Бухгалтерлік есеп



Pdf көрінісі
бет84/167
Дата21.12.2022
өлшемі2,74 Mb.
#163838
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   167
Байланысты:
Бухгалтерлік есеп

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Жол қорына төленетін салықтарды атап өтіңіз?
2. Бұл салықтар қандай мөлшерлемелер бойынша есептеледі?
3. Әрбір салық бойынша салық салудың мөлшері қандай?
4. Көлік құралдарына салықтың есебі қай шотта жүргізіледі?
69. Кәсіпорындар мүлкінің салығы
Мүлік салығы Қазақстан Республикасының «Салық және бюд-
жетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» 2001 жылғы 12 
маусымдағы № 209—II кодексі (Салық кодексі) бойынша (соңынан 
енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қоса) ұсталады және 
қолда бар мүлікті (негізгі құралдарды) тиімдірек пайдалануды 
ынталандыруға шақырады.
Негізгі құралдар — құны 40 айлық есептік көрсеткіштерден жоға-
ры қызмет мерзімі бір жылдан астам активтер болып саналады.
Мүлік салығы үшін салық кезеңі болып бір қаржылық жыл 
есептеледі. Салық төлемдері әр тоқсан сайын есептеліп төленеді
ал жыл соңында қажет болған кезде қайта есептеу жүргізіледі. 
Салықтың төленуі есептер бойынша бір жылдық бухгалтерлік есеп 
үшін белгіленген күннен бастап 10 күндік мерзім ішінде төленеді.
Кәсіпорынның мүлкіне салық мөлшерлемесінің шекті мөлшері 
негізгі құралдардың қалдық құнының 1%-нан аспауы тиіс. Салық 
төлемінің сомасын есептеу кезінде мүліктің құны орташа жылдық 
есебі бойынша алынады.
Мүлік салығы № 3180 «Мүлік салығы» пассивті баланстық шо-
тында бейнеленеді. 
Мүлік салығы бойынша бірқатар жеңілдіктер белгіленген. Соны-
мен, мүлік салығын төлеуден босатылғандар:
1) кәсіпкерлік қызмет жасамайтын коммерциялық емес және
бюджеттік ұйымдар; 
2) Қазақстан Республикасының мүгедектер ерікті қоғамы
Қазақстан соқырларының қоғамы, Қазақстан кереңдерінің қоға-
мы, Ақыл-ой және дене дамуының кемістігі бар балалар мен 
жасөспірімдердің әлеуметтік үйренуі мен еңбек реабилитация-
сы орталығы және Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақстан 


136
республикалық ұйымы (ұйымдарынан басқа) өндірістік мақсаттар 
мен әлеуметтік салада пайдаланатын мүлік бойынша;
3) Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері; 
4) мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол қонды-
рғыларын жалпы пайдалануда шұғыл басқару құқығы бар ұйым-
дар.
Азаматтардың төмендегі категорияларының мүлкі бойынша 1000 
айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде салық салынбайтын мини-
мум белгіленіп қойған, олар:
1. Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Ұлы 
Отан соғысының қатысушылары және оларға теңестірілген тұлғалар, 
“Халық Қаһарманы” атағына ие болғандар, Даңқ орденінің үш дәре-
жесімен, “Отан” орденімен марапатталғандар;
2. “Алтын Алқа” және “Мать-героиня” атағына ие болған көпба-
лалы аналар;
3. Бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
4. Жеке тұратын зейнеткерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   167




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет