Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет134/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

 
А
 (+)
П (+)
ә) 
Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді 
кредиторлық қарыздардан. Бұл операциялар № 4120—4140 «Еншілес 
(қауымдастырылған) ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қа-
рыздар» пассивті шоттарының кредиті бойынша бейнеленеді. 
Қарыздардың есептелуі еншілес (қауымдастырылған) ұйымдардың 
есебінен болатындықтан, шаруашылық операция № 4120—4140 
шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне жасалады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2930
1315, 1317 
1010, 1040 4120—4140 Келісімдер, шот-фактуралар,
4010—4020 төлем тапсырмалары, жүкқұжаттар
4110
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті 
және пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) 
орналасқан кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті 
«Активті-пассивті» операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның 
шаруашылық құралдары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан 
бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары 
көбейеді. 
Пассивті шот (№ 4010—4020, 4110) орналасқан кезде баланстың 
пассивінде тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» 
операция орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық 
қарыздар кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес 
ұйымдарға кредиторлық қарыздар көбейеді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысалдар
келтіреміз: 1) кәсіпорында еншілес ұйымдарға 
ұзақ мерзімді қарыздар есебінен 2005 жылы шілде айының 30 
жұлдызындағы № 124 шот-фактура мен жүкқұжаттарына сәйкес, 
2700000 теңге сомада материалдар сатып алынды. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 


228
Дт Кт Сома Ескерту
1310 — 4120 = 2700000 3 типті операция
А (+) П (+)
2) кәсіпорында бағынышты ұйымдарға ұзақ мерзімді қарыздар 
есебінен 2005 жылы мамыр айының 31 жұлдызындағы № 2 келісімі 
мен 6 маусымдағы № 1339 төлем тапсырмасына сәйкес, 2000000 теңге 
сомада банктің ұзақ мерзімді қарыздары жабылды. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
4010 — 4140 = 2000000 2 типті операция
П (-) П (+) 
3) кәсіпорында бірлесіп бақыланатын ұйымдарға ұзақ мерзімді 
қарыздар есебінен 2005 жылы ақпан айының 28 жұлдызындағы 
№699 төлем тапсырмасына сәйкес, 1800000 теңге сомада жеткізіп 
берушілердің шоттары төленді. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
4110 — 4130 = 1800000 2 типті операция
П (-) П (+)
в) 
Ұзақ мерзімді аванстар алудан. Олар бойынша есептер № 4410 
«Алынған ұзақ мерзімді аванстар» пассивті шоттарында бейнеленеді. 
Активтер кредиторлардан алынатындықтан, шаруашылық операция 
№ 4410 шоттардың кредитінен № 1010, 1040 шоттардың дебетіне 
жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
1010, 1040 4410 Келісімдер, төлем тапсырмалары 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады. 


229
Бір жағынан кәсіпорынның ақша қаражаттары, екінші жағынан 
бір мезгілде сол сомаға алынған аванстар бойынша кредиторлық 
қарыздары көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз: кәсіпорын тауар-материалдық қорларды 
жеткізіп беру үшін 2005 жылы наурыз айының 21 жұлдызындағы 
№ 933 төлем тапсырмасы мен келісіміне сәйкес, 2000000 теңге 
сомада ұзақ мерзімді аванс алды. Бұл жағдайда бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
1040 — 4410 = 2000000 3 типті операция 
А (+) П (+)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет