Валютаны қайта бағалау
Ол үшін Переоценка валюты бөлімшесін таңдап керекті деректемелерді толтырыңыз да ОК кнопкасын басыңыз.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Субконто, меню, мұрағат, айды жабу, кезеңді жабу, типтік операция режимі, журнал, проводкаларды тексеру анықтамалығын т.б. қалай түсініктеме бересіз?
Мини –жүйелер, шағын және әр жақты (әмбебап) жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.
Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.
Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .
Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. «Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ. М: Финансы и статистика» 1997 ж.
В. В. Радостовец «Сквозной пример» по бухгалтерскому и налоговому учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности, Алматы 1998 ж.
Подольский В. И., Дик В. В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. М., 1996 ж.
Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.
Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.
Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.
Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.
Қосымша әдебиеттер тізімі
Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.
Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.
Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.
Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.
Дәріс - 14
Ақпараттарды талдау және Қорытынды есеп айырысу
Дәрістің мақсаты: Қорларды жіктеу, олардың қозғалысының есебі, бағалануы және бухгалтериядағы есебін жүргізіп үйрену.
Дәрістің сұрақтары:
1. Материалдарды кірістеу. Материалдардың қозғалысы. Алдын-ала төленген материалдарды кірістеу.
2. Төленбеген счеттар бойынша түскен материалдар.
3. Материалдарды жөнелту: материалдарды өндіріске босату, материалдарды жалпы өндіріс шығындарына жіберу.
1C: Бухгалтериямен жұмысты аяқтау мақсаты, басқа да есепті автоматизациялау жүйесі сияқты негізінен толық және дер кезінде кәсіпорынның жағдайы туралы ақпарат беру. Осыны қамтамасыз ету үшін 1C: Бухгалтерия есеп айырысу жүйесімен және қорытынды барлық ақпараттарын сақтайды. Бухгалтерлік шешімдерді басқару жүйесі үшін арнайы механизм бар,ол бухгалтерлік қорытындыларды басқару деп аталады. Шаруашылық операцияларды енгізбестен бұрын режимде Операция/Бухгалтерлік шешімдерді басқару тоқсан бойынша тандалады,сол кезде барлық шаруашылық операциялар осы жерде тіркеледі. Бухгалтерлік қорытындыларын көру үшін есептілікті пайдаланамыз. Есептілік жасалып жатқан кезең, бір мерзімге кеш немесе кварталдың соңында аяқталуы керек. Бухгалтерлік қорытындылау жүйесі автоматты түрде проводкаларды өзгерткен шақта қорытындыны өзгертпей сақтап тұрады.
Бухгалтерлік қорытындыларды басқару режимінде жаңа кварталға көшкен кезде немесе толық есептілік қорытындылары керек болғанда орындалады. Толық есептілік 2 жағдайда қолданылады.
Біріншіден, валюталық, аналитикалық немесе сандық есептілікті өзгерткен кезде, онда жүйе қорытынды есептілікті қайта санауды ұсынады. Бірақта, бірнеше шоттарды өзгерту керек болатын болса,онда лезде беретін қорытындыдан бас тарту керек. Бухгалтерлік қорытындыларды басқару режимінде толық қорытындылар есептілігі орындалмағанға дейін, жүйенің бухгалтерлік қорытындыларды ұстап тұруы мүмкін емес. Екіншіден, толық есептілік орындалу керек, егерде компьютерде осы программамен жұмыс жасалу кезінде техникалық келеңсіздіктер болған жағдайда және ағымдық қорытындылар бұзылған жағдайда. Бұл жағдайда толық қорытындылар есептілігі барлық қорытындыларды қалпына келтіреді. Толық есептілікте проводкаларды түзету орындалады,және де проводкалардың мағынасы валюталық,аналитикалық,сандық есептілікке сәйкес болмаған жағдайда түзету енгізіледі.
Толық қорытынды есептілік қосымша уақыт алуы мүмкін,ақпарат базасында бухгалтерлік операциялардың көп болуымен байланысты. Бухгалтерлік қорытындыларды басқару режимінде 1C: Бухгалтерия монопольдық режимінде ғана жүргізіледі.
Есептілік. Қорытындыны алу үшін немесе қосымша ақпаратты алу үшін 1C: Бухгалтерияда есептілік қолданылады.Есептіліктің саны және құрамы жүйені қолдану кезіңде алынады,олар конфигурация кезінде анықталады.Практикада қолданылатын есептіліктерді бірнеше типтерге бөлуге болады.
Стандарттық есептілік. Олар негізінен кез-келген конфигурация құрамына кіреді. Стандарттық есептілік практикада кез-келген мекемеде және бухгалтерлік есептің кез-келген бөлімінде пайдаланылады.Негізінен,олар бухгалтерлік қорытындыларды әр түрлі бөліктерге бөліп,субконта түрінде көрсетеді. Стандарттық есептілікке оборотно-сальдовая ведомость,шахмат,шоттың анализы,субконто анализы,субконта карточкасы жатады және т.б. Мұндай есептіліктер кең көлемде бухгалтерлік есепті жүргізуде пайдаланады.
Регламенттік есептілік. Бұл әр түрлі бақылаушылар үшін берілетін есептілік болып табылады.Есепкерліктің құрамы мен мазмұны мемлекеттік органдармен анықталады.Олар көбінесе программаны құрастырушы немесе қолданушысымен құрылады.
Мамандандырылған есептілік. Бұл нақты конфигурация негізінде құрылады және де белгілі бір мекемеге,күрделі есепті шешеді.Мамандандырылған есептілік белгілі бір есептің бөліміне бағытталған.
Бар есептіліктердің тағайындалуы бойынша айырмашылықтары болғанымен,қолдану бойынша бір-бірінен өзгешеліктері жоқ. Программада есептілікпен жұмыс жасау ортақ механизмді пайдаланумен жүзеге асады.Барлық есептілік,оны кім құрғанына қарамастан конфигурацияда өзгерістерге ұшырауы мүмкін және де пайдалану бойынша бірдей принципттер қолданылады.
Олардың көмегімен берілген кезеңге белгілі критерияларды қанағаттандыратын операция тізімдерін шығаруға болады, олар: дебет және кредит шоттарының нөмірлері бойынша, операцияны сипаттаудағы кейбір жолдардың болуы, берілген жұмыс орны бойынша және т.б. Мысалы, осы есептің көмегімен беріген кезеңге кассадан қашан және кімге ақша берілгендігі туралы есепті жорамалдауға болады. Бұл үшін 1251, 1010 іріктеу шартын қойып алу керек.
Синтетикалық есеп бойынша қорытынды
Кезең басы мен соңындағы қалдығын, берілген кезең бойынша шоттардың дебеттік және кредиттік айналымдарын Сальдо-айналымдық ведомосттен білуге болады. Сальдо-айналымдық ведомость арқылы бухгалтерлік есептегі шоттардың дұрыс қолданылуын реттеп отыруға болады.
Мысалы, конфигурациядағы барлық шоттар активті, пассивті, активті-пассивті болып бөлінетіндіктен және шоттар жоспарында әрбір шотқа сәйкес нышандар тұрғандықтан, егер шот Активті болып танылып кредитті қалдығы болса, онда сальдо-айналымдық ведомостте ол қалдық минус белгісі түрінде көрсетіледі. Таңдалған кезеңдегі шоттар арасындағы айналым Шахматкадан және Келістіріуші проводкалардан көрініс табады. Бұл екі құжат көрініс формаларымен ерекшеленеді.
Әрбір шот үшін қорытынды сомаларын, есепті кезеңдегі берілген шоттың басқа басқа шоттармен корреспонденцияларын кіргізетін Шот талдауын (Анализ счета) алуға болады, бұл шот бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықты, яғни шот талдау өзімен бірге осы шотқа қатысты Бас кітапты көрсетеді. Мысалы бұл есептің көмегімен есептік шоттың қозғалысын болжауға болады.
Уақыт бойынша шотты талдауда айналымды немесе шот бойынша айналымды бүкіл кезеңге емес, кезеңнің әр күніне алуға болады. Бұл талдау көбіне компьютерге салынып қойған бухгалтерлік жазбалар бойынша деректерді тексеру үшін қолданады.
Шот айналымдары бастапқы және соңғы қалдық пен шот айналымдарын басқа шоттармен әр айға немесе кварталға қарастыруға мүмкіндік береді.
Журнал-ордер мен шоттар ведомостісі уақыт бойынша нмесе жекелеген проводкалар бойынша толық қанды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Шот бойынша операция карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Сонымен, 1010 шоты үшін шот карточкасы Кассалық кітапты алуға, ал 1030 шоты үшін банк жазбаларының түсіндірмелерін алуға және т.б. мүмкіндік береді.
Аналитикалық шот бойынша деректер
Шот бойынша қалдық-айналымдық ведомостісі тек қана аналитикалық есеп жүретін шоттарда қолданылады. Онда айналымдарды бөлу мен аналитикалық есептің нақты объектілері бойынша шот қалдықтары көрінеді. Сонымен, 1310 «Материалдар» шоты үшін бұл ведомость материалдардың нақты түрлерінің қозғалыстары бойынша, ал 3350 «Қызметкерлермен есеп айырысу» шоты - әрбір қызметкермен есеп айырысу мәліметерін және т.б. деректерді алуға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша шотты талдау қалдық-айналым ведомостісіне қарағанда толығырақ мәліметтер береді. Бұл құжат аналитикалық есептің (субконто) әрбір объектісінің таңдалған шоты бойынша осы объектінің басқа барлық синтетикалық шоттарымен корреспонденцияларының қорытынды сомалары, және де субконто бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтар (натуралдық және құндық көріністе) көрінеді. Осылай, «Субконто бойынша от талдау» құжаты «Шот тлдауы» құжатының аналитикалық есебінің (субконто) нақты объектілері бойынша түсіндірмесі болып табылады.
Субконто талдауы бірнеше синтетикалық шоттарымен байланысы бар субконто түрлерімен қолданылады. Қалдық-айналымдық ведомость айналымдар және субконто қорытындылары туралы толық ақпарат бермейді. Мысалы, контрагент сатып алушы немесе жеткізуші орнында да болуы мүмкін, яғни бұл ұйымға байланысы бар операциялар 1210, 3310 шотында есептеледі, сондықтан қалдық-айналымдық ведомость субконто қиысында бұл шоттардың біреуі де бұл ұйыммен есеп айырысуларын көрсетпейді.
Субконто арасындағы айналымдар субконталардың арасындағы бір түрімен басқа бірнеше түрлері арасындағы айналымдарды талдауды алуға көмектеседі. Бұл құжат, мысалы, әрбір тұтынушының түрлі түрдегі тауарлардың қаншасын сатып алғандығы туралы мәліметтерді біліп отыруға мүмкіндік береді.
Субконто бойынша операциялар карточкасы шот бойынша операциялар туралы максималды толық көрінісін алу керек болғанда қолданылады. Ол берілген шоттың барлық операцияларын проводкалардың реквизиттерін, әрбір операциялардың шот бойынша кезең бойынша алғашқы және соңғы қалдықтарын, шот бойынша айналымдарын хронологиялық кезектілікте көрсетеді. Деректер құндық және натуралдық көрсеткіштер түрінде көрсетіледі.
Регламенттелген және арнайы есептемелер.
Нақты және арнайы есептемелердің тізімі нақты баптауларға байланысты болып келеді. Бұл есептеме түрлерімен жұмыс жасау стандартты есептемелермен жұмыс жасаудан оншалықты айырмашылығы жоқ.
1C:Бухгалтерия бағдарламасында деректердің маңызды бөлігі сілтеме түрде сақталады. Мысалы, құжатты енгізу барысында құжаттың көптеген реквизиттерін анықтамалықтан алынған мәліметтерді, құжаттардың тізімінен алынған құжаттарды таңдау арқылы толтыруға болады. Бұндай реквизиттер сәйкес анықтамалықтардың элементтеріне сілтеме болып табылады.
Сілтемелерді қолдану әр жерде орналасқан бірдей ақпараттарды қайта-қайта түзетудің болуын алдын алады. Мысалы, құжаттардың бірқатарын басып, енгізгеннен соң осы құжаттар арналып жазбаланған ұйым-контрагент атауы дұрыс көрсетілмегені анықталды. Контрагент аты құжатқа контрагент анықтамалығынан таңдау жолымен енгізілгендіктен, контрагент атын тек қана анықтамалықта өзгерту жеткілікті, себебі өзгертілген атау құжаттарда автоматты түрде көрінетін болады, тек печаттық формаларын жаңадан құру жеткілікті болады.
Бірақ, егер контрагент-ұйымды анықтамалықтан жойса, онда ол қолданылған барлық құжаттарда «рұқсат етілмеген сілтемелер» атты жоқ нысандарға сілтемелер болып қалады.
Бұндай жағдайларды болдырмау үшін 1C:Бухгалтерия бағдарламасында сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі бар. Сілтемелік тұтастықтың бақылау механизмі деректер нысанын жою процесін 2 кезеңге бөліп қарастырады.
1 – кезеңде қолданушылар нысанды жоюға арналған белгіні қояды. Бірақ жоюға белгісі бар нысанның қолданыстағы нысаннан ешқандай айырмашылығы байқалмайды.
2 – кезеңде жүйе басқарушысы немесе сәйкесінше құқы бар өзге тұлға белгісі бар нысандарды жою арнайы процедурасын орындайды. Бұл процедура жүру барысында белгісі бар нысандарға сілтемелердің барлығына толық анализ жүреді де, тек сілтемелері жоқ нысандар ғана жойылып отырады.
Жалпы белгіленген нысандарды жою процедурасы регламенттік болып табылады. Оны белгісі бар нысандар жиналғанына қарай белгілі бір кезең сайын орындау ұсынылады. Бұл процедура тек монопольді режим түрінде орындалады.
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Субконто, меню, мұрағат, айды жабу, кезеңді жабу, типтік операция режимі, журнал, проводкаларды тексеру анықтамалығын т.б. қалай түсініктеме бересіз?
Мини –жүйелер, шағын және әр жақты (әмбебап) жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.
Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.
Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .
Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. «Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ. М: Финансы и статистика» 1997 ж.
В. В. Радостовец «Сквозной пример» по бухгалтерскому и налоговому учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности, Алматы 1998 ж.
Подольский В. И., Дик В. В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. М., 1996 ж.
Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.
Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.
Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.
Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.
Қосымша әдебиеттер тізімі
Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.
Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.
Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.
Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.
Дәріс - 15 Қаржылық есеп беруді дайындау және ұсыну
Дәрістің мақсаты: Қаржылық есептілік нысандарын ашып танысу.
Дәрістің сұрақтары:
1. Қаржылық есеп берудің нысандары.
2. Бухгалтерлік баланс.
3. Табыстар мен шығыстар жөнінде есептеме.
4. Ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есептеме.
5. Меншікті капиталдағы өзгеріс
1. Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржы - шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау - есеп жұмысының соңғы сатысы. Оның деректері бойынша кәсіпорынның қызметін қорытындылайды; ол талдау жасаудың, күнделікті және алдағы уақыттарға жоспарлаудың ақпарат көзі болады. Есеп берудің мемлекеттік маңызды мәні бар. Оның деректерін салықтардың және басқа бюджеттік төлемдердің дер кезінде әрі толық төленуіне бақылау жасау үшін пайдаланады.
Кәсіпорын қызметіндегі нақты нәтижелердің шынайы да дәл көрініс беруі, барлық көрсеткіштердің тығыз байланысты болуы, бухгалтерлік есеп беру мен статистикалық жедел есеп берудің бір-біріне сәйкес келуі, әдістемелік және басқа ережелердің сақталуы есеп беруге қойылатын негізгі талаптар болып табылады. Есепті және баланс баптарының бағалауын бұрмалап беру, басқа да әдейі бұрмаланып көрсетілген есеп деректерін беру мемлекет ке зиян келтіретін, мемлекетке қарсы әрекет ретінде қаралады, ал бұған жазықты басшылар мен бас бухгалтерлер қолданылып, жүрген заңдарға сәйкес жауапты болады.
Берілген есептің тазалығы, есеп деректерінің инвесторлар мен акционерлерге түсінікті болуы есеп беруге қойылатын маңызды талап болып табылады. Есеп белгіленген мерзімдерде беріліп отыруга тиіс.
2. Бухгалтерлік баланс — кәсіпорынның жылдық есеп беруінің негізгі үлгісі. Баланс жасалғанға дейін есепке алу тізімдеріндегі барлық синтетикалық шоттары бойынша толтырылған айналымдар мен қалдықтарды талдау есебінің деректерімен салыстыру қажет. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы баланс үшін бекітілген номенклатурамен және бөлімдер мен баптардың топтамаларымен (егер баланс баптарының номенклатурасында өзгерістер болса) сәйкестендірілуге тиіс.
3. Бухгалтерлік баланс сияқты, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қабылдаған “Кірістер мен шығыстар туралы есеп беру” қаржылық есеп беруді ұсыну үшін аса маңызды.
Кірістер мен шығыстар туралы есеп
мың теңге
Көрсеткіштердің атауы
|
Бет коды
|
Есептік кезең үшін
|
Өткен кезең
үшін
|
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуден түскен кіріс
|
010
|
|
|
Сатылған өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
|
020
|
|
|
Жалпы пайда (бет 010- бет 020)
|
030
|
|
|
Қаржыландырудан түскен кірістер
|
040
|
|
|
Өзге де кірістер
|
050
|
|
|
Өнімдерді сату мен қызметтер көрсетуге арналған шығыстар
|
060
|
|
|
Әкімшілік шығыстар
|
070
|
|
|
Қаржыландыруға арналған шығыстар
|
080
|
|
|
Өзге де шығыстар
|
090
|
|
|
Үлес қосу әдісімен есептелетін ұйымдардың пайдасының/залалының үлесі
|
100
|
|
|
Жалғасатын қызмет кезеңіндегі пайда (залал) (бет 030+бет 040+бет 050- бет 060 – бет 070 – бет 080 - бет 090+/- бет 100)
|
110
|
|
|
Тоқтатылған қызметтен түскен пайда (залал)
|
120
|
|
|
Салық салғанға дейінгі пайда (залал) (бет 110+/-бет 120)
|
130
|
|
|
Корпоративтік табыс салығы бойынша залалдар
|
140
|
|
|
Аздық үлесті шегергенге дейінгі кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 130- бет 140)
|
150
|
|
|
аздық үлесі
|
160
|
|
|
Кезеңдегі жиынтық пайда (залал) (бет 150- бет 160)
|
170
|
|
|
Акцияға арналған пайда
|
180
|
|
|
“Өткізілген өнімнің өзіндік құны” статьсы бойынша өнімді өндіріумен байланысты нақты шығындар, өткізілетін өнімге қатысты қызмет көрсету, жұмыстарды орындау көрініс табады. Өзіндік құнды құру реті бухгалтерлік есептің сәйкес ережелерімен анықталдады. Ұйым шығарылған өнім есебі үшін оның бағасын нормативті өзіндік құндылық бойынша қолдану кезінде нақты және нормативті өзіндік құндар арасындағы айырмашылықтар кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке жолда көрініс табады.
“Жалпы табыс” статьясы өзіндік құн мен нетто-түсім арасындағы айырмашылық ретінде анықталатын есеп айырысу көрсеткішін білдіреді.
“Жалпы және әкімшілік шығындар” статьясы бойынша өндіріс процесіне байланысты емес басқарушы және шаруашылық шығындары көрініс табады.
“Сыйақы төлеу шығындары” статьясында алынған заимдар, шығарылған құнды қағаздар, вексельдердің, қаржыландырылатын жал келісімінің және сенімді басқару шығындары көрсетіледі.
“Салық салынуға дейінгі табыстар” статьясында жоғарыда аталған кірістер және шығыстар арасындағы әртүрлілікті анықтайтын есеп айырысу көрсеткіші көрсетіледі.
“Таза табыс”статьиясында Салық Кодексіне сәйкес және салық есебінің мәліметтері бойынша салық сомасы көрсетіледі, яғни шығындарға жатқызылатын шығыстардың көлемі мен құрамына шектеу есебімен көрініс табады.
“Таза табыс”стстьясында салық салынуға дейінгі табыс және табысқа салынатын салық көлемі арасындағы әртүрлілікті; анықтайтын есеп айырысу көрсеткішін көрсетеді. “Үлестірмеген табыс (жабылмаған залал)” статьясы ұйымның үлестірмеген табыс немесе жабылған залалдарының қозғалысы және қолда бар болуы туралы ақпараттарды жалпылау үшін есеп айырысу жолымен анықталады.
4. Есеп ақша қозғалысының есебі шоттары бойынша мәліметтер негізінде құрылады және есеп беру кезеңінің басындағы және аяғындағы қалдықтар есебі мен ақша ағымы туралы мәліметтерді қамтиды. Ақша ағымы туралы мәліметтер есеп беруде операциялық, инвестициялық және қаржылық кесімдерде ұсынылады.
Қазақстан Республикасындағы ақша қозғалысы тура және жанама әдістерді қолданумен операциялық қызмет арқылы іске асады.
Тура әдіс кезінде ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлері ашылады. Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтерді сату мен сатып алу, заимдар беру мен оларды жою. Инвестицялық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да құралдарды өткізу; қаржылық инвестицияларды өткізу; басқа заңды тұлғалар ұсынған заимдарды алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:
материалды емес активтерді, негізгі құралдарды және басқа да ұзақ мерзімді сатып алу; қаржылық инвестицияларды сатып алу; басқа заңды тұлғаларға заимдар ұсыну; басқа да төлемдер;
Қаржылық қызмет – заимдық құралдар мен меншікті капиталдың құрамы мен көлемдерінің өзгерісі нәтиже болып табылатын ұйымның қызметі. Қаржылық қызмет нәтижесінде пайда болатын ақша қозғалысының мысалы ретінде мыналар қолданылады:
ақшалардың түсімі:
акциялар және басқа да құнды қағаздар шығару; банк заимдарын алу; басқа да түсімдер;
ақшалардың шығыстары:
банк заимдарын жою; меншікті акцияларды сатып алу; дивидендтер төлеу; басқа да төлемдер;
Өз-өзін бақылау сұрақтары
Субконто, меню, мұрағат, айды жабу, кезеңді жабу, типтік операция режимі, журнал, проводкаларды тексеру анықтамалығын т.б. қалай түсініктеме бересіз?
Мини –жүйелер, шағын және әр жақты (әмбебап) жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер дегеніміз не, оларға қандай программалар жатады, мысал келтіріңіз.
Негізгі әдебиеттер тізімі:
Чистов Д. В. Основы компьютерной бухгалтерии. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в 1С: Бухгалтерии№ Москва 2002 ж.
Умнов Э.А., Чистов Д. В. Бухгалтерский учет на персональной ЭВМ. Учебный практикум по ведению бухгалтерского учета в «1С: Бухгалтерии». Москва 2004 ж.
Фигурнов В., Давыдова В., Нуралиева С., Постнова С. 1С: Бухгалтерия – проф для WINDOWS .
Ковбасюк М.Р., Соколовская З.Н., Беспалов В.И. «Анализ финансовой деятельности предприятия с использованием ПЭВМ. М: Финансы и статистика» 1997 ж.
В. В. Радостовец «Сквозной пример» по бухгалтерскому и налоговому учету с заполнением форм бухгалтерской и налоговой отчетности, Алматы 1998 ж.
Подольский В. И., Дик В. В. Бухгалтерский учет на персональных ЭВМ. М., 1996 ж.
Васючков Е. Ф., Гамодская Л. Е. Практическое пособие «Бухгалтерский учет с 1С: Бухгалтерией 7.7», Алматы, Раритет 2002 ж.
Васючков Е. Ф. Индивидуальный предприниматель+1С7.7. - Алматы : 2006.
Сұлтанбекова, А. О. Бизнестегі қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар - Алматы : Экономика, 2009 ж.
Таттибаев, К. М. 1С Предприятие 7.7 Казахстанская стандартная версия: учеб. пособие / К. М. Таттибаев. - Алматы : 2005г.
Қосымша әдебиеттер тізімі
Журнал «Бухгалтер плюс компьютер», 2009-2010 ж.ж.
Васючков Е. Ф., Сапа Т. И. «1С: Предприятие 7.7., 8.0 Бухгалтерский учет для Казахстана» Самаоучитель, Алматы 2007 ж.
Руководство пользователя по «1С: Предприятия» версия 7.7 Москва 2001 г. Фирма 1С.
Таттибаев К. М. «1С: Бухгалтерия с МСФО для Казахстана», Алматы 2009 ж.
ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫН ОРЫНДАУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«1SВ 3221 1С Бухгалтерия» пәні бойынша
«5B050800 Есеп және аудит» мамандығы
Алматы, 2013.
Практикалық (семинар) сабақтарын орындау үшін әдістемелік нұсқаудың құрылымы
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау:
Тақырыптар бойынша есепті меңгеру үшін оқулықтардан, журналдардан тақырыпқа қатысты материалдарды жинақтап жазуға қойылатын талаптар.
Бет форматы А-4; Шрифт: размері – 14, тип - Times New Roman. Поля: 2,0 см – жоғары, төмен; 3,0 см. – сол жағы, 1,5 см оң жағы. Мәтінді теру интервалы 1.
№
|
Дәріс жоспары
|
Тәжрибелік сабақ жоспары
|
1
|
Программаның негізгі мүмкіндіктері мен қағидалары
|
Toп құру: Топтан топқа орын ауыстыру. Анықтамалықтар. Субконто. Субконто түрлері. Кәсіпорын деректемелері. Тұрақтылар анықтамалығы. Командалар мен батырмалар Жазу қосу, жою, түзету енгізу, көшіру командалары мен батырмалары. Валюта анықтамалығы.
|
2
|
Программаны жұмысқа дайындау. Талдамалы, жинақтамалы, сандық және валюталық есептерді ұйымдастыру.
|
Шоттар Жоспары. Сандық есепті ұйымдастыру. Валюталық есеп анықтамалығы. Сандық, валюталық есеп белгілері. Субконто анықтамалығының Шоттар Жоспарымен байланысы.
|
3
|
Операциялар журналы. Бастапқы қалдықтарды енгізу
|
Операциялар, проводкалар, құжаттар журналының кызметі және форматы. Журналдар параметрі және оны орнату. Жазу қосу, жою, түзету енгізу, көшіру командалары мен батырмалары. Проводкаларды алфабит, күні, сомасы бойынша реттеу. Журналдардан журналдарға көшу. Бастапқы қалдықтарды шоттар бойынша енгізу. Топтамалы есептер қалдықтарын және сандық есеп қалдықтарын енгізу. Қалдықтардың дұрыстыгын тексеру. Қателердің түрлері. Қалдық айналым ведомосы. Шоттар карточкасы. Қалдықтар бойынша Кіріспе Баланс.
|
4
|
Бухгалтерлік операцияларды енгізуді автоматтандру. Типтік операция режимі.
|
Типтік операция режимі. Типтік операция тізімі. Типтік операция шаблонын құру. Типтік операция шаблонының реквизитгері. Типтік операция тізімін түзету. Дайын шаблон негізінде операцияларды енгізу. Формулалар. Типтік операциялар топтары. Типтік операция тізімінен іздеу.
|
5
|
Бухгалтерлік операцияларды енгізуді автоматтандру. Құжаттау мен есептеулер режимі
|
Құжаттау режимінің қызметі. Жиі қолданылатын кұжаттар. Жиі қолданылатын құжаттарды қолдану. Бар құжаттарды түзету. Құжаттарды баспаға шығару. Құжаттарды байланыстыру. Құжаттарды сақтау және өткізу. Құжаттардың проводкалары. Құжаттарды реттеу және іздеу. Қүжаттардың күнін өзгерту.
Құжаттардың жіктелуі және реквизиттер. Есеп регистрлері және олардың мәні. Бухгалтерлік құжаттардағы қателерін түзету.
|
6
|
Стандартты және еркін нысандағы есептемелер.
|
Стандартты құжаттар құру. Есептемелер мен өңдеулерді қолдану. Есептемелердің параметрін қою. Стандартты есептемелерді баспаға шығару. Операция Журналы бойынша
есептемелер. Жиынтық проводкалар. Шахматка. Қалдық - айналым ведомосы. Шоттар бойынша Қалдық - айналым ведомосы. Шоттарды талдау. Шоттар карточкасы. Субконтоларды талдау. Субконто карточкасы. Субконто аралык айналымдар
|
7
|
Программаның сервистік мүмкіндіктері
|
Параметрлерді орнату: жалпы параметрлер, мәтіндік параметрлер. Бухгалтерлік нәтижелер. Калькулятор және жады. Күнтізбе. Ақпараттар терезелері. Табло. Шоттар таблосы. Құралдар тақтасы.
|
8
|
Есептік кезеңдегі операциялар
Ақша қаражаттары есебі бойынша операциялар
|
Кассадағы қолма - қол ақша қаражаттарының қозғалысы. Кіріс және шығыс кассалық ордерлер. Бюджетке төлем бойынша есеп айырысу: Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысының есебі. Төлем тапсырмалары. Банк көшірмелері. Валюталық есеп. Валюталық есеп бойынша құжаттар.
|
9
|
Дебиторлық борыштар есебі
|
Сатып алынған тауарлы-материалдық кұндылықтар дан есептелінетін қосылған кұн салығы. Қызметкерлер мен басқа да тұлғалардың қарызы. Басқада дебиторлық қарыздар. Берілген аванс бойынша есеп айырысу. Дебиторлық борышттар бойыша есеп айырысу.
|
10
|
Өнім өндіру және өндірістік шығындар есебі операциялары
|
Дайын өнімді сату және жөнелту. Жұмыс және қызметтерді өткізу. Сатып алынған товарлар есебі. Сатылған товарлардың (жұмыс пен қызметтің) өзіндік құны операциялары. Товарларды (қызмет пен жұмыс) сатуға кеткеп шығындар есебі. Сатыпалушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу.
|
11
|
Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі операциялары
|
Материалдарды кірістеу. Материалдардың қозғалысы. Алдын-ала төленген материалдарды кірістеу. Төленбеген счеттар бойынша түскен материалдар. Материалдарды жөнелту: материалдарды өндіріске босату, материалдарды жалпы өндіріс шығындарына жіберу. Материалдардың ішкі қозғалысы. Тауарлы - материалдық қорлар қозғалысы бойынша құжаттар.
|
12
|
Ұзақ мерзімді активтер: Негізгі құралдар есебі операциялары
|
Негізгі-құралдар анықтамалығы. Негізгі кұралдарды кірістеу. Негізгі құралдардың амортизациясы. Амортизацияны автоматты түрде есептеу формуласы. Негізгі құралдарды сату. Жалға берілетін негізгі кұралдар. Негізгі кұраллар кұжаттары.
|
13
|
Материалдык емес активтер есебі және оның амортизациясы операциялары
|
Материалдық емес активтер қозғалысының есебі. Материалдық емес активтер амортизациясы. Амортизацияны автоматты түрде есептеу формуласы. Материалдық емес активтердің шығысы. Материалдық емес активтердің құжаттары.
|
14
|
Еңбекақы есептеу операциялары
|
Еңбекақы есебін ұйымдастыру. Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептеу. Әкімшілік басқару қызметкерлеріне еңбекақы есептеу. Еңбекақыдан ұсталымдар: салықтар, зейнетақы және қамсыздандру қорларына аударымдар. Еңбекақы төлеу операциялары. Еңбек және оны төлеу құжаттары.
|
15
|
Есеп беру кезеңін жабу. Шығару құжаттарын құру
|
Баланс және балансқа қосымшалар.
Қаржылық есеп берудің ұсынылуы
Қаржылық есеп берудің түрлері ( 1-4 нысаны) Түсіндірме хат
|
Достарыңызбен бөлісу: |