Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет140/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Мысал 
келтіреміз:
 
сақтандыру компаниясының жарғысына 
сәйкес, жыл сайын ұйымның жылдық бөлінбеген табысының 40%-ы 
резервтік капиталға аударылуы қажет болған.
 
2007 жылы қаңтар 
айының 19 жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 4 хаттамасына 
сәйкес, 80600 теңге сомада резервтік капиталға қаржы бөлінді. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5430 — 5310 = 80600 2 типті операция
П (-) П (+)
Енді капитал элементтерінің кему (шығыс етілу) жағдайларын 
қараймыз.
Бұл жағдайларда капиталдың қаралатын элементтері дебет 
бойынша өтеді. Осы жерде біз капиталдың қай элементтер есебінен 
кемитініне назар аударуымыз керек.
а) 
Жарияланған капиталдан қатысушылар салымдарының алы-
нып тасталуынан. Бұл операциялар № 5010 «Жарияланған капитал» 
пассивті шотының дебетіне № 2710, 2730, 2410—2417, 2930 1310—
1317, 1330, 1350, 1010, 1020, 1040 шоттардың кредитінен жүргізіледі. 
Салымдардың алынып тасталуы материалдық ресурстар, негізгі 
құралдар мен ақша қаражаттары есебінен жасалатындықтан, жазу 


241
төмендегіше болады: 
Дт Кт Құжаттар
2710, 2730
2410—2417, 2930
5010 1310—1317, 1330, 1350 Келісімдер, хаттамалар,
1010, 1020, 1040 реестрлерден көшірмелер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорынның жарғылық капиталына қатысушылар 
салымының көлемі, екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның 
ресурстары кемиді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында 2007 жылы наурыз айының 15 
жұлдызындағы жалпы жиналыстың № 3 хаттамасына сәйкес, жалпы 
сомасы 10100000 теңгеге жарияланған капиталдан қатысушылардың 
салымдары алынып тасталды, оның ішінде: 
1) қолма-қол ақшамен 2800000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1010 = 2800000 4 типті операция
П (-) А (-)
Басқа мүлікпен:
2) негізгі құралдармен 4200000 теңге сомада. Бұл жағдайда бух-
галтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 2413 = 4200000 4 типті операция
П (-) А (-)
3) әртүрлі материалдармен 2500000 теңге сомада. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1310 = 2500000 4 типті операция


242
П (-) А (-)
4) әртүрлі тауарлармен 1600000 теңге сомада. Бұл жағдайда 
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
5010 — 1330 = 1600000 4 типті операция
П (-) А (-) 
ә) 
Акционерлермен меншікті акцияларды өтеп алудан. Бұл 
операциялар № 5210 «Сатып алынған меншік үлестік аспаптар» 
пассивті шотының дебеті бойынша бейнеленеді. Акцияларды 
өтеп алу кәсіпорынның қаржылары есебінен болатындықтан, 
шаруашылық операцияның жазуы № 5210 шоттың дебетіне № 1010, 
1020, 1050 шоттардың кредитінен жасалады. Проводка төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Құжаттар
5210 — 1010, 1020, 1050 Жалпы жиналыстардың
хаттамалары, келісімдер, 
реестрлерден көшірмелер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда баланстың активі мен 
пассиві кемитін 4 типті «Пассивті-активті» операция орын алады. 
Бір жағынан кәсіпорынның алынып тасталған капиталының көлемі, 
екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға оның ресурстары кемиді. 
Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет