236
ә)
Жарияланған капиталға салымдар есебінен. Бұл шаруашылық
операциялар № 2710, 2730 «Материалдық емес активтер», 2410—2417,
2510, 2520, 2930 «Негізгі құралдар», 1310—1317 «Тауар-материалдық
қорлар», 1330, 1350 «Тауарлар», 1010, 1020, 1040 «Ақшалар» активті
шоттарында бейнеленеді. Салымдар жағдайында жоғарыда көр-
сетілген тауар-материалдық құндылықтар дебеттік жағында орна-
ласқандықтан, шаруашылық операцияның жазуы № 5020 шоттың
кредитінен жоғарыдағы шоттардың дебетіне жасалады. Проводка
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417 5020 Құрылтай құжаттары, көшірмелер,
1310—1317 жүкқұжаттар, қабылдау-өткізу актілері,
1330, 1350, 1010, 1020, 1040 кіріс кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорын активтері мен ақша қаражаттары, екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға
оның жарғылық капиталының
мөлшері көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: