Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Жазу  мен  ғылымның  дамуы



Pdf көрінісі
бет25/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Жазу  мен  ғылымның  дамуы.
  Жалнамаларға  қарағанда  ертедегі  түркілер  ағаш 
тақтайларға  «қажетті  адамдардың  аттарын,  салық  пен  малдың  санын»  есептеу  мақсатында 
ойықтар  салған.  567  жылы  Константинопольге  II  Юстиниан  императоры  сарайына  келген 
елші соғды Маниах қағаннан «скиф жазуымен» жазылған хатты әкелген.  
VII ғ. бірінші жартысында пайда болған әліппе алғашында бір-бірінен бөлек жазылатын 
геометриялық  белгілерден  құрылып,  37  немесе  38  әріптен  тұрған,  оның  соғды  әліппесінен 
айырмашылығы  ағаш  пен  тасқа  жазуға  қолайлылығымен  ерекшелінеді.  Әдеби  және  тарихи 
тұрғыдан  алғанда,  руна  ескерткіштері  тіл  мен  әліппеге  қатысты  біркелкі  емес.  Аймақтық 
белгісіне  орай  ескерткіштер  бірнеше  топқа  бөлінеді.  Моңғолиядан  табылған  руна 
ескерткіштері  Орхон,  Тола  және  Селенга  өзендері  алқаптарында  шоғырланған.  Бұл  топқа 
Білге-қаған  мен  Күлтегінге  арналған  белгілі  руна  мәтіндері  жатады:  Кошо-Цайдам 
бағаналары,  Чойрэн  бағанасы,  Тоныкөк  ескерткіші,  Онгин  жазуы,  Куличор  құрметіне 
арналған  бағана,  Селенга  тасы,  Сэврэй  тасы,  Терхин  бағанасы,  Тэсинь  бағанасы, 
Қарабалғасун жазуы, Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы, Хэнтэй 
жазуы, Хангай мен Гобаның ұсақ жазуы, сондай-ақ соғды тіліндегі Бугут жазуы. Бұл жазулар 
«орхон ескерткіштері» деп аталады. 
Алтай  тобының  ескерткіштері:  бір  тас  бағана  мен  тасқа  жазылған  жазулар  және 
молалардан  табылған  күміс  ыдыстағы  жазулар  (барлығы  50-ге  жуық  жазулар).  Шығыс 
Түркістан  ескерткіштеріне  Тұрфандағы  көне  құрылыстың  қабырғасында  жазылған  4  жазу, 
үңгір  ғимараттарындағы  2  жазу,  Миран  мен  Дуньхуандағы  қағазға  түсірілген  бірнеше  ірі 
мәтіндер, қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.  
Ал  Жетісулық  деп  аталған  Орта  Азиялық  ескерткіштер  тобына  -  Талас  алқабындағы 
құлпытастардағы,  теңгелердегі,  тұрмыстық  заттар  мен  ағаш  таяқтардағы  12  жазуды,  ал 
Ферғана  ескерткіштеріне  жататын  қосалқы  тобы  керамика  мен  металдағы  17  қысқа  жазу 
жатады.  
Білге-қаған  мен  Күлтегіннің  және  басқа  түрік  елінің  көрнекті  қайраткерлерінің 
құрметіне  арналған  руна  мәтіндері  ең  құнды  әдеби  шығармалар  ретінде  және  сол  кезеңнің 
тарихын  баяндайтын  дерек  ретінде  жоғары  бағаланады.  Ежелгі  түріктердің  руна  жазуы 
ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.  
Ортағасырлық  мәдениеттің  қаншалықты  деңгейде  дамығандығына  философ,  ғалым 
энциклопедист,  Отырардан  (Фарабтан)  шыққан  Әбу  Насыр  ибн  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн 
Узлак әл-Фараби ат-Түріктің (870-950 жж.) ғылыми еңбектері куә. Немістің шығыстанушысы 
Ф.  Дитеритстен  бастап  Дж.  Сартонға  дейінгі  мәдениет  пен  ғылымның  көрнекті  өкілдері, 
тарихшылар  Әл-Фарабидің  ұлы  тұлға  екендігін  ерекше  баяндайды.  Ол  астрономияны, 
логиканы,  музыка  теориясын,  математиканы,  социология  мен  этиканы,  медицина  мен 
психологияны,  философия  мен  құқықты  зерттеді.  Оған  «Муаллим  ассана»  -  «екінші  ұстаз» 
деген  атақ  берілген.  Яғни,  Аристотельден  кейінгі  ұстаз,  өйткені  әл-Фараби  Аристотельдің 
«Метафизикасына»  комментарий  жазды.  Сонымен  қатар  ол  атақты  «Китаб  аль-музык  аль-
кабир» атты еңбегінде музыка мәселесіне ерекше мән берді.  
Әл-Фараби  саяси  философия  мен  этикаға  ерекше  назар  аударды,  өйткені,  солардың 
арқасында  шын  мәніндегі  бақытқа  қол  жеткізуге  болады,  бұл  бақытты  алдамшы  бақыттан 
ажырата білу керек деп есптеді. Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға 
қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау және астамшылық жат нәрсе 
деген. Рухтың еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидің 
қолжазбалары  әлемнің  көптеген  кітапханаларында  сақталған.  Әл-Фарабидің  осы  еңбектері 
арқылы  ортағасырлық  ғылым  қалыптасты,  оның  ықпалымен  Ибн  Руштің,  Ибн  Синаның, 
Омар  Хайямның,  Роджер  Бэконның,  Леонардо  да  Винчидің  және  өзге  де  ойшылдардың 
дүниетанымы қалыптасты. 
Дамыған орта ғасырлар кезеңіндегі тағы бір ірі әдеби  поэтикалық шығарма Жүсіп Хас-
Хаджиб  54  жасында  жазған  «Құтатғу  білік»  немесе  «Қайырымды  білім»  поэмасы  болып 


39 
 
табылады.  Жүсіп  Х  ғ.  соңы  мен  ХІ  ғ.  алғашқы  жылдарында  қазіргі  қазақ  елінің  жер 
ауқымына  енетін  ежелгі  Баласағұн  шәһарында  туып  өскен.  Баласағұн  қаласында  бастаған 
бұл  шығармасын  Қашқарда аяқтап,  Қарахандар  мемлекетінің  сол  кездегі  әмірі  Сатұқ  Боғра 
ханға тарту етеді.   
«Құдатғу білік» 6520 бәйттен  тұрады  және 124 бәйттің қосымшасы бар. Шығарманың 
жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан құралған өлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: 
ұйғұр  жазуымен  венгерлік,  сондай-ақ  араб  ғарпімен  жазылған  каир  мен  намангандық 
нұсқалары.  «Қайырымды  білім»  тек  әдеп-мораль  трактаты  ғана  емес,  терең  философиялық 
шығарма,  онда  идиалдық  қоғамның  нормаларын,  бұл  қоғамдағы  әртүрлі  тап  өкілдерінің 
мінез-құлық  ережелерін  суреттейді.  Білім  –  билеуші  үшін  де,  халық  үшін  де  игілікке  қол 
жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оның мазмұнына арқау болған. Шығармада ел 
басқарудың  экономикалық,  әлеуметтік-тұрмыстық  ахуалы,  әскери  істі  ұйымдастырудың, 
шаруашылықты,  тағы  басқа  да  мемлекеттің  әл-ауқатын  жақсартудың  ерекшеліктері 
суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады.  
Түркі  тайпаларының  тілі,  фольклоры,  этнографиясы  туралы  шығарма  авторы  Махмуд 
Қашқари  (1029-1101)  еді,  оның  халиф  әл-Мухтадиге  арнап  1072-1074  жж.  жазған  «Түркі 
тілдерінің  сөздігі»  («Диуани  лұғат  ат-түрк»)  атты  атақты  шығармасы  бар.  Онда  тарихи-
мәдени,  этнографиялық  және  лингвистикалық  материалдар  жинақталған.  «Түркі  тілдерінің 
сөздігі»  -  XI  ғасырдағы  түркі  халықтарының  дүниетанымының  ерекшелігін,  этникалық 
құндылықтары  мен  мінез-құлық  нормаларын  сипаттайтын  түркі  мәдениетінің  ескерткіші, 
онда  ата-бабаларымыздың  бұрыңғы  мұралары  толық  қамтылған.  Кітапта  ежелгі 
зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның элементтері 
мен оның бір тармағы суфизм туралы да сипатталған. 
Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл және ақын Қожа Ахмет Яссауи ортағасырда 
өмір  сүріп  артында  мол  мұра  қалдырды.  Оның  өмірі  мен  қызыметі  Яссы  (Түркістан) 
қаласымен  тығыз  байланысты.  Яссауи  түркі  суфизмінің  көшбасшысы.  «Диуан-и  хикметте» 
исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, 
шариатты,  тарихатты,  хакихатты,  мағрифатты  түсіндіруге  ерекше  мән  береді.  «Шариат»  - 
ислам  дінінің  заңдары,  дәстүрі,  салт-дәстүрі,  «Тарихат»  -  суфизм  идеясы,  «Хакихат»  - 
құдайға  құлшылық  ету,  бірігу.  «Мағрифат»  -  дінді  танып-білу.  Яссауидің  пікірінше, 
шариатсыз,  тарихатсыз,  мағрифатсыз  хакихат  жоқ.  Ол  «Хикметте»  Алланың  атын  түріктер 
бұрын  өзінің  құдайы  санаған  Тәңір  атымен  жиі  алмастырып  отырған.  Түріктер  жаңа 
исламдық  өркениетке  көшкен  соң  да  халықтың  даму  бағытын  бір  арнаға  салуға  күш 
жұмсады.  Демек,  жаңадан  енгізілген  идеологияны  бұқараның  ғасырлар  бойы  қалыптасып 
қалған  сана-сезімінен,  олардың  ұстанып  келген  Тәңірге  табынушылық  -  шаманизммен, 
зороастрийлікпен  біріктіре  білудің  орны  ерекше  болған,  кейін  мұндай  үдеріс  «Түркі 
халқының  мұсылмандығы»  деген  атауға  ие  болды.  Осы  орайда  яссауилік  ілім  зор  рөл 
атқарды,  ол  әділдікті,  рухани  тазалықты  және  адамның  рухани  дамуын  жетілдіруді 
насихаттады,  ал  мұндай  игі  қадам  түркі  халықтарының  көңіліне  қонды.  Егер  рухани  күш 
болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса
адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес, - деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық 
ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады. 
Сөйтіп, VI-XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай ғылымның дамуына, феодалдық 
негіздің  нығайып,  мемлекеттік  құрылымдардың  шығуына,  отырықшы-егіншілік  мәдениет 
пен қалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық үдерістердің күшеюіне әкелді.   
ІХ-Х  ғғ.  архитектуралық  құрылыс  дәстүрі  немесе  жаңа  идеология  (ислам)  күшті 
қоспасы  нәтижесінде  архитектуралық  типология  негізі  қалыптасып  кейінгі  мыңжылдықта 
дамыды. Үлкен қалаларда бірнеше монша болды. 
Қоғамдық  немесе  ғибадат  құрылыстарының  архитектурасы  Ислам  канондарына  сай 
немесе  жалпы  «Мұсылман  Шығысы»  елдерінің  архитектурасы  бағытында  дамыды.  Әсіресе 
ғибадат  комплекстері  қатты  дамыды.  Олардың  архитектуралық  ядросын  жинады  немесе 
алаңның жиегіне салынған ескерткіш құрылыстар құрады. 


40 
 
ІХ-ХІІ  ғғ.  Исламның  кең  тарауымен  араб  тілі  кең  қолданысқа  ие  болды.  Араб  тілінде 
Шығыстың  атақты  ғалымы  Әбу  Насыр  Әл-Фараби  жазды,  ол  Отырар  түбіндегі  Весидж 
қаласында  туылып,  сосын  Бұхара  мен  Бағдатта  оқыған.  Әл-Фараби  энциклопедист-ғалым 
болып саналады. Оның ғылыми көзқарастары өз заманынан көп озық болды. 
ХІ ғ. сол заманның маңызды тарихи және әдеби шығармасы – «Құтты білік» жазылған 
(авторы  Жүсіп  Баласұғын).  Бұл  бізге  бірінші  болып  жеткен  Қазақстан  немесе  Орта  Азия 
түркі халықтарының әдеби ескерткіші.  
Махмұд  Қашқаридің  еңбегі  құнды  болып  саналады.  Ол  түркі  халықтарының  «Диван 
лұғат ат-түрік» сөздігін жасаған. 
Өз  заманының  әйгілі  ойшылы  немесе  ақыны  болып  Ахмет  Яссауи  саналады.  Ол 
«Диван-и-хикмет» атты өлеңдер жинағын жазған. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
Қарахан мемлекеті қай жылдары Мәуренахр жерін түгелдей өзіне қаратты? 
2.
 
Қимақтардың этникалық тегі туралы ғылымда қандай пікірлер бар? 
3.
 
Найман атауы «сегіз тайпа одағы» ма, әлде «сегіз өзен елін» білдіре ме? 
4.
 
IX-XII ғасырларда қай өңір суармалы егіншіліктің орталығы болды? 
5.
 
«Мұсылман Шығысы» архитектура бағытындағы қалалар Қазақстанда болды ма? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет