15
денесін
пышақпен тілгілейді де, парсыларға барып өзін сақ көсемдерінен
зардап шеккен адам
сипатында көрсетеді. Одан соң өзінің тайпаластарынан кек қайтарғысы келетінін мәлімдеген
Шырақ жауларын, яғни парсыларды сусыз шөл далаға апарып адастырады. Ал, ол жерде
парсылардың көбі шөлге шыдамай қырылады. Өз жерін жат жерлік басқыншылардан қорғау
мақсатында сақ жауынгері Шырақ осындай ерен ерлік жасады.
Дегенмен І Дарий аз уақыт болса да жекелеген сақ тайпаларын, соның ішінде
хаомаварга-сақтарын және басқа да кейбір тайпаларды бағындырады. Бұл тайпалар
Ахеменидтердің ХV сатрапиясының (салық аймағының) құрамына кіріп, алым-салық
төлеуге тиіс болды, бірақ ол өз уақытында төленіп тұрмады және көбіне сыйлықтар
сипатында болды. Сақтар болса Ахеменидтердің әскерінде қызмет атқарды. Тіпті, олардың
біразы парсы патшасының «өлмейтін он мың» деп аталатын жеке әскери құрамасының
қатарына да кірді.
Б.з.б. VІ ғасырдың аяғымен V ғасырдың басында ежелгі Шығыста грек-парсы
соғыстарының басталуына байланысты ірі-ірі саяси оқиғалардың болғаны белгілі. Сол тұста
кейбір сақ тайпалары бұл соғыстарға одақтастар мен жалдамалылар ретінде парсылар
жағында қатысып отырған. Мысалы, Гавгамелы маңындағы шайқасқа сақтардың жеңіл атты
әскері қатысқан.
Грек-парсы соғыстары (б.з.б. 500-449 жылдары) парсылардың жеңілуімен аяқталды. Ал,
бұл кезде Грекияда экономикалық және саяси дағдарыс шиеленісе түседі, құл иеленушілер
болса, бұдан шығудың жолдары шығысқа басқыншылық жорықтар ұйымдастыру деп
түсінеді.
Б.з.б.
ІV
ғасырдың
30-жылдарында
македондық-гректер
Александр
Македонскийдің басшылығымен соңғы Ахеменидтік ІІІ Дарий Кодоманның армиясын
талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Маракандты (Самаркандты) алып, олар Сырдарияға
қарай бет алады. Гректердің баса-көктеп енуіне Орта Азия халықтары табан тіресе ерлікпен
қарсыласты. Александр Македонскийдің әскерлеріне қарсы күресте сол кезде Қазақстанның
оңтүстік аудандарын мекендеушілер, оның ішінде массагеттер белсене қатысты. Александр
Македонский әскерлерімен Сырдариядан өтпек болған кезінде сақ жебесі тиіп, жараланды.
Македондық-гректер Сырдария бойындағы қалаларды қоршаған кезде олардың тылында
көтеріліс шығып, оны Спитамен басқарды. Спитамен массагет-сақтардың қолдауына сүйене
отырып, сол кезде жеңілмейтін деп саналған македондық-грек әскерлерін бірнеше дүркін
талқандаған болатын. Үш жыл бойғы кескілескен соғыстан кейін ғана македондық-гректер
Орта Азияның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындырды. Сырдарияның арғы
жағасындағы сақ тайпалары өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Александр Македонский
өлгеннен кейін оның ұлан-байтақ империясы тығыз экономикалық және саяси байланыстары
жоқ тайпалар мен халықтардан біріктірілгендіктен дағдарысқа ұшырап ыдырады.
Б.з.б. І мыңжылдықта Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тиграхауда-сақтарға кіретін сақ
тайпаларының үлкен тобы қоныстанған Орта Азия мен Қазақстанның этно-мәдени сақ
қауымының өзіндік жарқын мәдениетінің ірі ошағы болды. Сақ мәдениеті - Орталық және
Алдыңғы Азияның мәдениеті мен өнері жетістіктерінің бірі болды. Ол заманға қатысты
қорымдардың көп болуы ерте кезден-ақ Қазақстан аумағының оңтүстік-шығысы мен
оңтүстігінің толық игерілгенін байқатады. Сырдария, Іле, Талас, Лепсі, Есік, Шелек, Шарын,
Кеген өзендері мен т.б. өзендердің аңғарларында көптеген тас және топырақ обалар
шоғырланған. Мысалы, Жуантөбе қорымы (Іле өзенінің сол жақ жағалауы) – 300 обадан,
Берікқара қорымы (Талас өзенінің аңғары) 500 обадан, Кетпен – Төбе алқабында (Солтүстік
Қырғызстан) 700 обадан тұратын қорымдар табылған. Оларда адамдар әр түрлі уақыттарда
жерленіп, жүздеген жылдар бойы қалыптасқан.
Биіктігі 20 метрге дейін жететін «патша» обалары саналатын обалардың көп табылуы
жағынан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға тең келетін Орта Азия мен Қазақстанның басқа
аудандары жоқ. Осындай археологиялық ескерткіштердің мол табылуына байланысты
А.Н.Бернштам «патша сақтары мен үйсіндер» Жетісуды мекендеген деп қорытынды
жасайды.
16
Б.з.б. V ғасырға жататын Бесшатыр қорымының тянь-шань қарағайлары бөренелерінен
тұрғызылған ірі жерлеу құрлыстары тамаша сақталған күйінде табылды, олар Орта Азия мен
Қазақстан аумағындағы жер бетіне ағаштан салынған ең ежелгі сәулет өнерінің бірегей
ескерткіштері.
Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі үлкен қорымға енетін «Есік» обасындағы
ақсүйек сақтың қабірі жерлеу ғұрпының байлығымен қайран қалдырады. Оның басынан
аяғына дейінгі киімдері алтынан жасалған 4000-ға жуық қаптырма мен қалақша арқылы
әшекейленген, олардың көпшілігі скиф-сақ кезіндегі «аң» стилінде жасалған. Есік қабірінен
табылған күміс тостағанның маңызы ерекше, оның түбіндегі 26 таңбадан тұратын жазу,
тегінде, әліпбилік жазба болуы ықтимал.
Б.з.д. І мыңжылдықтың басы сақ қоғамындағы рулық қауымның ыдырап, әлеуметтік
құрылымның қалыптасу үрдісінің жаңа сипатымен ерекшеленеді. Археологиялық деректер
жеке меншік, ал кейіннен отбасылық меншік түрінің шыққанын айқын байқатады. Сақ
заманының қоғамдық құрылымын: шағын туыс отбасылар тобы (патронимия) – яғни,
көшпелі қауым-тайпалар одағы деп атауға болады. Бұл құрылымның
патронимия деп аталған
төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әлеуеттің үлкейіп, табиғи бөлшектенуі
нәтижесінде құрылды. Ол бөліністер әулет басшысының есімімен аталды. Ал қоғамның
жіктеліп, байлар мен кедейлерге бөлінуі сақ қоғамында мүлік теңсіздігінің, яғни, әлеуметтік
теңсіздіктің болғанының дәлелі болып табылады.
Сақ қоғамында халықтың үш тобы: жауынгерлер, абыздар, қауымшыл сақтар болған..
Осы жіктердің әрқайсысының өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге – қызыл және
сары-қызыл, абыздарға – ақ, қауымшыл сақтарға – сары мен көк түстер тән еді. Сонымен
қатар, абыздардың белгісі - құрбан табақ пен айрықша бас киім болды. Сақ көсемдері мен
патшалары жауынгерлер тобынан сайланған. Патшалардың белгісі жебелі садақ болды. Сақ
әйелдері қоғамдық
өмірдің барлық салаларына, тіпті соғыс шайқастарына да ерлермен
бірдей
шайқасып, ерлік көрсетіп отырған.
Б.з.д. VІ-V ғасырлардың өзінде-ақ сақтардың қоғамдық құрылысының сол заманғы
прогрестің неғұрлым жоғарғы сатысына көтерілгендігін, оған экономикалық және саяси
алғышарттардың болғандығын көрсетеді.
Б.з.б. І мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан тартып Каспийге
дейінгі Орталық Азияның ұлан-байтақ кеңістігін шығу тегі мен этникалық құрамы жағынан
әр түрлі тайпалар мекендеген болатын. Шаруашылықтың біртіндеп даму барысы, тұрмыстың
біршама ортақ болуы, этникалық жақындық пен түрлі саяси фактордың әсері Орталық
Азияда ертедегі ірі тайпалық бірлестіктердің құрылуына негіз болды. Олардың уақыты
жағынан алғашқылары саналатыны
Достарыңызбен бөлісу: