Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп жүргізу процесі келесідей нормативтік актілермен реттелген. 1-кезең: 2007 жылғы 28-ақпанындағы “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заңы.
Бұл Заң бойынша барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есеп жүргізуде арнайы ережелер мен принциптерді сақтауға міндетті деп танылған.
5. Қазақстанда бухгалтерлік есептің заң жүзінде реттелуі. 2 кезең- бекітілген “Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары” болып танылады.
Есеп стандарттары Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүргізудің ресми қабылданған ережесі және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорытындысы есебін жасау үшін ақпараттық жүйесін қалыптастырудың әдістерін белгілейтін құжат.
Қаржылық есеп стандарттары әрбір ұйымда күнделікті болып отыратын шаруашылық операцияларының мазмұны мен көрсеткіштерін қандай жолдармен, қашан және қалай жіктеп, шоттарға жазу мен есептеу, синтетикалық шоттарға жинақтаумен қатар, қорытынды есепке жазу жөніндегі принциптерді іске асыратын халықаралық деңгейде қолданылатын құжат.
3 кезең - кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерде әр жылы жасалып, бекітілетін есеп саясаты жатады. (Кәсіпорынның ішкі жұмыс құжаттары).
6.Ұйымдағы маңызды құжаттардың бірі есеп саясаты болып табылады.
Есеп саясаты дегеніміз не?
Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді құру үшін қолданылатын бухгалтерлік есептің әдістерінің, ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
Есеп саясатының екі түрі бар:
біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты;
екіншісі ұйымдардың ішкі есеп саясаты.
Есеп саясаты және оның ашылуы туралы бухгалтерлік есептің бірінші стандартында жазылған.
Есеп саясатының мақсаты:
-бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу,