20
табылған осындай және басқа да қолөнер заттары мен бұйымдары үйсін өнерінің жоғары
даму деңгейін көрсетеді.
Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер,
тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени
байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен
қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет
алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар
ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди
б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты
қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық
қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының
ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті
үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде
ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған. Үйсін
мемлекеті біртұтас ел ретінде б.з. ҮІ ғасырының ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік
қағанатының құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: