке өкілдері Алкиндер. Алкиндердің құрылысы. Алкиндердің

изомерлері мен атаулары



4.3-4,5.есептер

5

Арендер. Бензол, оның молекуласының құрылысы. Арендердің гомологтары, изомерлері жəне атаулары Арендердің алынуы. Арендердің қасиеттері

5.1, 5.2.1-5жат.Тап.жин.IV тарау.

6

Құрамында қосымшасы бар әрекеттесуші заттың массасы (көлемі )бойынша реакция өнімінің көлемін(немесе массасын) есептеу

Есептер жинағы

7

Көмірсутектердің галогентуындыларының алынуы,құрылыстары.Галоген туындылардың изомерлнуі мен номенклатурасы.Физикалық, химиялық қасиеттері,.өкілдері, алынуы мен олардың қолданылуы.

8.1. 8.2.

1-5-жат.


О.қ. VII тарау

8

Көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу

7.2.1-8-жат.


9

Оттекті органикалық қосылыстары. Спирттерді алу жолдары. Физикалық, химиялық қасиеттері жəне құрылысы. Көпатомды спирттер. Алынуы,қолданылуы Фенолдар. Көмірсутектердің галогентуындылары, спирттер жəне фенол арасындағы генетикалық байланыс.

8.3. 6,7-жат.8.4. 19-жат.О.қ.V тарау

10

Химиялық реакция теңдеуі бойынша газдардың көлемдік қатынасын табу

Есептер жинағы

11

Альдегидтердің физикалық жəне химиялық қасиеттері. Карбон қышқылдарының жіктелуі. Карбонқышқылдарын алу жолдары жəне физикалық қасиеттері. Карбон қышқылдарының химиялық қасиеттері.

10.1, 10.2,10.3.Тап.жин.VIII тар

12

Жай эфирлермен күрделі эфирлер атаулары, алу жолы,қасиеттері .Майлар, құрамы, құрылысы, алынуы,қасиеттері. Сабын жəне синтетикалық кіржуғыш заттар

11.1.-11.3.1-7-жат

13

Көмірсулар Глюкозаның құрылысы, түзілуі, аталуы, жіктелуі. Химиялық қасиеттері. Дисахаридтер. Полисахаридтер, крахмал жəне целлюлоза


13.4.1-9-жат.13.5

14

Аминдер, атаулары,изомерлері, алу жолдары, химиялық қасиеттері. Аминқышқылдары. Құрамында азоты бар гетероциклді қосылыстар.

15.1.1-11-жат.

О.қ.XVтарау15.2, 15.3.1-9-жат.О.қ. .XVтарау.



15

Белоктар- табиғи полимерлер.олардың құрылысы.,физикалық,химиялық қасиеттері Белоктың организмдегі өзгерісі,биологиялық маңызы. Нуклеин қышқылдары. ДНҚ,РНҚ.

15.4. 15.5.

1-9-жат.



Синтетикалық жоғары молекулалық қосылыстар .

16

Жоғары молекулалық қосылыстарды синтездеу əдістері.Полимерлердің қасиеттері Каучук синтезі. Вулканизация Синтетикалық талшықтар жəне олардың маңызды өкілдері Желімдер, мастиктер жəне герметиктер туралы түсінік

15.7. 15.8 15.9.

О.қ.:XVтарау



17

Есептер шығару.Генетикалық байланысқа арналған жаттығуларды орындау.

Дидактикалық тапсырмалар жинағы.

18

Тесттер жинағымен жүйелі жұмыс жасау.

2012-2013 жылғы тестер жинағымен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет