Буйраева Ж.Ө., Ахантаева Ә. Ж. ҚАзақстан тарихы


Патшалық  Ресейдің  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алуы



Pdf көрінісі
бет45/78
Дата31.12.2021
өлшемі1,51 Mb.
#107177
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78
Байланысты:
buiraeva zho akhantaeva zh kazakstan tarikhy

Патшалық  Ресейдің  Оңтүстік  Қазақстанды  жаулап  алуы. 
ХІХ  ғасырдың  20-
жылдары Ресей Орта жүз бен Кіші жүзде хандық билікті жойып, Ресейлік басқару  жүйесін 
енгізгенімен, Ұлы жүз мәселесіне әлі де көңіл бөле қоймаған болатын.  


89 
 
Ағылшын-орыс бақталастығында бұл үрдістердің белсенділігі арта түсті. Ресейдің Таяу 
Шығыстағы    жетістіктері  Англия  қарсылығының  күшеюіне  әкелді.  1841  жылы  Лондон 
конвенциясы Ресейдің Таяу Шығыс мәселесіндегі  ірі дипломатиялық жеңілісі болды. Орта 
Азия мен Қазақстан біртіндеп ағылшын-орыс бақталастығының негізгі аймақтарының біріне 
айналды. Қазақстанның стратегиялық аймақ ретінде Орта Азия хандықтары мен Ресей және 
Қытай  аралығында  орналасуын  патша  әкімшілігі  жақсы  түсінді.  Қазақстандағы  өз 
ұстанымын  нығайту  үшін  түрлі  шаралар  қарастыра  бастады.  Ресей  Сыртқы  Істер 
министрлігінің  Азия  департаментінің  ұсынысымен  ХІХ  ғ.  30-жылдары  Қоқан  хандығына 
Н.Г. Потанин, Бұхар әмірлігіне П.И. Демезон мен И.В. Виткевич, Е.П. Ковалевский, Хиуаға 
Г.И. Данилевский бастаған дипломатиялық миссиялар жіберді. Бұл сапарлардың барысында 
Ресей Хиуа және Бұхарамен орыс-азия сауда мәселелері бойынша бірқатар келісімдерге қол 
жеткізіп,  Орта  Азия  хандықтарының  ішкі  жағдайы  мен  Хиуа  хандағының  Сырдария 
бойындағы  қазақтарға  қатысты  саясаты  туралы  бірқатар  мәліметтер  алып  қайтты.  30-
жылдардың  аяғы  мен  40-жылдардың  басында  патша  үкіметі  хиуалықтардың  шекаралық 
аймақтардағы  күш  көрсету  және  тонаушылық  әрекеттерін  тоқтату,  хиуалықтардың 
қолындағы  орыс  тұтқындарын  босату,  Хиуаның  орыс-қазақ  қатынастарына  араласуын 
бейтараптандыру  үшін  Хиуаға  әскери  экспедиция  ұйымдастыру  туралы  декларациясын 
жариялады. Ресейдің мұндай ресми мәлімдеме жасауына Англияның Орта Шығыстағы саяси 
ықпалын нығайту қаупінің күшеюі себеп болды.  
1839  жылы  қараша  айының  ортасында  Орынбор  губернаторы    В.А.  Перовский  12 
зеңбірек,  4  мың  жаяу  әскер  және  10  мың  түйеге  артқан  жүгімен  Хиуаға  қарсы  жорығын 
бастады.  Қатты  суық  пен  боранның  салдарынан  Перовский  2  мың  түйесінен  айырылып, 
үлкен шығынмен Ембі бекінісіне дейін ғана жете алды. 1840 жылы 1 ақпанда тағы да 5 мың 
түйе азық-түлікпен басқа да құрал-жабдықтарын жоғалтып Ақбұлаққа жетті. Ақпан айының 
ортасында  Орынборға  кері  қайтты.  Бірақ,  жағдайдың  бұлай  шиеленісуіне  қарамастан  Хиуа 
жорықтың  қайталануынан  қауіптеніп  Ресейге  124  орыс  тұтқынын  қайтарды  және 
Петербургке елшілік жіберді.  
Орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға және Орта Азия хандықтарының 
шекарасына  орыс  әскерін  жақындату  мақсатында  Ресей  Сырдарияның  төменгі  ағысының 
бойына  әскери  бекіністер  сала  бастады.  1847  жылы  Райым  бекінісі,  1848  жылы  Қазалы 
форты  салынды.  Жаңа  бекіністердің  салынуы  орыс  әскерлеріне  біртіндеп  Сырдарияны 
бойлап жоғары жылжуға және қоқандықтардың ірі бекіністерінің бірі Ақмешітке жақындауға 
мүмкіндік  берді.  1848-1849  жылдары  А.И.  Бутаковтың  басшылығымен  келген  экспедиция 
Арал теңізін зерттеп, теңіздің картасын жасады. Арал теңізінде кеме айлағы ашылды. Оның 
болашақта  Орталық  Азия  және  Хорезммен  сауда  қарым-қатынасында,  әскери  мәселелерде 
маңызы зор болды.  
1851  ж.  патша  өкіметінің  әскері  Үшалматы  жерін  (Тойшыбек  бекінісін)  жаулап 
алғаннан  кейін,  ол  жерлерді  зерттеуге  кіріседі.  1853  ж.  пристав  қызыметіндегі  майор 
Перемышельскийдің басшылығымен әскери-барлау экспедициясы Қапал бекінісінен шығып, 
Іле  өңіріне  шығады.  Бекініс  салатын  орынды  белгілеп,  1854  ж.  Үшалматы  жерінде  патша 
өкіметінің  алғашқы  бекінісінің  іргетасы  қаланып,  оған  Верный  атауын  береді.  Кейіннен  ол 
Алатау  округының  резиденциясына  айналады.  Патша  өкіметі  Іле-Шу  өңірлерін  отарлау 
кезінде Верный бекінісі маңызды тірек болды.  
Ұзынағаш  шайқасынан  кейін  Іле  өңірі  толығымен  патша  өкіметінің  отар  аймағына 
айналады.  Ал  қоқандық  әскер  жағында  жүріп  Ұзынағаш  шайқасына  қатысқан  Дулат  пен 
Шапырашты  руларының  батыр-билері  болса  орыс  өкіметіне  бағынбай  Шу  өңіріндегі 
қоқандықтар жаққа қарай ауыл-аймағымен бірге көшіп кетеді. 
12  күндік  қоршаудан  кейін  1853  жылы  28  маусымда  орыс  әскерлері  Ақмешітті  басып 
алды. Осыдан кейін Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі құрылды. Оған Райым 
бекінісінен  Ақмешітке  дейінгі  аудандар  кірді  және  1864  жылы  Түркістанды  алғанға  дейін 
сақталып  тұрды.  Ресей    Қоқан  және  Хиуа  хандықтарына  саяси  қысым  көрсетуге  мүмкіндік 
алды.  ХІХ  ғасырдың  50-жылдары  Орталық  Азия  мен  Оңтүстік  Қазақстанның  Ресейдің 


90 
 
сыртқы саясатындағы маңызы арта түсті. 1854-1856 жж. Қырым соғысында Ресей жеңілуіне 
байланысты  батыстағы  рыногынан  айырылып,  енді  оған  шығыстан  жаңа  рынок  іздестіру 
қажет  болды.  1858  жылы  Орталық  Азия  аймағындағы  Хиуа  мен  Бұхараға  Н.  Игнатьев 
бастаған  дипломатиялық  елшілік,  Шығыс  Иранға  көпес  ретінде  Ч.Ч.  Ханыков  бастаған 
экспедиция жіберді. Бұл аймақтан алынған материалдар патша үкіметіне Оңтүстік Қазақстан 
мен Орталық Азия хандықтарындағы әскери қимылдарын ұлғайтпаса, ол аймақта Англияның 
мүддесінің  арта  түсетіндігіне  толық  көзі  жетті.  Өйткені,  Англияның  бұл  аймаққа  қатысты 
кең көлемде жаулап алу жоспары бар екені дәлелденген болатын. Англия мен Қоқанның бұл 
әрекеттері  Ресей  үкіметі  жағынан  қарсы  шаралар  қолдануды  талап  етті.  Ресей  бұл  аймаққа 
Орынбор  мен  Сібір  шебінен  екі  жақтап  тереңдей  ену  үшін  дайындала  бастады.  ХІХ 
ғасырдың  60-жылдары  Қазақстан  территориясында  Ресейдің  әскери  бекіністері  мен 
қамалдары, форпостары мен шептерінің саны арта түсті. Ақтау, Ұлытау, Қапал, Сергиополь, 
Верный, Қастек  және т.б. Ресейдің Қазақстандағы әскери тірек пункттері болды. 1856 жылы 
құрамына 213 мың адамнан тұратын Ұлы жүз қазақтары және 60 мың қырғыз кіретін Алатау 
округі  құрылды.  Ресей  әскерлерінің  оңтүстіктен  де  солтүстіктен  де  сәтті  жылжуына 
қоқандықтардың  саясатына  риза  болмаған  Әулиеата  мен  Шымкент  төңірегіндегі  Ұлы  жүз 
қазақтарының  1857-58  жылдарда  көтерілістер  жасап,  Ресей  жағына  өтуі  де  қолғабысын 
тигізді.  Патша  үкіметінің  ықпалды  ру  басыларына  қатысты  алдау-арбау,  шен-шекпен  беру, 
жоғары қызметтерге тағайындау сияқты жүргізген саясаты да біршама маңызды рөл атқарды. 
Мұндай  саясат  тек  қазақтарға  қатысты  ғана  емес,  Орталық  Азия  аймағындағы  басқа  да 
халықтарға қатысты жүргізілді.  
1860  жылы  орыс  әскерлерінің  қоқандықтарға  қарсы  белсенді  әскери  қимылдары 
басталды.  26  тамызда  Тоқмақ,  4  қыркүйекте  Пішпек  бекіністері  алынып,  24  қазанда 
Ұзынағаш  төңірегінде  болған  шайқаста  қоқандықтар  жеңіліс  тапты.  Орыс  пен  қоқан 
әскерінің    екі  жақты  қыспағы  мен  тәлкегіне  түскен  қазақтардың  жағдайы  өте  ауыр  болды. 
Жергілікті  халыққа  қатысты  екі  жақта  қатігездігімен  ерекшеленді.  Күш  көрсету,  тәлкек 
жасау мен қатыгездік туралы екі жақтың да әскери басшылары: “ауылдары өртеніп, малдары 
тартып  алынды,  оларға  берген  сабақты  ерекше  сезілетіндей  жасадық”  деп  жазды.  1861-63 
жылдары Ресей үкіметінде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия хандықтарын мақсатты түрде 
және тез арада иелену жөнінде пікір-таластар жүрді. Одан кейін Сырдария мен Сібір шебінің 
аралығына 4 экспедиция жіберілді. Олар бұл аудандарда қоқандықтардың күшті қарсылығын 
кездестірмеді. Жұмғол мен Құртқа бекіністері шайқассыз берілді, Созақ пен Шолаққорғанда 
қоқан билігіне қарсы көтерілістер бұрқ ете қалды. 1863 жылы Ресейдің Соғыс министрі Д.А. 
Милютин  ерекше  комитетке  Орта  Азия  хандықтарына  қатысты  белгіленген  іс-әрекеттері 
туралы  баяндама  жасап,  оны  мақұлдатып  алды.  1864  жылдың  басында    бір-біріне  қарсы 
тұрған  екі  жақта  әскери  қимылдарға  дайындала  бастады.  1864  жылдың  мамыр  айында 
Оңтүстік Қазақстандағы орыс әскерлерінің дайындығы негізінен аяқталды да полковник Н.А. 
Веревкин  бастаған  отряд Түркістанға қарай  қозғалды.  Веревкиннің  отрядында  1593 солдат, 
44 офицер, 18 зеңбірек және 150 ерікті қазақ болды. Верныйдан бір мезгілде құрамында 2571 
солдат,  68  офицер,  22  зеңбірек,    және  құрамында  сұлтан  поручик  Ш.Уәлиханов  басқарған 
1400  ерікті  қазақтар  бар  полковник  М.Г.Черняевтың  отряды  да  қозғалды.  4  шілдеде 
Черняевтың  отряды  Меркі,  6  шілдеде  Әулиеата  бекінісін  шайқассыз  алды.  Полковник 
Веревкиннің    отряды  Түркістан  қаласына  барар  жолда  қоқан  әскерлерінің  шабуылына 
ұшырады да бекіністі қоршауға  мәжбүр болды. 9 маусымда Түркістан орыстардың қолына 
өтті.  Әулиеата  мен  Түркістанды  тез  арада  алуда  әскери  операцияларға  басшылық 
жасағандары үшін Черняев пен Веревкиннің  әскери шендері жоғарылатылып, генерал-майор 
атақтарын алды. Жорықтарға қатысқан солдаттар «жоғары құрмет» және түрлі ордендермен 
марапатталды.  Жетістіктеріне  көңілдері  көтерілген  орыс  армиясы  алдын-ала  дайындықсыз 
1864 жылдың 22-23 шілдесінде Шымкентті алуға тырысты.  Бірақ бұл  уақытта қоқандықтар 
Шымкентке  едәуір  әскери  күштерін  тартып  үлгеріп,  орыс  әскеріне  қарсы  соққы  береді. 
Бекініс-қалаларға жақын орналасқан қазақ ауылдары екіге бөлініп, бірі орыстарға, екіншілері 
қоқандықтарға қолдау көрсетті.  


91 
 
Черняевтің алты жарым рота жаяу  әскермен бір жарым  жүздік казактардан  тұратын 
отряды  және Лерхенің  төрт рота жаяу әскер, бір казак  жүздігі мен  мың жарым  қазақтан 
тұратын  отряды Шымкент түбінде  бірігіп қалаға  шабуыл жасап, 1864 жылдың күзінде оны 
басып алды.  Түркістан мен Шымкентті  жаулап алғаннан кейін  Орынбор мен Сібір шептері  
жалғастырылды. 
1865  жылы  маусымда    бір  апта  қарсылықтан  кейін    орыс  әскерлері    Ташкентті  басып 
алды. 1866 жылдың жазында  патша ІІ Александр Ташкентті Ресейдің  құрамына қосу туралы  
жарлық  шығарды.  Бір  жылдан  кейін    1867  жылы  құрамына    қайта  құрылған    Жетісу  және 
Сырдария    облыстары  кіретін,  орталығы  Ташкент    қаласы  болған  Түркістан    генерал-
губернаторлығы  құрылғандығы туралы заң жарияланды.  
Ресейдің жалпы Оңтүстік Қазақстанды әскери жаулауы Ақмешіт, Түркістан, Әулиеата, 
Шымкент, Ташкент т.б.  бекіністердің қорғаушыларына деген ерекше қатыгездікпен жүзеге 
асырылды.  Орыс  әскерлері  мұсылмандардың  қасиетті  жерлерін  (Қожа  Ахмет  Яссауи,  т.б.) 
қорлап, оларды қиратты.  Ақмешітті 25 күн қатарынан  атқылап  талқандады, Түркістандағы 
Қожа  Ахмет  Яссауи  кесенесіне    зеңбіректің  12  снаряды  атылып,    оның  11-і    кесененің 
қабырғаларын ойып кетті. Шымкент қаласын қорғап,  қаза тапқандардың саны 3170-ке дейін 
жетті,    Сайрам  қаласы  жермен-жексен  етіліп  талқандалды.  Шоқан  Уәлиханов  өзінің 
діндестері мен руластарына  орыс әскерлерінің  көрсеткен тағылық әрекеттеріне байланысты 
одан әрі жорыққа қатысудан  бас тартуға мәжбүр болды.   
ХІХ  ғасырдың  60  жылдары  Оңтүстік  Қазақстанды    жаулап  алғаннан  кейін 
Қазақстанның  бүкіл  территориясы    ұзақ  уақытқа    Ресейдің  отарына  айналды.  1867-68 
жылдары  Түркістан  және  Далалық  өлкені    басқару  туралы  “Уақытша  Ереженің” 
қабылдануымен    Орта  Азия  және  Қазақстан    Ресей  империясының    отары  ретінде  
заңдастырылды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет