Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды. Бұл діндердің, оның ішінде буддизмнің белгілі бір негізін қалаушы құбылыс жоқ және көпшілік кітаптарда олар жайлы түсіндіріп жазушылар болды. Будданың өсиеттері жазылған Махавагга, заңдары жазылған Ману, Джатак деген кітаптары пайда болды. Индияның көпшілік таптары бір – бірімен соғысып отырғанының арқасында жоғары тап қорғану жағдайын жасап, өз күшін нығайта түсіп, әрі бір – бірімен бірлестікке келіп, топтаса түсті. Нәтижеде Маурья империясы орнады. Осы кезде түрлі касталарға бөліну, дүние зерттейтін институттар, діни-философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осындай жағдайда буддизм де күш алып, әлем дінінің бірі дәрежесіне жетті. Сонымен Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар. Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.