Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет143/167
Дата19.09.2022
өлшемі2,74 Mb.
#149980
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

VII. БӨЛІМ. ШЫҒЫСТАР
Бұл бөлім активті және 8 (№ 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76, 77) 
бөлімшелерден тұратындығы кестеден көрініп тұр. Шығыстардың 
барлық түрлері актив болып табылады және активті шоттарда 
бейнеленеді.
Олардың келіп шығуын (көбеюін) қараймыз.
Бұл жағдайда олар дебет бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыстар 
қандай элементтерден пайда болатындығына назар аударуымыз 
керек.
а) 
Дайын өнім, тауарлар өткізудің өзіндік құнын анықтау. 
Бұл операциялар № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген 
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. 
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан пайда 
болатындықтан, шаруашылық операциялар № 1320, 1330 шоттардың 
кредитінен № 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу 
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7010 — 1320, 1330 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек 
қана активті шоттар орналасқан. Бұл жағдайда (№ 1320) 1 типті 
«Активті-активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде 
тек қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру 
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның 
материалдық ресурстарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың 
дұрыстығын білдіреді.
Мысал 
келтіреміз:
 
кәсіпорында 1-жарты жылдықта өткізілген 
өнімнің өзіндік құны 2007 жылы маусым айындағы № 10 журнал-
ордердің мәліметтері бойынша 8350000 теңгені құрады. Бұл 
жағдайда бухгалтерлік проводка төмендегіше болады: 
Дт Кт Сома Ескерту
7010 — 1320 = 8350000 1 типті операция
А (+) А (-)


253
ә) 
Жұмыстар, қызметтер өткізудің өзіндік құнын анықтау. Бұл 
операциялар да № 7010 «Өткізілген өнімнің және көрсетілген 
қызметтердің өзіндік құны» шотының дебеті бойынша бейнеленеді. 
Шығыстар жұмсалған шығындардың жиынтығынан келіп шыға-
тындықтан, шаруашылық операциялар № 8010 шоттың кредитінен 
№ 7010 шоттың дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу төмендегіше 
болады: 
Дт Кт Құжаттар
7010 — 8010 Жұмсалған шығындардың
жиынтығы, № 10 журнал-ордер 
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана 
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 8010) 1 типті «Активті-
активті» операция орын алады, яғни баланстың активінде тек 
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның өнім өндіру 
шығыстары көбейеді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада оның 
негізгі өндірісінің мөлшері кемиді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет