241
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417, 2930
5010 1310—1317, 1330, 1350 Келісімдер, хаттамалар,
1010, 1020, 1040
реестрлерден көшірмелер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысушылар
салымының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның
ресурстары кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал
келтіреміз:
кәсіпорында 2007 жылы наурыз айының 15
жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 3 хаттамасына сәйкес, жалпы
сомасы 10100000 теңгеге жарияланған капиталдан қатысушылардың
салымдары
алынып тасталды, оның ішінде:
1) қолма-қол ақшамен 2800000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1010 = 2800000 4 типті операция
П (-) А (-)
Басқа мүлікпен:
2) негізгі құралдармен 4200000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 2413 = 4200000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) әртүрлі материалдармен 2500000 теңге сомада. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1310 = 2500000 4 типті операция
242
П (-) А (-)
4) әртүрлі тауарлармен 1600000 теңге сомада. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1330 = 1600000 4 типті операция
П (-) А (-)
ә)
Акционерлермен меншікті акцияларды өтеп алудан. Бұл
операциялар № 5210 «Сатып алынған меншік үлестік аспаптар»
пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Акцияларды
өтеп алу кәсіпорынның қаржылары
есебінен болатындықтан,
шаруашылық операцияның жазуы № 5210 шоттың дебетіне № 1010,
1020, 1050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше
болады:
Дт Кт Құжаттар
5210 — 1010, 1020, 1050 Жалпы жиналыстардың
хаттамалары, келісімдер,
реестрлерден көшірмелер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады.
Бір жағынан кәсіпорынның алынып тасталған капиталының көлемі,
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді.
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: