Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің  қоныс аударуы



Pdf көрінісі
бет50/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy, 0012237a-acb08d87
Қазақстанға орыс шаруаларының, ұйғырлар мен дүнгендердің  қоныс аударуы.
 
Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған әкімшілік 
реформалары  қазақ  елінің  саяси  тәуелсіздігін  біржола  жойғанымен,  бұл  реформалар  көп 
ұзамай-ақ патшалық әкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдеп  еніп,  оны игеріп 
алып  кетуге  әлі  де  болса  әлсіз  екендігін  көрсетіп  берді.  Мұны  жақсы  түсінген  патшалық 
әкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең 
сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту 
еді. Патшалық  Ресейдің  қоныс  аудару  саясаты  бірнеше  кезең  арқылы  жүзеге  асырылды.  
Қазақстан  тарихнамасында  бұл  қоныс  аудару  саясаты  үш  кезең  бойынша  бөліп 
қарастырылады.  І кезең ХІХ ғасырдың 70-80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 
шілдедегі  жарлық  шыққанға  дейін  созылды.  ІІ  кезең  ХІХ  ғасырдың  90-жылдарынан  1905 
жылға  дейінгі  уақыт  аралығын  қамтиды.  ІІІ  кезең  1906  жылдан  1916  жылдар  аралығын 
қамтиды.  
Қазақстанға  орыс  және  украин  шаруаларын  қоныстандыру  ХІХ  ғасырдың  70-
жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы 
кезеңі  өз  еркімен  қоныс  аударған  шаруалар  қозғалысымен  анықталып,  патша  үкіметі  өз 
еркімен  қоныс  аударғандар  жағдайын  реттеу  мақсатына  бірқатар  жеке  заң-актілермен, 
нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат – қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, 
оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мысалы, Жетісу 
облысы  әскери  губернаторы  Колпаковский  бастамасы  бойынша  Жетісуға  шаруалардың 
қоныс  аударуы  туралы  «Уақытша  ереже»  әзірленді.  Бұл  құжат  1868  жылдан  бастап  1883 
жылға  дейін  күшін  сақтады.  «Уақытша  ереже»  бойынша  орыс  қоныс  аударушыларына 
(ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық және түрлі міндеткерліктерден босату, 
100  сом  мөлшерінде  көмек  беру  және  басқа  жеңілдіктер  анықталып,  көрсетілді.  Қоныс 
аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер 


96 
 
ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін 
берілетін  жеңілдіктер  сақталды,  тек  жер  мөлшері  аздап  төмендеді.  Айталық,  1886  жылғы 
дайындалған:  «Түркістан  генерал-губернаторын  басқару    туралы  Ереже»  бойынша  10 
десятина  (ерлерге)  жер  беру,  қоныс  аударушыларды  алым-салық  және  міндеткерліктен  5 
жылға  дейін  босату,  кейінгі  жылдары  алымды  тек  жартылай  төлеу  жеңілдіктері  сақталды. 
Арнайы ереже 1889 жылғы 13 шілдеде қабылданды. Онда қоныс аудару тек Ішкі істер 
министрлігі және Мемлекеттік мүлік министрлігі арқылы алдын ала шешілуі қажет делінген. 
Тиісті  үлестік  мөлшері  жергілікті  өкімет  құзырына  берілді.  Мұнда  үлкен  астар  жатқаны 
ешқандай құпия емес-ті.  «Ережеде» шаруалардың қоныс аударып, тұрақтайтын аудандары 
нақты анықталып көрсетіледі: Жетісу, Ақмола және Семей облыстарының территориясына 
орыс-украин  шаруалары  көптеп  қоныстануы  белгіленді.  Ата-мекенінен  қоныс  аударған 
шаруаларға  қажетінше  жерді  үлестіру  кеңінен  жүргізілді.  Тек  1885  жылды  қоса  алғанда, 
Ақмола облысы қазақтары жерінен 251779 десятина мөлшерінде тартып алынды. Онда 10 940 
ер  адамы  бар  24  қоныс  аударушылар  бөлімшесі  (учаскелері)  құрылған  еді.  Семей  облысы 
бойынша  33  064  десятина  егістік  жер  жергілікті  тұрғындар  иелігінен  алынды.  Жетісу 
облысынан  12  жылда  (1868-1880  жж.)  3324  отбасы  қоныс  аударған,  оның  2099    селолық  
құрылымға   біріксе,  1225  отбасы  қалаларда тұрақтанды. 
1889 жылғы Заң күші Торғай және Орал облыстарына да таралды. Заң қоныс аудару 
мәселесін үкімет құзырында қалдырды, қоныс аударушылар үшін арнайы рұқсат алуы қажет 
болды.  Шаруалардың өз еркінше қоныс  аударуы  ретсіз  қозғалыс  болып қала  берді. 
Патша үкіметі өзінің қоныс аудару саясатын қарқынды жүргізуді көздеп, 1892-93 жж. 
Ұлы Сібір темір жол құрылысын бастады. Қазақтар жерін экономикалық игеру мақсатында 
«артық», «бос» жатқан жерді анықтайтын түрлі экспедиция құрылып, жедел жұмысқа кіріскен 
еді. ХІХ ғасыр соңына қоныс аударушылар басқармасының  орталықтандырылған біртұтас 
жүйесі құрылды. Транссібір темір жолы қазақ жерінің Солтүстік өлкесі арқылы жүргізілді. 
Ақмола облысы әкімшілігіне қараған осы өңірде құрылған 5 уездің 3 уезінен 160 мың келімсек 
орыс-украин  шаруаларын  қоныстандыру  үшін  2241503  десятина  жер  бөлінді.  Экономист   
Ф.А. Щербина басшылығымен  «қоныстанушылар қорын» жасау үшін арнайы статистикалық 
экспедиция  жасақталды.  Арнайы  экспедиция  1896-1902  жылдарда  Ақмола,  Торғай  және 
Семей  облыстарының  12  уезін  қамтып,  қазақтардың  мал  шаруашылығына  қажетті 
пайдаланатын «нормасын»  «187 десятина жер 24 мал басына жеткілікті», – деп анықтады. 
Зерттелген 8 уездің жергілікті қазақтарға тиесілі жер мөлшері – 51 %, қалған 49 % жері «қоныс 
аударушылар қорында» қалды. Барлық  шаруашылық  жылқысы  жоқтан  бастап  300 
жылқы  иемденушiлерге  дейiн  тоғыз  топқа  бөлiндi.  Бұл  мәлiметтер  қазақ 
қоғамының  күрт  дифференциясын  көрсетсе,  алайда  Щербина  экспедициясы 
қазақ  қоғамында  кедейлер  не  байлар  деп  бөлiнетiндей  шаруашылықтың  түрi 
ерекше  айқындалмайды  деп  бекемдедi.  Экспедиция  жұмысы  нәтижесімен 
қанағаттанбаған  патшалық  әкімшілік  қазақтар  пайдалануындағы  жер  «нормасын»  азайтып, 
«артық»  деген  жерді  қосымша  анықтау  арқылы  жоғарыда  аталған  уездер  бойынша 
«қоныстанушылар  қорын»  63%  дейін  көбейтті.  Қоныс  аударушылар  қатары  жылма-жыл 
артып, олар тұрақтанған жерлерде мыңдаған қоныстар пайда болды. Қазақстанның солтүстік, 
батыс және шығысында жаңа келіп қоныстанған орыс және украин шаруаларымен қоса, орыс-
казак  станицалары  салынды.  Мәселен,  Ақмола,  Торғай  және  Орал  облыстарында  тұрғын 
қазақтармен  салыстырғанда,  келімсек  орыс-казактар  және  орыс,  украин  шаруалар  есебінен 
жалпы халық саны өсті.  


97 
 
Егер  Щербина  Қазақстанда  рулық  қатынас  болды  деген  концепциясын 
негiзге алса, Румянцев өлкедегi экономикалық қатынас рулық және феодалдық 
элементтер  араласып,  бұл  қатынынастардың  өзi  товар-ақша  қатынасының 
дамуымен  ыдырады  деп  пайымдайды.  Патша  өкіметінің  отаршылық 
саясатының  бір  бөлігі  болған  қоныстандыру  науқаны  мен  аграрлық  мәселені 
шешу  үшін  В.  Кузнецов  басқарған  қазақ  даласын  қайта  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізген  экспедиция  өкіметке  белгілі  дәрежеде  өз  нәтижесін  берді.  Алайда 
қазақ халқының мүддесіне қайшы келді. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі 
шаруашылықты бұзып, ұйып отырған жерінен құнарсыз жерге күштеп көшірді. 
Шаруаға  лайықты  тиісті  жер  үлесінің  де  мөлшерін  белгілеген  осындай 
экспедициялар патша өкіметінің жүйесіне қызымет етті.   
Қазақстанның оңтүстігінде 14 мыңдай орыс, украин және әскери адам қоныстанды. ХІХ 
ғасырдың  80-жылдарында  мұнда  5  уезд  және  80-нен  астам  елді  мекендер  пайда  болды. 
Патшалық үкіметтің жедел қарқында жүргізген қоныс аудару саясаты нәтижесінде келімсек 
орыс,  украин  шаруаларына  ең  шұрайлы  жайылымдық,  егістік,  су  көздеріне  бай,  орманды 
жерлер берілді. Тұрғылықты қазақтар болса, сусыз, малға тиімсіз аймақтарға зорлықпен, түрлі 
амал-айламен  қоныстарынан  көтеріле  көшуге  мәжбүр  болды.  Қоныс  аудару  салдарынан 
жергілікті тұрғын саны азайып, демографиялық ахуал күрделене түсті. Қазақтар сан жағынан 
1897 ж. санақ бойынша 87 %-ке  дейін азайды. Келімсек орыс және украиндардың саны  532,7 
мыңға,  татарлар – 55,4 мыңға, өзбектер – 73,5 мыңға, ұйғырлар – 56 мыңға артқан.  Бұл сандық 
көрсеткіштер  жаңа  ХХ  ғасырда  ұлғая  түсті. 
Патша  үкіметі  1901  жылы  Жарлық  шығарды,  онда  жеке  адамдарға  қазыналық 
жерлерден үлестік жер бөліп беруге рұқсат етілді. Қазақтар жері қазыналық деп есептелді және 
1867-68 жылдар реформасына сәйкес мемлекеттік меншік болып жарияланған болатын. 1904 
жылы қоныс аудару басқармасы құрылып, оған орталық Ресейден шаруаларды қоныс аударту 
ісін  қадағалау  толығымен  жүктелген  еді. 
1904  жылы  6  маусымда  шыққан  енді  бір  заңда  «село  тұрғындары  мен  мещан-
егіншілердің  өз  еркімен  қоныс  аударуы  туралы»  делінген.  Бұл  аталған  заңдық  күші  бар 
құжаттардың  барлығы  қазақ  халқын  өз  ата-қонысы  болған  туған  жерден  ығыстырылуға, 
тұрмыс  ауыртпалығын  бастан  кешуге,  мәжбүрлікке  душар  етті.  
XІX    ғасырдың  соңында  Қазақстанға  орыс  шаруаларымен  қатар  ұйғырлар  мен 
дүнгендер де қоныс аударды. Өйткені 1871-1881 жылға дейін Іле аймағы патшалық Ресейдің 
қол астында болды. 1881 жылы 12 ақпанда Қытай мен Ресей арасында «Петербург шартына» 
қол  қойылды.  Шарттағы  17  бабының  алғашқылары  келісімнің  мәнін  жан-жақты  ашып 
көрсетті.  Ұйғырлар  мен  дүнгендерді  Жетісуға  қоныстандыру  арқылы  патша  үкіметінің 
көздеген  мақсаты  –  оны  жергілікті  халықтың  ұлт-азаттық  көтерілісіне  қарсы  қолшоқпар 
ретінде  пайдалануды  көздеді.  Бұл  мәселе  бойынша  арнайы  комиссия  құрылып,  қоныс 
аударғандарды  Шелек  және  Іле  өзенінің  аралығында
  орналастыру  туралы  шешім  қабылданды. 
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы 1881-1883 жылдар аралығында жүзеге асырылып, 1884 
жылдың  басында  9572  ұйғыр  отбасы  қоныс  аударды,  оның  24628  ер  адам  болса,  ал  20745  әйелдер  болды, 
барлығы  45373  адам  еді.  Сонымен  қатар,  Қазақстанға  барлығы  5055  дүнген  қоныс   аударды. 
Қоныстанушылардан жаңадан 5 болыс: Жаркент, Ақсу-Чарын (қазіргі Ұйғыр ауданы), Малыбай (Шелек 
ауданында),  Қорам  (Шелек  ауданы),  Қарасу  (Еңбекшіқазақ  ауданында),  Кетпен  болыстары  құрылды  (қазіргі 
Жаркент ауданында). Жаңа құрылған болыстың басшысы болып сол бұрынғы Іле аймағында болған басшылар 
сайланды.  


98 
 
Дүнгендер  мен  ұйғырлар  өздерімен  бірге  Жетісуға  жасанды  жолмен  суландырылатын  егіншіліктің 
әлдеқашан  қалыптасқан  дәстүрлерін  әкелді.  Ұйғырларда  күріш  өсіру  дүнгендердегі  сияқты  негізгі  дақылға 
айналған  жоқ.  Олар  негізінен  бау  өсіріп,  бақша  салумен  айналысты  (халықтың  шамамен  алғанда үштен 
екісі).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет