Қарабауыр негізгі мектебінің 2015 оқу жылында ақпанның 2-нен 12-не дейінгі аралықта «Өзін-өзі тану» пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты декадасы өткізілді.
Аталмыш іс-шаралар аясында оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыта отыра, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолданып, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында ашық сабақтар, дебат және сынып сағаттары өткізілді.
«Мейірімділік – асыл қасиет» атты 4-ші сынып арасында қарым-қатынас сағаты өтті. Оқушылар жақсылық, қамқорлық жайында әңгіме өтті.
7- сыныптар аралығында «Қызға-нәзіктік, ұлға-батылдық» атты дебат жүргізілді. Оқушылар дебатқа жақсы белсенділік танытып, өз ойларын ортаға салып, талқыласты.
4- сыныпта «Адамның жан сұлулығы» тақырыбында әңгімелесу, пікірлесу сағаты өткізілді. Адамның мінезі, жан тазалығы жөнінде әңгіме өрбіді. Әр бала өз ойын, өз пікірін ортаға салып, толғандырып жүрген мәселелерді шешті.
11- ақпанда «Мейірімділік тілеу» күні болды. Мектептегі оқушылар бір-біріне, мұғалімдеріне жақсы тілектер айтып, ашық хаттар сыйлады.Ол күні барлық оқушылардың көңілі қуанышқа толы болды.
Сонымен қатар өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Сабақтар өте қызықты, шығармашылық түрде жүргізіліп, барлық әдіс-тәсілдер қолданылды.
Соңғы күні «Бақытты балалық шақ!» атты тақырыпта мерекелік концерт ұйымдастырылды. Оқушылар ән айтып, би билеп, жақсы тілектер білдіріп, көпшілік көңілінен шыға білді. Әдеби-сазды кешке ата-аналар да қатысты.
Жалпы он күндік бойы мерекеге мектептің барлық оқушылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілер белсенді ат салысты.
Қарабауыр негізгі мектебінде «Өзін-өзі тану» «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты өнкүндік аясында өткізілген іс-шаралар жайында ақпарат
02.02.15ж Мектепішілік салтанатты жиынның ашылуы «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»
03.02.15ж Кітап көрмесін ұйымдастырылды «мейірім төгетін-ана» жауапты Сеитова С.С.
04.02.15 «Өзін-өзі тануға апаратын жол» атты апталықтың ашылуы өзін –өзі тану мұғалімдерінің отырысымен басталды.
05.02.15 8 сыныпта «Ана тілі-жүрек үні » тақырыбына ашық сабақ өткізілді.Ананың қоғамдағы , өмірдегі , ұрпақ тәрбиесіндегі орны туралы ттүсінік бере отыра сыйластыққа анаға деген махаббатқа тәрбиелеудегі орны зор.Мұғалім Д.Г. Тукенова
06.02.15 2-3 сыныптар аралығында «Жақсылық-жан шуағы» тақырыбында қарым-қатынас сағаты қызықты өтті .Жауапты мұғалім А.Ж. Жалмуканова
07.02.15 5-8- сыныптар арасында «Қызға нәзіктік, ұлға –батырлық» тақырыбында өткізілген дебат, оқушылардың көңілдерінен шығып ,өздерінің және қоршаған ортадағы қыз балалардың тәрбиесіне сын көзімен қарайтындары байқалды. Мұғалім Д.Г. Тукенова
4 сыныбында «Қуаныш- өмір шаттығы » тақырыбында өткізілген сабақ ұстамдылыққа , сабырлылыққа , ақылдылықтың мәнін ашып, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу мақсатында өз орынын алды. Мұғалім А.Ж. Жалмуканова
4 сыныбында «Адамның жан сұлулығы» атты пікірлесу сағатты адамды тек сыртқы келбетіне, түріне ғана емес, оның адамгершілігі мен қамқорлығына, инабаттылығы мен ізеттілігіне қарап бағалай білуге тәрбиелейді. Мұғалім Жалмуканова Айнаш Жанахметовна
09.02,15ж 1-8 сыныптар арасында оқырмандар конкурсы «Алтын жүрек анамыз», «Жүрек толы махаббатқа» мәнерлеп оқу сайысы өтті. Бастауыш сыныптар арасында
1-орынға ие болған 2-сынып оқушысы Көпеева Мерей,
2-орын 4-сынып оқушысы Ташетова Альмира,
3-орын Сеитов Саят-4-сынып оқушысы Көпей Ералы1- сынып оқушысы
Орта буын сыныптар арасында 1-орынға ие болған 7-сынып Сағынаева Ф.
2-орын 8-сынып оқушысы Хамзина С.
3-орын 5-сынып оқушысы Жакенов М., Мырзаболатова Д. 6-сынып оқушысы
10 ақпан күні 4 сыныбында « Сенім-менің серігім» тақырыбында берілген сабақ адамның бір–біріне сенімділігі, сенім артуы достық қарым–қатынасы және өмірде өз сенімдеріне берік болуға тәрбиелейді. Мұғалім Жалмуканова А.Ж.
11.02.15 бастауыш сынып оқушыларына арналған оқушыларды бір-біріне деген сыйластықтарын арту мақсатында «Мейірімділік тілеу»күні ұйымдастырылды.
Мұғалім А.Ж. Жалмуканова
12.02.15ж «Отбасы жарастығы» ата-аналарға арналған дөңгелек үстел.
Мұғалім Тукенова Д.Г. «Ән көңілдің ажары» атты әндер фестивалі және 1-8 сыныптар арасында байқау өтті 1-8 сыныптар жауапты Тукенова Д.Г., Жалмуканова А.Ж.
Бастауыш сыныптар арасында белсене қатысқан оқушылар 2-сынып Көпеева М,3-сынып оқушылары Көпей Е, Нілдібаев Р., 4-сынып оқушылары
13.02.15ж «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндіктің жабылуы және өткізілген сайыстардың қорытындысы мен марапаттауы
Достарыңызбен бөлісу: |