Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет78/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Кәсіпорын мен банк арасындағы өзара қатынастар несие алу 
кезінде қалай келісіледі?
2. Несиенің қандай түрлері болады?
3. Ережелермен белгіленген мөлшерлемелер шегінде несиені 
пайдаланғаны үшін пайыз қандай көздер есебінен төленеді?
4. Ережелермен белгіленген мөлшерлемелерден артық мөлшерде 
несиені пайдаланғаны үшін пайыз қандай қаржы көздері есебінен 
төленеді?
5. Банк несиелерінің есебі қай шоттарда жүргізіледі?


126
III БӨЛІМ. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІЛІК ПЕН ОНЫҢ 
ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАҒИДАЛАРЫ
I бөлімше. ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ. 
САЛЫҚТАР. ЕСЕП БЕРУ
64. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесін есептеу. 
Баланстық табыстың (пайданың) құрамы
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі олардың кірістері мен 
шығыстарының айырмасынан құралады. Олар жылдың соңында жа-
былатын № 5410 «Есептік жылдың пайдасы (залалы)» жинақтаушы 
шотында бейнеленеді.
Кәсіпорындар ай сайын кіріс пен шығыс жақтарын салысты-
ру жолымен жиынтық кірістің (залалдың) мөлшерін анықтап, сол 
мәліметтер бойынша салық инспекциясына декларацияларды 
тоқсан сайын беріп тұрады. Кірістің (пайданың) негізгі бөлігі, бұл 
— әдеттегіше, өнім (жұмыстар, қызметтер) өткізуден түскен кіріс. 
Ол № 60 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын 
кіріс» бөлімшесінің шоттары мен № 70 «Өткізілген өнімнің және 
көрсетілген қызметтердің өзіндік құны» бөлімшесінің шоттарын 
салыстыру жолымен есептеледі. 
Кірістің негізгі емес қызметінен түскен басқа бөлігі № 62 «Басқа 
да кірістер» бөлімшесі шоттарының нәтижелері мен № 74 «Басқа 
да шығыстар» бөлімшесінің шоттарымен салыстыру жолымен 
есептеледі.
Кірістердің үшінші құрамдас бөлігі, бұл — басқа кәсіпорындар-
дың қызметінде үлес арқылы қатысудан, кәсіпорынның меншігіндегі 
акциялар, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздар бойынша 
дивидендтер, өндірілген айыппұлдар, орны толтырылған залал-
дар және т.б. Олар айыппұлдар, өсімдер мен айып төлеу бойын-
ша шығыстардың сомасынан кемітіледі. Одан соң, олар өткізуден 
түскен кірістерге қосылады немесе олардан шегерілетін өткізуден 
тыс нәтиже пайда болады.
Бұл операциялардың нәтижесінде баланстық кіріс (пайда), 
яғни баланста көрсетілген кіріс есептеледі. Онда ол толық түрде: 
баланстың активінде — залалдар, ал пассивінде кіріс (пайда) ретінде 


127
жазылады. Баланстық (жиынтық) пайдадан салықтар шегеріледі 
(олар келесі бөлімдерде көрсетілген). Бұл бөлімдерді оқып, білу 
кезінде кейбір салықтар жиынтық кірістен (пайдадан) төленетініне, 
ал басқалары өндірілетін өнімнің өзіндік құнына апарылатынына 
назар аудару қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет