Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Наймандар  мен  керейт  ұлыстары  (ХІІ  ғ.  басы  –  ХІІІ  ғ.)



Pdf көрінісі
бет19/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
Наймандар  мен  керейт  ұлыстары  (ХІІ  ғ.  басы  –  ХІІІ  ғ.).
  Наймандардың, 
керейттердің  ертеректегі  мемлекеттері  Орталық  Азияның  шығыстан  Қазақстанға  шектесіп 
жатқан  Монғолия  аумағында  пайда  болса  да,  олардың  тарихының  Қазақстан  тарихына 
тікелей  қатынасы  бар.  Көшпелі  мемлекеттіктің  бастаулары  Орталық  Азияның  нақ 
шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардан 
басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.  
Найман  тайпалар  одағы  VІІІ  ғасырдың  орта  шенінде  Жоғарғы  Ертіс  пен  Орхон 
аралығында  сегіз-оғыз  (яғни  «сегіз  тайпаның  одағы»)  деген  атаумен  пайда  болған.  Сегіз-
оғыздар  Хангайдың  батысынан  Тарбағатайға  дейінгі  жерді,  яғни  өзіміз  кейінен  наймандар 
деп атайтын жерді алып жатты.  Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында 
Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады. 
«Сегіз оғыз» атауы алғаш ұйғыр ханы Мойыншора ескерткішінде (8 ғасыр) кездеседі. 
Орхон  өзенінен  бастап  жоғары  Ертіске  дейінгі  жерді  алып  жатқан  осы  тайпалар  ертерек 
кезде  Ұлы  Түрік  қағандығына  кірген.  Олар    батыс  түркілермен,  үш-қарлықтармен,  тоғыз- 
татарлармен  араласып  отырды,  кейде  деректер  олардың  барлығын  біріктіріп  оғыздар  деп 
атай  берген.  Төрт    ғасыр  бойы  сегіз-оғыз,  яғни  болашақ  наймандар,  ұйғырларға  тәуелді 
болды.  Бұдан  соң  сегіз  оғызға    Қырғыз  қағандығының  үстемдігі  жүрді.  Х  ғ.-ХІІ  ғғ.  бас 
кезінде  сегіз  оғыздар  қидандарға  вассал  болып,  Ляо  империяның  шығыс  аймақтарын  --
Шығыс  Қазақстан,  Батыс  Моңғолия-  мекендеді.  Қидандардың  ықпалымен  енді  найман  деп 
аталды. Бұрынғы сегіз оғыздар мен наймандардың этникалық территориясы сәйкес келетіні 
(Хангайдан батысқа қарай Тарбағатайға дейін) олардың бір халық екенін дәлелдейді. 
Тарихшы  З.  Қинаятұлының  айтуынша,  қазір  ойраттар  мекендеген  Сегіз  өзен  бұрын 
наймандардың  мекені болғандықтан,  «найман»  атауы  «сегіз»  немесе  «Сегіз  өзен  елі»  деген 
мағына береді.  
Елюй Даши күштерін батысқа жинап, чжурчжендерді қуып шығып, қидандардың Ляо 
империясын  қалпына  келтірмекші  болды.  Елюй  Дашиді  ұйғыр  идикуты  қабылдаған  кезде 
найман билеушілері оның әскерлерінің қажеттері үшін оған мал әкеліп берген.  
Х-ХІІ  ғ.  басында  наймандар  Ляо  империясына  вассалдық  тәуелділікте  болып,  оның 
батыс  шетінде,  яғни  Шығыс  Қазақстан  мен  Батыс  Монғолия  жерінде  тұрған.  Жетісуда 
Қарақытайлар  мемлекеті  құрылғаннан  кейін  наймандардың  жерлері  солардың  иеліктерімен 
көрші болды. Рашид ад-Дин наймандар жөнінде бір бөлігі «өте тау-тасты жерлерді», ал бір 
бөлігі  жазира-жазықтары  мекендеген  көшпелілер  дейді.  Деректемелердің  көрсеткеніндей, 
кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай 
тауларының  Шығыс сілімдеріне дейінгі шығыстан батысқа тараған аумақты алып жатқан.  
Керейіттер туралы алғашқы мәліметтер ХІ ғасырдың соңғы ширегіне жатады, олардың 
христиан  дінін  қабылдауына  байланысты  айтылады.  Олар  Тола  өзенінің  аңғарын,  Орхон 
өзенінің  орта  ағысы  ауданын  және  Онгын  өзенінің  аңғарын  алып  жатқан.  Шыңғыс  хан 
шапқыншылығы  қарсаңында  керейттер  бүкіл  қазіргі  Монғолия  мен  Алтай  аумағында 
үстемдік еткен, монғолдар да солардың қол астында болған. 
Наймандар мен керейіттердің ұлыстары «бастапқы үлгідегі мемлекеттер», яғни ертедегі 
феодалдық мемлекеттік құрылымдар болды. 
Монғолдар  талқандағаннан  кейін  найман  мен  керейіт  топтары,  қалыптасып  жатқан 
көптеген түрік халықтарының құрамына, атап айтқанда қазақ халқының құрамына біртіндеп 
сіңісе береді. Наймандар монғол дәуірінде қазақ даласына қоныс аударып, Сырдарияға дейін 


33 
 
жетіп,  қазақ  халқының  қалыптасуына  белсене  қатысқан.  Керейіттерге  келетін  болсақ, 
олардың бір бөлігі батысқа, Еділ бойына дейін барып, онда өздерінің керейіт деген этонимін 
сақтап қалды және кейініректе осы атаумен өзбектер мен қырғыздардың құрамына, ал шағын 
тобы қазақтардың да құрамына кірді. 
Керейіт  этнонимі  Қара  теңіз  өңірі  далаларының  топономиясынан  да  кездеседі. 
Керейіттердің басқа бір бөлігі Солтүстік Қазақстанда қалды. Олар бұрынғы этнонимдегі  –іт 
жалғауын  жоғалтып,  Керей  (қара  керей,  абақ  керей)  деген  атпен  Орта  жүз  қазақтарына 
қосылды.  Егер  орта  ғасырлардағы  дала  халқының  монғол  дәуірінде  тұрақты  түрде  және 
алыстан  қоныс  аударуын  ескерер  болсақ,  керейіттер  мен  корейлерді  олар  батыс 
керейіттердің шығысқа қарай кері көшіп немесе керейлердің жекелеген топтарының батысқа 
қарай  одан  әрі  ілгерілеп  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігін  жоққа  шығара  алмаймыз. 
Орталық  Азия  халықтарының  этникалық  тарихынан  жақсы  біліп  отырғанымыздай,  мұндай 
араласу мейлінше дағдылы құбылыс болған. 
Керейіттерге ерте мемлекеттік құрылымдар - ұлыстар тән болды. Керейіт көсемдерінің 
екі  ордасы  болды,  солтүстігі  ордасы  Орхон  өзені  бойынағы  Хатунбалық  қаласында,  ал 
оңтүстік  ордасы  Хуанхэ  өзені  бойында.  Ұлыс  шекарасының  ең  маңызды  жерлері  күзетке 
алынды.  Ұлыста    хан  қосынының    басқару  органдары,  әскері  мен  жасауылы  бар  басқару 
аппараты жұмыс істеді. Іс жүргізу  жолға қойылып, құжаттарға мөр басылатын болды. 1007 
жылы  керейіттер,  ең  әуелі  билеуші  топ,  христиан  дінінің  несториан   бағытын  қабылдайды. 
Наймандар  мен  керейіттер  арқылы    христиан  діні  моңғолдарға  ықпал  етті.    Мысалы, 
Шыңғыс ханның ұлы Тұлұйдың (Төлей) әйелі (ол Уаң ханның жиен қарындасы, ұлы хандар 
Мөңке мен Хубилайдың шешесі) христиан дінін ұстанды.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет