Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


 ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН



Pdf көрінісі
бет3/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

ЕЖЕЛГІ ЗАМАНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН 
 
1.1 Қазақстан территориясындағы тас дәуірі 
Ежелгі адамдардың өмірін тұрақтар, үңгірлерді зерттеу негізінде ғылымда жүзеге асты, 
өйткені  онда  тастан  жасалған  еңбек  құралдары  мен  оларды  жасаудан  қалған  қалдықтар, 
тамақтың  қалдығы  –  хайуанаттардың  сүйегі  көптеп  табылған.  Дегенмен  де  ең  басты 
ақпаратты  алғашқы  қауымның  басты  жаппай  қолданылған  материалы  –  тастан  жасалған 
еңбек құралдары береді. Ең ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. 
Қазақстандағы  палеолитті  зерттеген  ғалымдар  қатарына  Ә.Х.  Марғұлан,  Х.А.  Алпысбаев,              
А.Г.  Медоев,  А.П.  Окладников,  М.Н.  Клапчук,  В.С.  Волошин,  Ж.Қ.  Таймағамбетов,  О.А. 
Артюхова,  Б.Ж.  Аубекеров  т.б.  жатады.  Олардың  еңбектерінде  ежелгі  адам  қоныстарының 
орналасуы,  тас  құралдары  генезисі  туралы  мәселені  жаңа  қырынан  қарастырылды.    Қазіргі 
таңда  Қазақстан    территориясында  450-ден  астам  палеолит  ескерткіштерінің  орны 
анықталған. Бір ғана Мұғалжар өңірінен 60 шақты  тас дәуірі ескерткіштері табылған.  
Тас дәуірі мынадай үш кезеңге бөлінеді: 
1. Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін).    
2. Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар). 
3. Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). 
Ежелгі  адам  өз  дамуында  бірнеше  кезеңнен  өтіп,  оның  негізінде  тас  өңдеу 
технологиясын  және  онымен  байланысты  еңбек  өнімділігін  нығайтты.  Ғылымда  ежелгі  тас 
ғасыры  үш  ұзақ  хронологиялық  кезеңге  жіктеледі:  ежелгі,  орта,  кейінгі  (жоғары)  палеолит. 
Классикалық  схема  бойынша  үш  дәуірге  бөлінеді:  шелльге  дейін,  шелль,  ашель;  орта 
палеолит  –    кейінгі  ашель  және  мустье;  кейінгі  палеолит  –  ориньяк,  солютр  және  мадлен. 
Соңғы  кезде  бұл  схемаға  кейбір  түзетулер  енгізілген.  Бірқатар  авторлар  палеолитті  екі 
кезеңге  –  ежелгі  және  кейінгі  деп  бөліп,  шекарасын  мустье  мен  кейінгі  палеолитті  алады. 
Африкада табылған жаңа материалдар негізінде ерте дошелльді қамтитын адамзат дамуының 
ежелгі кезеңін олдувай дәуірі деп атау ұсынылған. 
Төменгі  палеолиттің  дошелль  немесе  олдувай  мәдениеті  деп  аталатын  ежелгі  кезеңі 
шамамен 2,5 млн. жылдан 800 мың жылға созылды. Ежелгі палеолиттің келесі екі дәуірі   –  
шелль және ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Орта палеолит 
(кейінгі ашелль және мустье) ғалымдардың көпшілігі б.э.д. 140-40 мың жыл деп белгілейді. 
Кейінгі палеолит б.э.д. 40-10 мың жылға сай келеді. 
Тас дәуірі адамзат және оның шаруашылығының қалыптасуымен, өндіргіш күштерінің 
деңгейі  төмен  болуымен  сипатталады.  Адамдардың  өзара  қарым-қатынасы  ұжым 
мүшелерінің экономикалық теңдігіне негізделді. 
Палеолит  адамдарының  қоғамдық  ұйымы  дамудың  күрделі  де  ұзақ  жолын  өтті.  Оның 
алғашқы бастауында алғашқы адамдар табыны, яғни адамдар бірігіп өздерін қорғады, қарсы 
тұрды,  аң  аулады,  терімшілікпен  күн  көрді.  Алғашқы  адам  табыны  төменгі  палеолиттің 
доашель және ашель кезеңіне сай келеді. Ашельде біртіндеп алғашқы қауымның құрылуына 
алғы шарттар біртіндеп туындайды. Мустье дәуірінде отырықшылық, жынысы мен жасына 
қарай  табиғи  еңбек  бөлінісі  болып,  қауымның  алғашқы  түрлері  пайда  болады.  Кейінгі 
палеолиттегі адам ұжымы әлеуметтік  қатынас жағынан алғашқы рулық қауымның дамыған 
түрінің  қалыптасқан  жаңа  қырымен  сипатталады.  Осы  сапалы  секіріс  көптеген 
зерттеушілердің  пайымдауынша,  неандертальдің  қазіргі  адамның  физикалық  түріне  (Ноmo 
sapiens) айналуымен қатар келді. 
Еуразияның  орасан  зор  кеңістігінің  шөлінде,  жартылай  шөлінде  және  далаларында 
соңғы  15-20  жылда  тас  дәуірінің  көптеген  тұрақтары  табылып,  зерттелді.  Рельеф  пен 
ландшафтардың  әр  түрлілігі,  олардың  аридтік  зонада  орналасуы  ежелгі  гоминидтердің 
(латын  тілінде  Ноmo  –  адам)  ұқсастығына  да  ықпалын  тигізді.  Қазақстан  территориясында 
ежелгі  гоминидтердің  пайда  болуының  алғы  шарттарын  адамзат  тарихындағы  ең  маңызды 
кезең плиоценнің екінші жартысындағы геологиялық-географиялық жағдайдан іздеген жөн. 
Каспий  теңізі  жағалауында  және  Үстірт  жазығында  ерте  палеолиттен  неолитке  дейінгі 



 
эволюцияны көрсететін палеолит пен неолиттің тұрақтары көп. Каспий өңірі мен Үстірттің 
неолиті крем шикізатына негізделген. 
Тас  ғасырында  еңбек  құралын  жасаудың  негізгі  материалы  тас  болды.  Тас 
құралдарының  көпшілігі  Қаратау  жотасының  оңтүстік-батысындағы  Қоңырдек  ауылынан 
табылған. Бөріқазған мен Тәңірқазғандағы ашель тұрақтарына ғалымдар баса назар аударған. 
Бұл тұрақтардағы еңбек құралдарының таралуы шектеулі, басқа жақта ондай құралдар сирек 
кездеседі. 
Ашель ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылған. Құдайкөл тұрағы Сарыарқаның 
солтүстік-шығысында  орналасқан.  Құралдардың  ішінен  бифастарды  (тастың  екі  жоғары 
жағын  өңдеп  жасалған  қырғыштар)  бөліп  айтуға  болады,  өйткені  ол  аң  терілерін  және 
ағашты өңдеуге қолданылған. Сонымен қатар нуклеустер де пайдаланылды. 
Шығыс  Қазақстан  территориясындағы  ең  ежелгі  ескерткішке  Күршім  ауданындағы 
Көлтұтты өзені жағасындағы 1989 ж. табылған Қозыбай тұрағы жатады.  
Келесі  мустьер  кезеңінде  тас  өңдеудің  басқа  техникасы  пайда  болса  да,  өзен  жұмыр 
тасы  мәдениеті  қолданылды.  Мұндай ескерткіштер  Оңтүстік  және  Орталық  Қазақстанда  да 
көп.  Соның  бірі  1958  ж.  Х.А.  Алпысбаев  тапқан  көп  қабатты  тұрақ  ағартушы,  саяхатшы, 
этнограф, Қазақстан және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерттеуші  ғалым Ш.Ш. 
Уәлихановтың (1835-1865 жж.) атымен аталған. Бұл Қазақстан территориясындағы мустьер 
дәуірінің  адамы  мәдени-тұрмыстық  заттарын  қалай  қалдырды,  солай  сақтаған  бірден-бір 
тұрақ  болып  есептеледі.  Уәлиханов  тұрағының  палеолиті  Буденный  поселкесіндегі 
конгломераттардың  палеолиті  жатса  керек,  оны  А.Г.  Медоев  Арыстанды  мәдениеті  деп 
атаған. 
Мустьер дәуірінің жаңа ескерткіштері – Өгізтау І және ІІ, Үлкен Ақмая тұрақтары 1984 
ж.  Жезқазған  облысының  Ақадыр  ауданынан  табылды.  Тастан  жасалған  заттар  бұлақтан 
жоғары  жерлерден  табылған.  Бұл  жерлерде  шикізат  материалдары  мен  су  көздері 
болғандықтан адамдар өмір сүрген. 
Маңғышлақ  түбегінен  табылған  Батыс  Қазақстанның  палеолит  ескерткіштері  ерекше 
назар  аударады.  Мұндағы  барлық  тұрақтар  Каспий  теңізінің  террастарында  орналасқан. 
Өнежек  тұрағы  тобында  тұрақ  бар,  олар  бір  біріне  жақын  орналасқан,  тастан  жасалған 
құралдарында  айырмашыдықтары  бар.  Құралдардың  көлемі  мен  өңдеу  жағынан 
айырмашылықтарына  қарағанда  бұл  жерге  адамдар  палеолиттің  түрлі  кезеңінде  келгенін 
байқауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет