54
21. Банкіден қолма-қол ақша алу тәртібі
Кәсіпорын банкіден қолма-қол ақшаны оның атына жазылған ақша
чегі бойынша кассир немесе басқа сенімді тұлға арқылы алады.
Чектер арнайы чек кітапшасында болады.
Чек кітапшасын алу
үшін алушының аты-жөні көрсетілген және оның қолтаңбасының
үлгісі берілген арнайы өтініш толтыру қажет.
Өтініш басшы мен
бас бухгалтердің қолтаңбалары қойылып,
кәсіпорынның мөрімен
бекітіледі. Сол өтінішіне сәйкес, банк сенімді тұлғаға 25 немесе 50
данаға чек кітапшасын береді. Банкідегі өзінің есеп айырысу шоты-
нан қолма-қол ақша алу үшін бухгалтер ақша чегін толтырады, оған
басшымен бірлікте қол таңбаларын қойып, кассирге береді. Чектегі
сома жолдың басынан міндетті түрде бас әріппен жазылады.
Кассир алдын ала (шамамен 1—2 күн бұрын) банкіге қажетті
сомаға тапсырыс береді, ал одан соң оны чек бойынша алады. Чектер
күнін
өзгертпей, жазылған күнді есепке алмай, 10 күн
ішінде жа-
рамды болып саналады. Чектің түбіртегі есеп регистрінде кассалық
операцияларды жазу үшін ақтаушы құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру
туралы ережелеріне сәйкес, кассирдің
штаты жоқ кәсіпорындарда
оның міндетін толық материалдық жауапкершілік туралы келісім
шарт жасалып, кәсіпорын басшысының жазбаша түрдегі өкімі бой-
ынша бас бухгалтер немесе басқа қызметкер атқаруы мүмкін.
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Ақша чегі не үшін қажет болады?
2. Кассирдің міндетін кәсіпорынның
бас бухгалтері атқаруы
мүмкін бе?
3. Банкіден ақша чек кітапшасын алу үшін қандай құжаттарды
толтыру қажет?
4. Банкіден қолма-қол ақша алудың тәртібі қандай?
5. Банкіден қолма-қол ақша алу кезінде кассир жеке басын
куәландыратын құжатты көрсетуге тиісті ме?