Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет23/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
Қолөнер  кәсібі.
  Қазақстан  жерін  мекендеген  халықтар  қолөнер  кәсібімен  де 
шұғылданды.  Құмыра  жасаушылардың,  ұсталардың,  ағашқа,  сүйекке,  тасқа  өрнек 
салушылардың істеген заттарына деген сұраныс көп болды. Саз балшық бұйымдар өндірісі 
ерекше  дамыды.  Отырар  алқабында  және  Қаратаудың  баурайларындағы  қалаларда 
керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы 
қалалардан  табылған  саз  балшықтан  жасалған  заттарда  әсем  өрнектер  басым  болды. 
Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалды. Олардың сырты 
оюланып,  неше  түрлі  қызыл,  жасыл,  сары,  қоңыр  түсті  бояулармен  жалатылды.  Аңдар  мен 
құстар  бейнеленген  құйма  ыдыстар  да  болды.  Мысалы,  Тараз  қазбаларынан  арыстан 
бейнелеген  тамаша  табақша,  Отырарда  өсімдік  ою-өрнегімен  әшекейленген  құмыра 
табылған.  Ұсталар  металлдардан,  жүн  мен  былғарыдан  түрлі  бұйым  жасаған.  Шеберлер 
кәрзенке  тоқыған.  Мұндай  бұйымдарға  сұраныс  көбейіп,  отырықшылықпен  және  мал 
шаруашылығымен  айналысушы  халықтарды  қанағаттандырған.  Бұл  кездегі  қолөнердің 
дамығандығын  археологиялық  қазба  материал  арқылы  көруге  болды.  Түркілер  бейбіт 
кездерде саудамен айналысқан. 
Х  ғ.  ортасында  Қарахан  мемлекетінің  құрылуы  немесе  олардың  Орта  Азияны  басып 
алуы  онымен  Оңтүстік  Қазақстан  немесе  Жетісу  аймағын  жақындатты.  Қарахандардың 
Қазақстан мен Оңтүстік Азиядағы үстемдігі қалалардың дамуындағы маңызды кезең болады. 
Қалалардың өсуі негізінен көшпенділердің отырықшылыққа көшуінен болды. 
ІХ-Х  ғғ.  Іле  өңірінде  елді  мекендер  пайда  болады.  Олардың  кейбіреулері  қалаларға, 
қолөнер немесе сауда орталықтарына айналды.   
Отырықшылық  немесе  қала  мәдениеті  Шығыс  Қазақстанға,  Ертіс  бойына,  Орталық 
немесе  Батыс  Қазақстанға  таралды.  Одан  әрі  қалалық  қол  өнер  дамыды.  Суару  ыдыстарын 
өндіру басталды. 
Тараз ірі қалаға жатты. Осы кездерде мұнда құбырлары, қоғамдық моншалар салынады. 
Феодалдық  қатынастардың  дамуы  ауыл  қауымының  натуралдық  шаруашылығының 
тұйықтығының  бұзылуына  әкеліп  қол  өнер  өнімдеріне  сұранысты  арттырды.  Қалаларда 
халық  санының  өсуі  қолөнершілер  қабатының  көбеюіне  әкелді.  Исфиджиб,  Отырар,  Тараз 
қалаларында темір ақшалар соғылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет